Антон Макаренко атындағы орта мектебі Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Н. Байымбет Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары



бет2/3
Дата14.05.2024
өлшемі150.5 Kb.
#501025
түріБағдарламасы
1   2   3
Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асыру жоспары 2023-2024

Қорытынды
Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір- бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырылды.
Ұсыныс:
1. Құндылықтар негізінде барлық пән мұғалімдері, сынып жетекшілер тәрбие жұмысын, пән сабақтарын ұйымдастырсын.


Тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажеттілігін атап, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұла бойына шоғырланған жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында қатысушыларға тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігін арттырудың жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.



«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыруға бағытталған
ТӘРБИЕ ЖОСПАРЫ


023 жылдың 15 қыркүйек күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 10-сынып оқушыларымен «Құқықтық мәдениет және оның маңызы» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: тәрбие жұмысында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сынды 3 құндылық тәрбиеге негізделген бағытқа басымдылық беру арқылы баланы ел мен жер тұтастығын, ел тәуелсіздігін қадірлей білу, ар-ұят, намысты жоғары ұстауға, адал еңбек пен қызмет етуге, қоғам игілігі үшін азаматтық белсенділік танытуға, жауапкершілікті саналы түсінуге, салауаттық, зияткерлік құндылықтарына негізделген тәрбиеге басымдық беру. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру-үйлесімді тәрбиені оқушылар бойында жетілдіру, оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруда, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруда қолдану басты іс болып табылады. Сондықтан да қазіргі кезде құқықтық мәдениеті жоғары, білімді оқушылар тәрбиелеу және қалыптастыру ісі кезек күттірмей атқарылатын мемлекеттік маңызды шаралардың қатарында тұр. Оқушылардың құқықтық мәдениетін жетілдіру бағытында атқарып жатқан іс-әрекеттердің маңызы мен мәнін саралау, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда құқықтық тәрбиенің атқаратын рөлі, оқушылардың құқықтық мәдениетінің қалыптастыру басты міндет. Мектеп оқушыларының құқықтық өмірдегі рухани бастаулар ерекше орын алады. Тәрбие сағатында оқушылар құқықтық мәдениетін қалыптастыруда салт-дәстүрдің тигізетін ықпалын, оның адами құндылықтардың маңызы зор деп, оқушылар ойларымен бөлісті.

Осы ретте Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша 07.09.2023 жылы түсіндірме және талқылау жұмыстары жүргізілді. Аталған іс шара Сауран ауданы №47 ЖОМ базасында ұйымдастырылды, түсіндірме жұмыстарына аудандағы барлық білім беру ұйымдарының, жекеменшік мектептердің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. 


Тәрбие мазмұнын айқындауда әзірленген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» туралы Сауран ауданы, Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектептің тәрбие орынбасары Қуаныш Нышанбаев ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға білімді, адал ұрпақты тәрбиелеуді көздейтініне тоқталды. Біздің қоғам өзгерісті біреуден мадақ есту үшін емес, ең алдымен, өзі үшін жасауға тиіс. Мұны елдің ертеңі, ұрпақтың болашағы жарқын болуы үшін қолға алуымыз керек. Кездесу оқыту семинар соңында сұрақ-жауап, пікір алмасу мен талқылау болды. Бағдарламамен мектеп қабырғасында шығармашылық топтармен талқылау жүргізу ұсынылды. 
Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу–барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз–жасұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.
Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан-Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін, ең бастысы, әразаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін, халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиісекендігін; әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» –ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Міндеттері: Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
2023 жылғы 14 тамызда ШҚО білім басқармасының тәрбие бөлімінің мамандары, білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектептер мен колледждердің тәрбие жұмысы жөніндегі директорлардың орынбасарлары ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған семинарға белсене қатысты. Семинар «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» оқу-тәрбие үдерісіндегі құндылықтар тақырыбына арналды.
Семинар барысында тәрбие жұмысының проблемалық мәселелері, себептері, шешу жолдары талқыланды, ол жерде қызыл жіппен құндылықтарды пәндік ортаға, білім беру процесіне интеграциялау тақырыбы өтті, бұл өз кезегінде оқу тәжірибесін байытуға, білім алушылардың этикалық нормалары мен әлеуметтік жауапкершіліктерін дамытуға, тұтас үйлесімді тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет