Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет59/126
Дата24.04.2016
өлшемі2.72 Mb.
#79035
түріАнықтамалық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   126

I санатты метрология жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, II санатты метрология жөніндегі инженер лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.


II санатты метрология жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, санатсыз метрология жөніндегі инженер лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.

Метрология жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және жұмыс стажына талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І санатты техник лауазымында кемінде 3 жыл стажы болуы тиіс.

Құрылысты қадағалау жөніндегі инженер


Лауазымдық міндеттері. Тапсырыс берушінің атынан құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалауды және құрылысы аяқталған объектілерді мердігерлік құрылыс ұйымдарынан қабылдауды жүзеге асырады. Күрделі құрылыс жоспарларының орындалу барысын, құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемінің, мерзімдерінің және сапасының, сондай-ақ қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, құрылғылардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаларға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормалары мен ережелеріне, стандарттарға, техникалық талаптарға, еңбекті қорғау нормаларына сәйкес келуін бақылайды. Жобаларға құрылыс және қайта салу объектілерінің құнын төмендетуді және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ететін неғұрлым прогрессивтік технологиялық процестерді, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерді ендіруге байланысты өзгерістер енгізу туралы мәселелерді шешуге қатысады. Жобалау шешімдерінде құрылыс барысында туындаған өзгерістерді қарауға және келісуге қатысады, қажет болған кезде материалдарды, бұйымдарды, құрылғыларды ауыстыру (құрылыс объектілерінің сапасын төмендетпей) жөніндегі мәселелерді жедел шешеді. Мерзімдерді бұзуға және құрылыс-монтаждау жұмыстары сапасының төмендеуіне әкеп соғатын себептерді зерделейді, олардың алдын алу және жою жөнінде шаралар қабылдайды. Аяқталған құрылыс-монтаждау жұмыстарын және объектілерді техникалық қабылдауды жүзеге асырады, қажетті техникалық құжаттаманы ресімдейді. Құрылыс объектілерін қабылдау және оларды пайдалануға тапсыру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады. Құрылыс ұйымдарының толық істелмеген жұмыстарын, ақауларды комиссия белгілеген мерзімде жою сапасын бақылайды. Аяқталған құрылыс-монтаждау жұмыстарын есепке алуды жүргізеді және күрделі құрылыс жоспарының орындалысы туралы есептілікті жасауға арналған қажетті деректерді дайындайды.

Білуге тиіс: құрылыс-монтажтау жұмыстарын орындау жөніндегі қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, әдістемелік және нормативтік материалдар; кәсіпорынның техникалық даму перспективалары; құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындаудың техникалық талаптарын және кестелері; құрылыс материалдарына, тетіктерге, құрылғыларға арналған стандарттарды, техникалық талаптар; құрылыс нормалары және ережелері; өндіріс технологиясының негіздерін және құрылыс-монтажтау жұмыстарын жүргізу тәсілдері; құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау тәртібі және олардың сапасын бақылау әдістері; жобалау-сметалық және басқа техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі; құрылыс-монтажтау жұмыстардың алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік тәжірибесі; жаңа құрылыс материалдары, бұйымдары, құрылғылары; экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; қоршаған ортаны қорғау туралы заңнама негіздерін; Қазақстан Республикасы еңбек туралы заңнама негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

I санатты құрылысты қадағалау жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, II санатты құрылысты қадағалау жөніндегі инженер лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.


II санатты құрылысты қадағалау жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, санатсыз құрылысты қадағалау жөніндегі инженер лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.

Құрылысты қадағалау жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және жұмыс стажына талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І санатты техник лауазымында кемінде 3 жыл стажы болуы керек.


Ретке келтіру және сынақтар жөніндегі инженер

Лауазымдық міндеттері. Іске қосу-ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік, нормативтік және басшылыққа алатын басқа материалдарға сәйкес жабдықтың барлық түрін ретке келтіру және сынақтан өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады және орындайды, оны пайдалануға уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді. Іске қосу-ретке келтіру жұмыстарын және сынақтар жүргізудің бағдарламаларын және күнтізбелік кестесін жасайды, оларды тапсырыс берушілермен келіседі. Өлшеу құралдарын және аппаратураны жұмысқа дайындауды жүзеге асырады, метрологиялық бақылауды орындайды. Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырады және жабдықтар мен жүйелерді пайдалануға енгізу үшін қажетті шикізат пен материалдарды ұтымды жұмсауды және іске қосу-ретке келтіру жұмыстары кезеңінде технологиялық процестердің барысын қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді. Жұмыс жүргізу сапасын бақылайды, жабдықтар мен жүйелер жұмысының қажетті параметрлеріне және сипаттамаларына қол жеткізу мақсатында ретке келтіру тәсілдері мен әдістеріне қажетті түзетулер енгізеді, оларды реттеуді жүргізеді. Жұмыстың параметрлері өлшемдерінің деректерін талдайды, қажетті есептеулерді орындайды және жекелеген тетіктердің, тораптардың, механизмдердің, жүйелердің пайдалануға жарамдылығы туралы қорытынды береді, олардың жарамсыздығының себептерін анықтайды. Кәсіпорын бөлімшелерінің жабдықтың іске қосу-ретке келтіру жұмыстарын орындау кезінде анықталған ақауларын жою жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады. Қазіргі заманғы техника мен технологияны ендіру негізінде жабдықты ретке келтіру және сынақтан өткізуді ұйымдастыруды жетілдіруге, оның сенімділігін және үнемділігін арттыруға, еңбекті көп талап ететін жұмысты төмендетуге, іске қосу-ретке келтіру жұмыстарының сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды әзірлейді, олардың орындауын қамтамасыз етеді. Жабдықты монтаждау, ретке келтіру және сынақтан өткізу кезінде техникалық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады, жабдықты пайдалануға қабылдауға, қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеуге, жұмыстағы аварияларды, ақауларды, жабдықтың бұзылуын тексеруге және олардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге қатысады. Пайдалану қызметкерлеріне ретке келтірілген жабдықтар мен жүйелерді пайдалану ережелері бойынша нұсқау береді. Отандық және шетелдік ғылым, техника жетістіктерін және іске қосу-ретке келтіру жұмыстарының алдыңғы қатардағы тәжірибесін ендіруге мүмкіндік жасайды. Жабдықтың конструкциясын жетілдіруге қатысты рационализаторлық ұсыныстарды және өнертабыстарды қарауға, ретке келтіру және сынақтан өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады, рационализаторларға және өнертапқыштарға практикалық көмектер көрсетеді және ретке келтіру мен сынақтан өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың алдыңғы қатардағы тәжірибесін тарату жөнінде шаралар қабылдайды. Іске қосу-ретке келтіру жұмыстарына қатысатын қызметкерлерді басқарады және орындалатын жұмыстардың түрлеріне сәйкес еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс: іске қосу-ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, әдістемелік және нормативтік материалдар; кәсіпорынның техникалық даму перспективалары; кәсіпорынның өнім өндірісінің негізгі технологиялық процестері; кәсіпорын жабдығының техникалық сипаттамалары, конструкциялық ерекшеліктері, мақсаты және жұмыс режимі, оны техникалық пайдалану ережелері; жабдықты монтаждау, реттеу және ретке келтіру әдістері; қызмет көрсетілетін жабдықты тексеру, ретке келтіру және сынақтан өткізу кезінде пайдаланылатын бақылау құралдары, аспаптары және құрылғылары; монтаждау, ретке келтіру және сынақтан өткізу жұмыстарын жоспарлау тәртібі мен әдістері; монтаждау, ретке келтіру және сынақтан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру, жабдықты сынақтан өткізу және техникалық қызмет көрсету; іске қосу-ретке келтіру жұмыстарын жүргізу саласындағы алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік тәжірибесі; жұмысты жүргізуге арналған сметаларды жасау, жабдыққа, қосалқы бөлшекке, өлшеу құралдары мен аспаптарына өтінімдер беру тәртібі; техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу тәртібі; экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; Қазақстан Республикасы еңбек туралы заңнама негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет