Қанның жалпы анализы



бет5/5
Дата04.06.2024
өлшемі22.92 Kb.
#502299
1   2   3   4   5
№4 зертханалық зерттеу (копия)

Қақырықты зерттеу.
Зерттеуге жаңа бөлінген қақырық алынады, оны құрғақ таза шишаға жинайды.Тәуліктік қақырықты ауызы жабылатын ыдыста жинап тоңазытқышта сақтайды. Қақырықты жинау алдында ауызды сумен шаю керек.
Қақырықтың физикалық қасиеттері. Қалыпты жағдайда болар болмас қақырық бөлінеді. Жедел бронхитте 2 - 5мл,- өкпе абсцессінде, бронхоэктазиялық ауруында-200-300 мл және оданда көп , Өте көп бөлінген кезде үш қабатқа бөлінеді:
Төменгі қабат – ірің, детриттер, ортаңғы - шырыш талшықтары, үстінгі - көбікті қабат. Іріңді қақырық екі қабатқа бөлінеді.
Қақырықтың сипаттамасы. Патологиялық процесске қарай қақырық шырышты, іріңді-шырышты, қанды/тәтбасқан түсті/ болады.
Консистенциясы қою - шырыштан, жабысқақ- фибриннен, сүйық - серозды сүйықтықтан тұрады. Сүйықтау - шырышпен серозды сүйықтық араласқанда.
Қалыпты жағдайда қақырықта иіс болмайды. Өткір иіс - өкпе абсцессінде, өте шыдамсыз шіріген иіс - өкпе гангренасында, қатерлі ісіктің ыдырауында кездеседі.
Жай көзбен қарағанда Куршман спиральдарын, фибрин ұйықтарын, Дитрих тығындыларын, өкпенің ыдыраған ұлпаларын, тамақ қалдықтарын көруге болады.


Қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жинау.
Қақырықты 2 аптадан артық жөтелген науқастан туберкулез ауруына күдікктенгенде, 3 рет байқауға, тексеруге жіберіледі.
Бірінші байқау: Сырқат ауруханаға бірінші рет шағым білдіріп келгенде. Қақырық сол күні мед. қызметкерінің бақылауымен жиналады. Қақырық бөтен адамдарсыз, мед. қызметкерінің бақылаумен, ашық ауада, егер жағдай жоқ болса, жақсы желдететін (ішінде желдеткіш, кварц лампасы бар) бөлмеде жүргізіледі. Келесі күнге сырқатқа ыдыс беріледі.
Екінші байқау: Қақырық келесі күні таңертен үйқыдан оянғанда, үйде жиналады, зертханаға жеткізіледі.
Үшінші байқау: Қақырық сол күні зертханада мед. қызметкерінің бақылауымен жиналады.


Асқазан сөлін зерттеу.
Асқазан сөлі - түссіз, мөлдір, реакциясы қышқыл сүйықтық, құрамында тұз қышқылы, протеаза және басқада ферменттер болады.
Бос қышқылдық /тұз қышқылы/ - асқазанда сутегі, хлор иондары түрінде болады.-20-40 ТЕ /титрационды единица/.
Байланған қышқылдық - бұл тұз қышқылының ақуыз молекуласымен байланған түрі: 10 -20 ТЕ.
Жалпы қышқылдық- барлық қышқылдар - 40-60 ТЕ.
Асқазан сөлінің физикалық қасиеттері. Қалыпты жағдайда иісі болмайды немесе әлсіз қышқыл. Түсі - мөлдір, түссіз. Ауыз қуысынан түскен аз мөлшерде шырыш кездеседі.
Микроскопиялық зерттеуі: микроскоп арқылы эпителиальды клеткалар, лейкоциттер, тамақ қалдықтары, атипті клеткалар/АК/ анықталады, АК - бұл қатерлі ісіктің клеткалары, асқазан рагінде кездеседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет