Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет105/126
Дата24.04.2016
өлшемі2.72 Mb.
#79035
түріАнықтамалық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   126

Ғылыми хатшы



Лауазымдық міндеттері. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің жинақ, перспективалық және жылдық жоспарлары бойынша ұсыныстар дайындауды басқарады, сонымен қоса ұйымның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ оларды бірлесіп жүргізген кезде басқа да ұйымдар орындайтын ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық жоспарларын үйлестіруді жүзеге асырады. Белгіленген тақырыптық жоспарларды уақытында және сапалы орындалуын бақылауды ұйымдастырады, ұйымның жұмысы туралы жинақ есептіліктерді дайындайды. Ұйым жұмысының негізгі бағыттарын әзірлеу кезінде үйлестіруді, оның қызметінің тиімділігін арттырудың жоспарлары мен бағдарламаларын, еңбекті ұйымдастыру мен басқаруды жақсартуды қамтамасыз етеді. Ғылыми және ғылыми-техникалық (техникалық) кеңестің жұмыс жоспарларының жобаларын дайындайды, олардың орындалуы мен кеңес қабылдаған шешімді жүзеге асыруды бақылайды. Диссертация қорғау мен ғылыми дәреже беруге байланысты материалдарды қарайды. Ғылыми еңбектерді басудың жоспарына ұсыныстар дайындайды, олардың рецензиялануын, сонымен қатар ғылыми конференциялар, мәжілістер, семинарлар мен пікір таластыруларды жүргізуді қамтамасыз етеді. Қызметкерлерге аттестациялау жүргізуді, олардың жұмыстарын бағалаудың өлшемдері мен әдістерін әзірлеуді жүзеге асырады. Ұйым бөлімшелерінің ғылыми-көмекшілік қызметін үйлестіреді. Ғылыми кадрларды дайындау мен біліктіліктерін арттыру, ғылыми қызметкерлердің тағылымдамалары бойынша ұсыныстар дайындайды.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, білімнің, ғылым мен техниканың тиісті салаларындағы ғылыми проблемалар, ұйым қызметінің бейіні бойынша экономикалық қызмет түрінің даму бағыттары, жоғары тұрған органдардың басшылық материалдары, білімнің тиісті саласындағы отандық және шетелдік жетістіктер; ұйымның, жоспарлау мен қаржыландырудың белгіленген тәртібі, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу мен енгізу, олардың патенттік-ақпараттық қамтамасыз етілуі; авторлық құқық пен патенттерді қорғау жөніндегі қолданыстағы ұсыныстар; кадрларды дайындау және біліктіліктерін арттыру; ғылыми қызметкерлердің конкурстары мен аттестациялауының жүргізу тәртібі; басқа ұйымдармен жұмысты бірлесіп орындаған кезде шарт қатынастарын ресімдеудің құқықтық мәселелері; қызметкерлер еңбектерін ұйымдастыру мен ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді басқару; іс жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі басшылық материалдар; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбекті қорғаудың ережесі мен нормалары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Доктордың немесе ғылым кандидатының ғылыми дәрежесі. Ғылыми еңбегінің болуы. Ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыстардағы тәжірибесі 5 жылдан кем емес. Ғылыми хатшының лауазымына ғылыми дәрежесі жоқ, білімнің тиісті саласындағы біліктілігі жоғары, аталған жұмыс тәжірибесіне ие мамандар 3 жылға дейінгі мерзімге тағайындалуы мүмкін.


Институттың ғылыми-зерттеу бөлімінің (бөлімше, зертхана) меңгерушісі (бастығы)



Лауазымдық міндеттері. Институттың тақырыптық жоспарында бөлімшелер үшін көзделген ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауды жүзеге асырады және білімнің тиісті саласы бойынша олардың даму келешегін анықтайды, зерттеулер мен әзірлемелер жүргізудің әдістері мен құралдарын, бөлімше алдына қойылған ғылыми және тақырыптық тапсырмаларды шешудің жолдарын таңдайды. Бөлімшенің келешектегі және жылдық жоспарлары жобаларын дайындап институт басшылығына ұсынады. Техникалық тапсырмаларды, методикалық және жұмыс бағдарламаларын, техникалық-экономикалық негіздемелерді, экономикалық қызметтің тиісті түрінің дамуының болжамы мен ұсыныстарын, басқа да жоспарлы құжаттар мен методикалық материалдарды әзірлеуді басқарады. Жоспарлы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қоса ізденушілерін анықтайды. Әртүрлі тұжырымдамалардың, бағдарламалардың, заңдардың, әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүйелік-ғылыми негізін, өңірлерді дамытудың кешенді бағдарламаларын, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің дамуы үшін нормативтік-құқықтық базаны, интеллектуалдық меншік нарығы мен өзінің зерттеулері бағыттарының аясында тиісті инфрақұрылымды әзірлеуге қатысады. Бірлескен зерттеулерді жүргізу, қосымша қаржыландыруды тарту үшін отандық және шетелдік серіктестерді іздеу бойынша бастамаларды қабылдайды, конкурстар мен жоба тендерлеріне қатысу үшін жобалық ұсыныстарды әзірлейді. Ғылыми-техникалық жетістіктер мен идеялары нарығында маркетингілік зерттеулерді жүргізеді және авторлық құқықты, жаңа технологиялар мен жобаларды және басқа зияткерлік меншікті құқықты қорғау мәселелерін зерттеп және уақытында шешу бойынша өз идеяларын және мүдделі тұтынушылар жетістіктерін сату жөнінде іс-шаралар қабылдайды. Бөлімшенің тақырыптық жоспарларында көзделген проблемалар бойынша ғылыми басшылықты жүзеге асырады, олардың соңғы қорытындылары мен жорамалданатын нәтижені жасайды және тікелей маңызды жұмыстарды жүргізуге қатысады. Жоспарда көзделген тапсырмалардың, шарт міндеттемелерінің орындалуын, сонымен қатар бөлімше мен қоса орындаушылардың мамандары орындаған жұмыстың сапасын бақылайды. Бұл жағдайда нормативтік талаптарды, жинақтылық пен құжаттың сапалы орындалуын, оны келісудің белгіленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Бөлімшемен орындалған жұмыстар туралы ғылыми есептерді бекітеді және институттың ғылыми кеңесіне (ғылыми-техникалық) қарауға ұсынады. Зерттеулердің, авторлық қадағалау мен оларды енгізу кезінде техникалық көмек көрсетудің нәтижелерін тәжірибелік қолдануды қамтамасыз етеді. Бөлімшенің жұмысты жүргізу үшін қажетті жабдыққа, материалдар мен басқа да ресурстарға қажеттілігін белгілейді және бөлімшенің осы ресурстармен қамтамасыз етілуі, жабдықтың, аппаратураның және аспаптардың сақталуы, олардың тиімді қолданылуы жөніндегі шараларды қабылдайды. Ғылыми және техникалық жетістіктерді патенттеу мен лицензиялау, өнертабыстар мен ұтымды ұсыныстарды тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Бөлімше жұмысының тиімділігін арттыруды, жұмысшыларды тиімді орналастыруды қамтамасыз етеді, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру жөніндегі шараларды қабылдайды. Жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін, еңбек ережелері мен нормаларының сақталуын бақылайды. Кадрларды іріктеуге қатысады, оларды аттестациялау мен қызметтерін бағалау, біліктіліктерін арттыру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. Бөлімшенің құрамына кіретін секторлардың (зертхана) қызметінің бағыттарын анықтайды, олардың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, білімнің, ғылым мен техниканың тиісті салаларындағы ғылыми проблемалар, ұйым қызметінің профилі бойынша экономикалық қызмет түрінің даму бағыттары, жоғары тұрған органдардың басшылық материалдары, білімнің тиісті саласындағы отандық және шетелдік жетістіктер; ұйымның, жоспарлау мен қаржыландырудың белгіленген тәртібі, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу мен енгізу; басқа ұйымдармен бірге жұмыстар орындаған кезде шарт жасасу мен орындау тәртібі; маркетинг; бөлімшенің ғылыми жабдығы, оны пайдаланудың ережелері; өнертабыстар мен ашылуларға өтінім құрастыру тәртібі, ғылыми-техникалық құжаттамалар мен аспаптар, материалдар, басқа да ғылыми жабдықты сатып алуға өтінім ресімдеу; ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді басқарудың жүйесі; кадрларды даярлау мен біліктіліктерін көтеру бойынша қолданыстағы ереже; іс жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі басшылық материалдар; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Доктордың немесе ғылым кандидатының ғылыми дәрежесі. Ғылыми еңбегінің болуы. Ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыстарда тәжірибесі кемінде 5 жыл болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет