Мықты қорғаныс жүйелерін жұмылдыру және оларды дамуына септесу – ата-ана мен бала қарым-қатынасына баға беру және олардың өзара берік бауыр басуына демеу болу; балаға өзін- өзі қадағалауға – мінез-құлқын және эмоцияларын басқаруға мүмкіндік беретін пайдалы тәрбиелеу дағдыларын дамытуға септесу (сондай-ақ, бауыр басу туралы модульді қараңыз). Сонымен бірге, сізге отбасының өз активтерін немесе мықты тұстарын түсінуге көмектесу
міндеті артылған. Сіз осы міндетті орындауға ата-аналардан ұмтылыстары туралы сұрап және олардың ең жақын қарым-қатынастары шеңберінде не бар екенін көріп, кірісе аласыз. Эко- карта жасау маңызды қарым-қатынастарды және қорғаныс жүйелерін түсіну үшін пайдалы болуы мүмкін. Бұл құрал осы тараудың алдағы тұстарында талқыланатын болады.
ӘРЕКЕТТЕР ЖӘНЕ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ
Сіз патронаж қызметкері болғандықтан, отбасыларға барғанда бетпе-бет келуге тура келетін жағдайларға қатысты, мысалы, жоқшылық, қатыгездік, тұрмыстық зорлық-зомбылық, нашақорлық, маскүнемдік,
депрессия, төмен сауаттылық, босанудан кейінгі ауыр стресс, ер азаматтың тастап кету және т.б. қатысты тікелей өмірлік тәжірибеңіз болмауы мүмкін. Сондықтан, сіз және әріптестеріңіз үнемі рефлексиямен айналысып, үйге барып қарау шараларына талдау жасап, сезімдеріңізді жне ойларыңызды адал мойындау маңызды. Ал кейін сезімдеріңізді нақты деректерден ажырату керек. Бұл жұмысыңыздың кәсіби болып қалуы үшін маңызды, яғни, кемсітуші әрекеттерге және
отбасыларда байқалатын ұрымталдықты күшейтуге алып келуі мүмкін әділетсіз пайымдама жасаудан аулақ болуыңыз қажет.
Жақында өткен үйге барып қарау шарасы туралы ойланамыз Рефлексия журналына қайта оралу уақыты келді
Жақында үйіне барған отбасы туралы ойланыңыз, күнделігіңізге келесі сұрақтардың жауабын жазыңыз:
Осы отбасының өмір сүру жағдайына және балаларын тәрбиелеу әдістеріне қатысты не ойлайсыз және жеке сезімдеріңіз қандай?
Осы отбасының өмірі туралы «деректер» қандай?
Сіз отбасымен өзара жақсы әрекеттестік орната алдыңыз деп ойлайсыз ба?
Ол неліктен жақсы немесе нашар болғанын айтыңыз.
Осы отбасымен келесі рет байланысқа түскенде, нені басқаша жасар едіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |