Анықтамалық-КӨрсеткіш қарағанды 2022 мазмұНЫ


АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІГІ



бет30/35
Дата18.11.2022
өлшемі3.95 Mb.
#465148
түріАнықтамалық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
АНЫҚТАМАЛЫҚ-КӨРСЕТКІШ

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІГІ



  1. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру Болон декларациясының негiзгi қағидаларына сәйкес келедi.

  2. Білім алушы өз бетінше білім беру бағдарламасын игеру үшін серіктес жоғары оқу орнын (мемлекет ішіндегі немесе шетелдегі) таңдауға, оқу пәндерінің тізімін анықтауға және бағдарлама үйлестірушісіне өтініш беруге құқықты.

  3. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру бір академиялық кезең болып табылады. Мерзiмдi ұзарту кафедра меңгерушiсiнiң дәлелді ұсыныс хаты негiзінде жүргізіледі.

  4. Академиялық ұтқырлықты қаржыландыру төмендегілер есебінен жүзеге асырыла алады:

  • республикалық бюджет қаражатынан;

  • ҚарУ бюджеттен тыс қаражатынан;

  • ұлттық компаниялар, әлеуметтiк серіктестер, халықаралық қорлар гранты;

  • қабылдаушы тараптың қаражатынан, оның ішінде халықаралық ұйымдары және қорлардың гранты;

  • академиялық ұтқырлыққа қатысушылардың өз қаражатынан.

  1. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыруға шетелдік (қазақстандық) университеттен немесе ғылыми орталықтан ресми шақыру немесеғылыми орталықтың және конкурстық іріктеу қорытындысы негіз болады.

  2. Жеке білім траекториясын, академиялық немесе зерттеу бағдарламасын жоспарлаған білім алушы, оқытушы және қызметкер ресми шақырту алған жағдайда кафедра басшылығымен келісіп, рұқсат етілген жағдайда университет ректорының атына өтініш жазуы керек.

  3. Өтiнiште негіздеме, бару мақсаты, бару орны, іссапар мерзімі (бағыты), үміткердің тегі, аты, әкесінің аты, оның лауазымы және көлікке, тұруға кететін (үй жалдау) және тәуліктік шығындары көрсетіледі. Өтініш-негіздемеге сапардың қаржылық жағдайын анықтайтын іссапардың мақсатқа лайықтылығын растайтын шақырту қағазы және басқа құжаттар қоса беріледі(www.ksu.kz).

  4. Конкурстық іріктеуге жоғарғы академиялық көрсеткіш және шет тілін еркін меңгеруі негізгі критерий болып табылады.

  5. ЕСТS бағдарламасының жоғары оқу орнындағы үйлестірушісі білім алушы, жіберуші және қабылдаушы оқу орны арасында үш жақты келісім шартынжәне оқу келісімін жасайды.

  6. Егер білім алушы ұлттық компания және әлеуметтік серіктес қаражатына жіберілсе, онда келісімшарт жасалады.

  7. Білім алушының жеке академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру үшін университеттің бюджеттен тыс қаражаты есебінен іссапары туралы шешімді ҚарУ ректоры қабылдайды.

  8. Академиялық ұтқырлықты ұйымдастыруда келесi негізгі құжаттар қолданылады:

  • білім алушының өтiнiші;

  • ұтқырлық бағдарламалары бойынша білім алу туралы келісім;

  • білімі туралы транскрипт;

  • тілдік сертификат;

  • ақпараттық пакет (курстар каталогы).

Қажетті құжаттар бойынша толық мәліметпен www.ksu.kz. сайтынан танысуға болады.

  1. Білім алушы іссапардан қайтып келген соң тапсырманы орындағаны туралы есеп және және аванстық есеп беру қажет.

  2. Іссапар қорытындылары бойынша білім алушы қабылдаушы жоғары оқу орнының транскриптін ұсынуы қажет.

  3. Жоғары оқу орнының үйлестірушісі ECTS кредиттерін ҚР кредиттеріне қайта есептеу тетіктері арқылы білім алушының кредиттерін есептеп, оның академиялық тарихына жазады, сонымен қатар бұл мәліметтер білім алушы оқу орнын аяқтағанда оның транскриптіне де жазылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет