Анықтаманы дайындау және ресімдеу


«Центр поддержки детей, находящихся в трудной жизненной ситуации № 2»



бет3/4
Дата04.10.2024
өлшемі358.84 Kb.
#504324
1   2   3   4
Анықтама, АКТ

«Центр поддержки детей, находящихся в трудной жизненной ситуации № 2» управления образования города Шымкент


СПРАВКА

2022 жылғы 17 тамыз №____


Шымкент қаласы город Шымкент
Шымкент қаласының
білім басқармасына
2008 жылғы 15 қаңтарда туылған Айнұр Алиқызы Базаралы «№2 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» КММ-нің «Қызғалдақ» тобында тәрбиеленеді.


Директор Л.Боранбаева


Орынд.:С.Мынбаева
тел.:53-84-30



Тапсырма
1. Жоғарыда көрсетiлген үлгi бойынша бiрнеше анықтама жазыңыз.
1. Болат Асанбайұлы, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 18-үй, 47- пәтерде тұрады. Анықтама әскери комиссариатқа керек.
2. Қайрат Өскенұлы, «Мирас» университетi, тарих факультетi, 4-курс студентi. Анықтама орталық кiтапханаға керек.
3. Сәуле Қайырбекқызы, Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi, тiркеу бөлiмiнiң бастығы. Жалақысы 50 000 теңге. Анықтама «Заңғар» сауда үйiнiң есеп бөлiмiне керек.


2. Мекемеде жұмыс барысында жазылатын анықтама үлгiсiн жазыңыз.


АКТІНІ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ

Актінің мазмұны белгіленген фактілерді немесе оқиғаларды (жұмыс-тарды тапсыру-қабылдау;материалдық құндылықтарды, құжаттарды қабылдау-тапсыру; өрт қауіпсіздігі, еңбек жағдайы тұрғысынан объектілерді қарап тексеру; үлгілерді, жүйелерді, технологияларды сынау (пайдалануға беру); материалдық құндылықтарды, құжаттарды жоюға бөлу, белгіленген қағидаларды (талаптарды) бұзу; аварияларды, жазатайым оқиғаларды тексеру; ұйымдарды тарату; орындалған жұмыстар; бас тарту; тексеріп қарау; салыстырып тексеру; қызметтер ұсыну мен басқалар) растайтын ақпарат болып табылады. Актіні аталған фактіні растайтын бірнеше адам жасайды. Акт Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бланкіде ресімделеді. Ұйымның ішінде жасалған және оның шегінен шықпайтын акт бланкіде ресімделмейді.


Актінің деректемелері:
1) Қағидалардың 16, 17-тармақтарының талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының немесе эмблеманың, логотиптің, тауар белгісінің (қызмет көрсету белгісінің) бейнесі;
2) ұйымның ресми атауы;
3) құжат түрінің атауы;
4) датасы;
5) актінің тіркеу нөмірі (индексі);
6) акт шығарылған жер;
7) бекіту грифі (кейбір жағдайларда);
8) мәтіннің тақырыбы;
9) мәтіні;
10) қолы болып табылады.
Актінің мәтіні кіріспеден және айқындаушы бөліктен тұрады.
Кіріспеде актіні жасаудың негіздемесі көрсетіледі, жасаушылар және бұл ретте қатысқан адамдар санамаланады.
Актінің айқындаушы бөлігі белгіленген фактілердің мәнін, тексеру жүргізілген әдістерді, оның нәтижелерін, сондай-ақ тұжырымдарды, ұсыныстарды, комиссияның қорытындыларын қамтиды. Қажет болған кезде актінің айқындаушы бөлігі тармақтарға бөлінеді.
Айқындаушы бөліктің соңында акт даналарының саны мен әрбір дананың орналасқан жері көрсетіледі, кейін актіге қосымшаның (олар бар болса) болуы туралы белгі ресімделеді.
Актіге төраға және комиссия мүшелері не актіні жасаған адам (адамдар) қол қояды. Актіге қол қоятын адамдардың тегі, аты-жөндері әліпбилік тәртіппен ресімделеді, олардың лауазымдары көрсетілмейді.
Адамдарды актімен таныстыру қол қойғызып жүргізіледі. Актінің мазмұнымен келіспейтін адам оған ескертпемен және өзінің келіспеу себептерімен бірге қол қояды. Комиссия мүшесінің ерекше пікірі жеке парақта ресімделіп, актіге қоса беріледі.






А4 (210Х297) форматы


Мемлекеттік және мемлекеттік


емес ұйымдарда құжаттама
жасау, құжаттаманы басқару
және электрондық құжат
айналымы жүйелерін пайдалану
қағидаларына
9-қосымша


Нысан





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет