Page 34
Ф-ОБ-001/033
35
классификацияның құрылымдық белгісі туралы айтылады, ал подсистеманы
қамтамасыз етуші деп атайды. Сондықтан, кез келген ақпараттық жүйенің
құрылымы 2-суреттегі қамтамасыз етілетін подсистема жиынтығы ретінде
көрсетілуі мүмкін.
Сурет 2.4 Ақпараттық жүйе құрылымын қамтамасыз ететін подсистема
жиынтығы
Қамтамасыз ететін подсистема ішінде
ақпараттық, техникалық,
математикалық, программалық, өндірістік және құқықтық қамтамасыз ету
бойынша бөліп қарастыруға болады.
Ақпараттық қамтамасыз ету
Ақпараттық қамтамасыз ету подсистемасының міндеті шешімдер қабылдау
үшін нақты ақпаратты беруден тұрады.
Ақпараттық
қамтамасыз ету – ақпараттық топтар схемасының,
құжаттардың бірыңғайлы жүйесінің, ақпаратты кодтау және классификация
жүйесінің жиынтығы, сонымен қатар мәліметтер қорын құру әдістемесі.
Техникалық қамтамасыз ету
Техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйелердің жұмысына
арналған, сонымен қатар осы әдістер мен технологиялық процестерге сәйкес
келетін құжаттардың техникалық әдістерінің комплексі.
Техникалық әдістер комплексі мыналарды құрайды:
o кез келген модельді компьютерлер;
o ақпаратты жинау, өңдеу, беру және шығару құрылғылары;
o мәліметтерді беру және байланыс линия құрылғылары;
o өндірістік техника және ақпараттың автоматты түрде алынатын
құрылғылары ;
o эксплуатациялық материалдар және т.б.
Математикалық және программалық қамтамасыз ету
Математикалық және программалық қамтамасыз ету – ақпараттық
жүйелердің есептері, сонымен қатар техникалық әдістердің комплексін
бірқалыпты функционалдауға арналған математикалық әдістер, модельдер,
алгоритмдер мен программалар жиынтығы.
Математикалық қамтамасыз ету әдістеріне мыналар жатады:
Техникалық
қамтамасыз ету
Математикалық
қамтамасыз ету
Программалық
қамтамасыз ету
Ақпараттық
қамтамасыз ету
Өндірістік
қамтамасыз ету
Құқықтық
қамтамасыз ету
Ақпараттық
жүйе
Достарыңызбен бөлісу: |