Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет80/126
Дата24.04.2016
өлшемі2.72 Mb.
#79035
түріАнықтамалық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   126

Техник-конструктор

Лауазымдық міндеттері. Жеке және ұсақ сериялы өндірісті орташа күрделі өнімдер мен жәй ірі сериялы және жалпы өндірістік өнімдерге квалификациясы жоғарылау маманның басшылығымен конструкциялар жасайды, жасалынған конструкциялардың техникалық тапсырмаларға, стандарттарға, еңбекті қорғау нормаларына, жобалау кезіндегі еңбекті тиімді ұйымдастыру талаптарына, өндірістің тиімділеу технологияларына сәйкестілігін, сонымен қатар стандартизацияланған және біріздендірілген бөлшектер мен жинақтау бірліктерін пайдалануды қамтамасыздандырады. Жобаланған және конструкторлық жұмыс құжаттарын жасауға, патенттік зерттеулер өткізуге және техника мен технологияның жобаландырылған объектілерінің техникалық дәрежесінің көрсеткіштерін анықтауға қатысады. Конструкциялардың жалпы түрлерінің сызбаларының, жинақтау бірліктері мен бөлшектерінің, механизм схемаларының, эскиздік құжаттар немесе нәрселер бойынша габаритті және монтажды сызбалардың қажетті өзгертулерін шығарады, сонымен қатар басқа да конструкторлық құжаттар жасайды. Жұмыс жобаларын тексереді және сызбаларға бақылау жүргізеді, калькаларды оригиналдармен салыстырады. Жинақтау бірліктерінің эскиздерін және масштабын өзгерте отырып, қажетті параметрлерін анықтай отырып, заттардың бөлшек эскиздерін жасайды, жинақтау сызбаларының деталировкаларын, типті есептеулерге, бағдармалар мен әдістемелерге сәйкес техникалық есептеулер мен экономикалық тиімділік есептеулерін жасайды. Бағдарламалар жасауға, конструкцияланған өнімдерді сынақтан өткізгенде басқа да техникалық құжаттардың әдістерін жасауға қатысады. Жобалау үшін пайдалану мақсатында басқа мекемелерден келген конструкторлық құжаттарды оқып үйренеді. Конструкторлық құжаттарға өзгерістер енгізеді және өзгерістер туралы хабарламалар жасайды. Өнімдердің, тораптардың, жүйелер мен мекеме шығарған өнімдердің жаңа және модернизациялы конструкциялар детальдарының тәжірибелі үлгілерін сынақтан өткізуге, сынақ қорытындыларын құжаттандыруға, сонымен қатар конструкцияланған өнімдерді жетілдіру, модернизациялау және унификациялау жұмыстарына қатысады.

Білуге тиіс: Өндірістің конструкторлық дайындығының жүйесі; стандарттар; техникалық шарттар; жасалынған техникалық құжаттарға нормативтік, методикалық және басқа басшылық материалдар, оларды құжаттандыру реті; конструкциялау негіздері; сызбалы-конструкторлық жұмыстардың орындалу құралдары мен әдістері; өндіріс технологиясының негіздері; жасалынған конструкцияларға қойылатын техникалық талаптар, олардың жұмыс істеу қағидаттары, монтаж жағдайы мен техникалық пайдалану; конструкцияланған өнімдерде пайдаланылған материалдардың сипаттамасы және олардың қасиеті; конструкциялау кезіндегі еңбекті ұйымдастыруға қойылатын талаптар; техникалық эстетика негіздері; техникалық есептеулер, есептеуіш және графикалық жұмыстардың орындалу құралдары мен әдістері; экономика, еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдылықтары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

I санатты техник-конструктор: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және ІІ санатты техник лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

II санатты техник-конструктор: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және санатсыз техник лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Техник-конструктор: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды.


Техник-лаборант

Лауазымдық міндеттері. Стандарттар мен техникалық шарттар талаптарына сәйкес материалдардың химиялық құрамы мен негізгі қасиеттерін анықтау бойынша, квалификациясы жоғарылау маманның басшылығымен анализдер жасайды және сынақтардан өткізеді. Анализдер мен сынақтар өткізу үшін технологиялық үлгілерді қабылдайды. Анализдер мен сынақтардың қорытындыларын құжаттандырады, олардың есебін жүргізеді, лаборатория орындаған жұмыстар бойынша техникалық құжаттар жасайды. Анализдер мен сынақтардың қорытындылары туралы мекеме құрылымдарына уақытында қабар береді. Ерекше күрделі лабораториялық жұмыстарды өткізу бойынша қосымша және дайындалған операцияларды жүргізеді. Химиялық анализдердің, механикалық сынақтардың, технологиялық үлгілерді алудың, металлографиялық зерттеулердің жаңа тәсілдерін жасауға қатысады. Құрылымдардың, приборлардың, инструменттердің және басқа лабораториялық жабдықтардың жұмыс істеуін қадағалайды, оларға жай реттеу жұмыстарын жүргізеді және алынған анализдер мен сынақтардың қорытындыларына сәйкес техникалық құжаттарға қажетті өзгертулер кіргізеді.

Білуге тиіс: зертханалық анализдер мен сынақтар өткізу құжаттары, стандарттар, ережелер және басқа басқарушы материалдар; негізгі технологиялық процесстер мен өндіріс тәртібі; зертхана жабдықтары мен оларды пайдалану ережелері; өткізілген анализдер мен сынақтарға техникалық құжаттар жасау ережелері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; экономика, енбекті ғылыми ұйымдастыру, өндірісті ұйымдастыру негіздері; ішкі еңбек тәртібінің ережелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

I санатты техник-лаборант: тиісті мамандық бойынша жоғары білімі, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби білімі (орта арнайы, орта кәсіби) мен ІІ санатты техник-лаборант лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс;

II санатты техник-лаборант: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби білімі (орта арнайы, орта кәсіби) мен санатсыз техник-лаборант лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс;

Техник-лаборант: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби білімі (орта арнайы, орта кәсіби), жұмыс стажына талаптар қойылмайды.


Құрылыстарды және имараттарды инвентаризациялау технигі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет