Анықтамалық-КӨрсеткіш қарағанды 2022 мазмұНЫ


СТУДЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТТЕРІ



бет12/35
Дата18.11.2022
өлшемі3.95 Mb.
#465148
түріАнықтамалық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
АНЫҚТАМАЛЫҚ-КӨРСЕТКІШ

СТУДЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТТЕРІ


Студенттерге қолдау көрсету қызметтері (бас оқу ғимаратында орналасқан, жұмыс тәртібі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін):
Оқу-әдістемелік басқарма (ОӘБ): 219 кабинет, телефоны 8(7212)35-64-34, е-mail: umu.kargu@ksu.kz. ОӘБ университеттің оқу үдерісін жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды, оқытудың инновациялық технологияларын енгізуді жүзеге асырады.
Университеттің офис регистраторы: 214 кабинет, телефоны 8(7212)35-65-24, е-mail: ied@ksu.kz, idl@ksu.kz.Білім алушылардың барлық білім алу кезеңіндегі оқу жетістіктерінің тарихын тіркеуді жүзеге асырады. Оқу үдерісін кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша іске асырады.
Қашықтықтан білім беру орталығы: №212 кабинет, телефоны: 8(7212)35-65-24, е-mail: ied@ksu.kz, idl@ksu.kz. Қашықтықтан білім беру орталығы университетте қашықтықтан білім беруді қамтамасыз ету бойынша әдістемелік құралдар мен ұсыныстарды әзірлеуді және материалдарды басып шығаруды қоса алғанда, оқу, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстарын жүзеге асырады.
Студенттермен жұмыс жасау қызметі: 215, 217 кабинет, телефоны 8(7212)35-64-76, е-mail: stdep@ksu.kz. Студенттер контингентінің қозғалысын есепке алады және бақылайды (ауысулар мен қайта қабылдау). Бөлім қажеттілігіне қарай академиялық анықтама, дипломдардың, аттестаттардың, сертификаттардың мемлекеттік білім грантын беру жөніндегі куәліктердің, анықтамалардың көшірмелерін, дипломдардың, сынақ кітапшаларының, студенттік билеттердің төлқұжаттарын береді, сұрау бойынша студенттердің жеке істерін жібереді.
Қызметкерлерге және білім алушыларға қызмет көрсету орталығы (ҚБАҚКО): телефон 8(7212) 79-39-96. ҚБАҚКО білім алушылармен қызметкерлеріне анықтамалар алу және ҚарМУ қызмет мәселелері бойынша консультация береді және көмек көрсетеді (транскрипт, анықтамалар, білім алушының жоғары оқу орнында оқу фактісін растайтын анықтамалар, соның ішінде ЗТМО үшін анықтама, әскери комиссариатқа анықтама, Елшілікке анықтамалар, стипендиялар туралы туралы анықтама алу, оқу құны туралы анықтамалар). Мемлекеттік қызметтерді (университет көрсететін), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Электрондық үкімет порталы (e.gov.kz) арқылы көрсетілетін қызметтерді сүйемелдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет