Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет15/126
Дата24.04.2016
өлшемі2.72 Mb.
#79035
түріАнықтамалық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   126

Жатақхана меңгерушісі

Лауазымдық міндеттері. Жатақхананың қызмет көрсетуші мамандарының жұмысын басқарады. Жатақханаға келгендердің орналасуын жүзеге асырады, жатақханаға орналасқан және шығып кеткен азаматтардың уақытылы және дұрыс тіркелуін қадағалайды. Бөлмелерді жиыстыруды ұйымдастырады және ұйықтайтын бөлмелерде және ортақ пайдалану орындарында тазалықтың сақталуын қадағалайды. Жатақхана электр желісінің, байланыстың, су құбырының, канализацияның және жабдықтың дұрыс жұмысын қадағалайды. Мүліктің және басқа да қажетті мүліктің берілуі мен қабылдауын қамтамасыз етеді. Жатақханадан шығатындардың аралап шығу парағына белгі қояды немесе берешегі жоқ екені туралы анықтама береді. Қолданыстағы мүліктің есебін жүргізеді, оны мерзімдік тексеруді және сақталуын қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда мүлікті, жатақхана тұрғындары бүлдірген немесе жоғалтқан материалдық құндылықтарды шығынға жатқызуға актілерді құрастырады, белгіленген тәртіпте кінәлі тұлғалардан олардың құнын өндіруге құжаттарды рәсімдейді. Жатақхананы қажетті мүлікпен, жабдықпен, құрал-жабдықпен және өртке қарсы қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуін қадағалайды, өртке қарсы қорғау ережелерінің орындалуын бақылайды. Санитарлық және өрт қадағалау жазба кітабын, сонымен қатар арыздар мен шағымдар кітабын жүргізеді, көрсетілген кемшіліктерді жою, жатақханада тұратындар және қызмет көрсету персоналы арасында пайда болатын даулы жағдайларды шешу бойынша шараларды қабылдайды. Мәдени-бұқаралық және тәрбиелік жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді.


Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілер; жатақхананың тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық бөлмелерін күтіп ұстау тәртібі; қызметтік қарым-қатынас этикасы; жатақхананың ішкі тәртіп ережелері; экономика және еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 1 жыл немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсiптік (орта арнайы, орта кәсiптік) бiлiм және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.


Өндіріс меңгерушісі (бас аспаз)

Лауазымдық міндеттері. Бөлімшенің өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Еңбек ұжымының қызметін өндірістік тапсырмаға сәйкес өзі өндіретін өнімді қажетті ассортиментте мен сапада қарқынды шығаруды қамтамасыз етуге бағыттайды. Өндірістік процесті жетілдіру, прогрессивті технологияларды енгізу, техниканы тиімді пайдалану, өндірілетін өнімнің сапасын жоғарлату мақсатында жұмысшылардың кәсіби шеберлігін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізеді. Қажетті азық-түлік тауарларына және шикізаттарға тапсырыстарды даярлайды, олардың уақытылы сатып алынуын және базалар мен қоймалардан алынуын қамтамасыз етеді, олардың ассортиментін, саны мен олардың келу және сатылу мерзімдерін бақылайды. Тұтынушылардың сұранысын зерттеу негізінде мәзір әзірлейді және тағам және аспаздық бұйымдардың түр-түрін жасауды қамтамасыз етеді. Тағамның әзірлену технологиясына, шикізатты салу нормаларына және жұмысшылардың санитарлық алаптарды және жеке гигиена ережелерін сақтауына үнемі бақылауды жүзеге асырады. Аспаздар мен өндірістің басқа да қызметкерлерін орналастыруды жүзеге асырады, олардың жұмысқа шығу кестелерін даярлайды. Дайын өнімнің бракеражын өткізеді. Өндірістік қызмет туралы есепті, есептілікті даярлау және оны уақытылы беруді, еңбектің озат әдістері мен тәсілдерін енгізуді ұйымдастырады. Жабдықтардың және басқа негізгі құралдардың дұрыс пайдалануын бақылайды. Өндіріс технологиясы және басқа өндірістік мәселелер бойынша нұсқаулықтар жүргізеді. Жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін, санитарлық талаптарды және жеке гигиена ережелерін, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібін, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын бақылайды. Қызметкерлердің медициналық тексеруден уақтылы өтуін қамтамасыз етеді.



Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының қоғамдық тамақтану жөніндегі заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері; өндірістің ұйымдастырылуы және оның технологиясы; тағамдар мен аспаздық бұйымдардың ассортименті және оның сапасына қойылатын талаптар; тиімді және диеталық тамақтану негіздері; мәзір жасау тәртібі; өнімнің есебін жүргізу ережелерін және оны беру нормалары; шикізат пен жартылай дайын өнімдердің шығыс нормалары; тағамдар мен аспаздық бұйымдардың калькуляциясы, оларға қолданылатын бағалары; азық-түлік тауарларының, шикізат пен жартылай дайын өнімдердің стандарттары және техникалық шарттары; дайын өнімді, шикізат пен жартылай дайын өнімдердің сақтау ережелері; технологиялық жабдықтардың түрлері, жұмыс принциптері, техникалық сипаттамалары және пайдалану шарттары; қолданыстағы ішкі тәртіп ережелері; қоғамдық тамақтану экономикасы; еңбекақы төлеуді және ынталандыруды ұйымдастыру; еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібі; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсiптік (орта арнайы, орта кәсiптік) бiлiмі және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.


Қойма меңгерушісі

Лауазымдық міндеттері. Тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату, қойма орын-жайын барынша тиімді пайдалануды, қажетті материалдарды, керек-жарақты жылдам әрі жеңіл тауып алу қажеттігін ескере отырып, оларды орналастыру бойынша жұмысқа басшылық жасайды. Сақталатын тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын. Сақтау режимінің, кіріс-шығыс құжаттарының ресімделу және тапсырылу ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді. өртке қарсы құралдардың болуын және жұмысқа жарамдылығын, орын-жайдың, қоймадағы жабдықтар мен керек-жарақтың жай-күйін бақылайды және уақтылы жөндеуді қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау бойынша нормалар, ережелер мен нұсқаулықтарды сақтай отырып, қоймада түсіру-тиеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады. Тиеу деректемелерін жинау, сақтау және өнім берушілерге уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етеді. Тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу жүргізуге қатысады. Қойма операцияларының, белгіленген есептеменің есепке алынуын, жұмыста салық есептемесі мен бухгалтерлік есепке алудың бағдарламалық қамтамасыз етілуін бақылайды. Қойма шаруашылығының жұмыс тиімділігін арттыру, тауарлық-материалдық құндылықтарды тасымалдау және сақтау шығыстарын қысқарту, қойма шаруашылығы ұйымына есептеу техникасының, коммуникациялар мен байланыстың заманауи құралдарын енгізу бойынша іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.



Білуге тиіс: қойма шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік материалдар; тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау стандарттары мен техникалық шарттары; тауарлық-материалдық құндылықтардың түрлері, өлшемдері, маркалары, сорттары және басқа да сапалық ерекшеліктері және оларды жұмсау нормалары; тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру; тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау және қоймалау ережесі мен тәртібі, оларды есепке алу ережелері мен нұсқаулықтары; жүктерді тасымалдау және сақтау, қойма орын-жайларын және жабдықтарды жалдау шарттарының талаптары; көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстарды есептеу тәртібі; есептеу техникасы, коммуникациялық және байланыс құралдарын пайдалану ережесі; экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру негіздері; отандық және шетелдік озық тәжірибе, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсiптік (арнайы орта, орта кәсiптік) бiлiм және қойма меңгерушісі лауазымында жұмыс стажы кемінде 1 жыл немесе негізгі орта білім және қойма меңгерушісі лауазымында жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуға тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет