Page 35
Ф-ОБ-001/033
36
o басқару процестерін модельдеу әдістері;
o басқарудың типтік есептері;
o математикалық программалау, математикалық статистика, жаппай
қызмет ету теориялары және т.б. әдістер.
Программалық қамтамасыз ету құрамына
жүйелік және арнайы
программалық өнімдер, сонымен қатар техникалық құжатнама кіреді.
Жүйелік программалық қамтамасыз етуге тұтынушыларға негізделген
және ақпаратты өңдеудің типтік есептерін шешуге арналған программалар
комплексі қарайды. Арнайы программалық өнімдерді қамтамасыз ету нақты
ақпараттық жүйе құру кезінде жасалған программалар жиынтығын көрсетеді.
Оның құрамына әр түрлі деңгейдегі модельдерді құруды жетілдіретін
қолданбалы программалар пакеті (ҚПП) кіреді.
Өндірістік қамтамасыз ету
Өндірістік қамтамасыз ету – жұмысшылардың техникалық әдістерімен іс-
әрекеті және өзара ақпараттық жүйені құру мен эксплуатациялау процесіндегі
әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Құқықтық қамтамасыз ету
Құқықтық қамтамасыз ету – ақпаратты алу, жаңарту және пайдалану
ретінде ақпараттық жүйелерді құруды, функционалдау мен заңгерлік мәртебені
анықтайтын құқықтық ережелер жиынтығы.
Құқықтық қамтамасыз етудің басты мақсаты заңдылықты нығайту болып
табылады.
Құқықтық қамтамасыз ету құрамына заңдар, нұсқаулар, мемлекеттік
билік органдарының қаулылары, бұйрықтар, инструкциялар мен министрліктің
басқа нормативті құжаттары, ведомосттар, өндірістер, жергілікті билік
органдары кіреді.
Ақпараттық жүйелерді есептің құрылымдануына қарай классификациялау
Есептердің құрылымдану түсінігі
Ақпараттық жүйелерді құру немесе классификациялау кезінде шешілетін
есептердің формальды – математикалық және алгоритмдік суреттелуімен
байланысқан мәселелер туындайды. Ақпараттық жүйе құруға арналған үш
түрлі есепті бөліп қарауға болады: құрылымдық, құрылымдық емес және
жартылай құрылымдық.
Құрылымдық есеп – оның барлық элементтері мен олардың арасындағы
байланысы белгілі есеп.
Құрылымдық емес есеп – онда элементтерді бөлуге және олардың
арасында байланыс құруға мүмкін беретін есеп.
Құрылымдық есепте шешімнің нақты алгоритмі бар математикалық модель
формасында оның мазмұнын көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |