Анықтамалық ақпараттық жүйесін құру


Page 42 Ф-ОБ-001/033



бет41/84
Дата02.12.2022
өлшемі192.89 Kb.
#466270
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84
туризм диплом

Page 42


Ф-ОБ-001/033
43
ұйымдастырумен жабдықтау;
лингвистикалық жабдықтау;
құқықтық жабдықтау;
эргономикалық жабдықтау.
Жабдықтау бөліміңдегі ішкі жүйелер әрқайсысы өз алдына бөлек тақырып
болатындықтан, олар туралы тереңірек мағлұмат басқа пәндерде
қарастырылады. Дегенмен, жабдықтаушы бөлімдегі ішкі жүйелердің
қысқаша сипатын төмендегідей қарастыруға болады:
ақпараттық жабдықтаудың негізгі міндеті — басқарылатын объектіні
cипаттайтын динамикалық ақпаратты тұрғызып, ұдайы жаңартып отыру;
техникалық жабдықтау — ақпарат жүйесінің атқарымдық және
жабдықтаушы бөлімдеріндегі ішкі жүйелерін қамти отырып, оларды
жұмыс істетумен қамтамасыз ететін барлық техникалық жабдықтар
жиынтығын құрайды;
математикалық жабдықтау деп — жүйедегі есептерді шешіп, ақпаратты
өндеуде қолданылатын математикалық әдістер мен үлгілер, тәсілдер
қарастырылады;
бағдарламалық жабдықтау — есептеу техникасын қолдау арқылы ақпарат
жүйесіндегі мақсаттар мен есептерді жүзеге асыруды қолдайтын
бағдарламалар жиыны;
ұйымдастырумен жабдықтау — ақпарат жүйесін жобалау (тұрғызу) мен
жұмыс істетуге арналған әдістер мен жабдықтардың, шаралардың
жиынтығы;
лингвистикалық жабдықтау — есептеу техникасы арқылы ақпаратты
өндеу тиімділігін көтеру мен адам және компьютер арасындағы
қатынасты жеңілдету мақсатында мәтіндерді сығу және жаю әдістерін,
кәдімгі тілді қалыптастыру ережелері мен тілдік жабдықтардың бірігуін
бейнелейді;
құқықтық жабдықтау - ақпарат жүйесінің тұрғызылуы мен қызметін және
ұйымдастырылуын реттейтін сұрақтар мен нормативтік актілерді,
сондай-ақ жүйеге қатысты мамандардың құқықтары мен міндеттерінің
және жауапкершіліктерінің бірігуін сипаттайды;
эргономикалық жабдықтау — ақпарат жүйесіндегі адам қызметінің
тиімділігін қолдап, көтермелейтін әдістер мен жабдықтардың бірігуі.
Ақпарат жүйесін жүйелік тұрғыда жобалау
Басқару жүйесі қашанда дамып отыратын жүйе болғандықтан оған сәйкес
ақпарат жүйесі де дамып жетілдіріліп отыруы тиіс.
Жүйенің даму барысы зерттеу, талдау, жобалау, қолдануға ендіру және
қолдау сатыларынан тұрады. Бүл сатылар кейде, яғни прототипті әдіс
қолданылғанда, бір уақытта қатар жүргізілуі де мүмкін.
Бұл сатылардың әрқайсысы өнделу нәтижесінде мақсаттық өнімді
қалыптастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет