Антонио лучо вивальди


Композиторлық қызметінің басталуы. Венеция (1713—1718)



бет3/4
Дата18.10.2022
өлшемі58.47 Kb.
#462923
түріРеферат
1   2   3   4
Реф

Композиторлық қызметінің басталуы. Венеция (1713—1718)
1713 жылы Вивальди өзінің алғашқы үш актылы «Ottone in villa» («Вилладағы Оттон») операсын жазды. Операның сахналанған көрінісі аталған жылдың 17 мамырында венециандық Театро делле Грацие (Teatro delle Grazie) сахнасында қойылды . Бұл опера шытырман оқиғалы сюжетке құрылған. Вивальди тығыз қарым-қатынаста болған Доменико Лаллидің либереттосына жазылған аталмыш опера кей эпизодтарда Рим империясының тарихынан сыр шертеді. Операның сәтті шығуының нәтижесінде Вивальди Сан-Анджело театрының директоры Модоттодан тапсырыс алады. Модоттомен Вивальди өзінің «Фераспе» (1739) атты соңғы операсына дейін бірге тығыз жұмыс атқарған еді . жыл өткен соң, яғни 1714 жылы ол өзінің Грацио Браччьолидің либереттосына құрылған «Orlando finto pazzo» («Роланд, мнимый безумец») деп аталатын екінші операсын жазды. Опера итальян ақыны Людовико Аристоның «Қаһарлы Ролланд» поэмасының желісі бойынша жазылды. Жуырда, композитор латын мәтінінде жазылған «Моисей, бог фараонов» (1714) және «Юдифь торжествующая» (1716) атты екі ораторий жазды. 1715 жылы Сан-Анджело театры үшін «Nerone fatto Cesare» («Нерон, ставший Цезарем») операсына 12 бөлімді арий жазды. 1716 жылы Вивальди Сан-Анджело театрының тапсырысы бойынша «L’incoronazione di Dario» («Коронация Дария») операсын жазды. Осы жылы Венециядағы беделді театрлардың бірі Сан-Мозе театрының репертуарына «La costanza trionfante degl’amori e de gl’odii» («Постоянство, торжествующее над любовью и ненавистью») атты опера жазды. Аталған опералардың премьерасы 1716 жылғы карнавалда қойылды. 1718 жылы Вивальдидің «Scanderbegh» («Скандербег») операсы Флоренция театрында қойылды. Бұл оқиға өз кезегінде Вивальдидің шет елдердегі танымалдылығының айғағы.
Жалпы алғанда, 1713 пен 1718 жылдың аралығындағы жылдар Вивальдидің композиторлық қызметіндегі ең жемісті жылдары болып саналады. Осы жылдары жалпы саны 8 опера жазды .

Мантуедегі өмірі (1719—1722)

Пьер Леоне Геццидің 1723 жылы салынған Вивальди мүсініне арналған карикатурасы.
Композитор өмірінің 1719– 1722 жылдардағы кезеңі туралы деректер шамалы ғана. Композитордың 1737 жылдан бастап жазылған хаттарына қарағанда, Вивальди өмірінің осы кезеңдерін Германияның Мантуя қаласында өткізген. «La Verita in Cimento» операсының либреттосының бас бетінде Вивальди өзін Maestro di Capella di Camera il Principe Filippo Langravio d’Assia Darmstadt деп атайды. Бұл өз кезегінде 1720-1723 жылдарда Вивальди Австрия императорының әскерін басқарған маркграф Филипп Гессен-Дармштадтскийдің әскер қатарында қызмет етті деген қорытынды тудырды. Филипп Гессен-Дармштадтский осы кезеңде Австрияның VІ Карлдың Мантуе мен Неапольдегі әскерін басқарды. Мантуеде Вивальди опера әншісі, француз шаштаразының қызы Анна Жиромен (Anna Giraud) танысты. Осы таныстық Вивальдидің болашақ өміріне үлкен әсер етті. Вивальди драмматург Карло Гольдониге жазған хаттарында Анна Жироны өзінің «тәртіпті оқушы» деп жазады. Зерттеушілердің пікірінше, Анна Жироның опера әншісі болып қалыптасуына Вивальдидің еңбегі зор. Шындығында, итальяндық опера композиторлары ән өнерінің техникасын терең меңгерген. Анна туралы замандасы Карло Гольдони: «Ол әдемі, нәзік, қыпша бел, күлім көз, қолаң шаш және оймақ ауыз қыз еді. Оның дауысы зор емес, бірақ актерлік қабілеті жоғары еді» деп суреттейді. Вивальдидің қасына Аннамен бірге оның апкесі Паолина да жолсерік болды. Паолина композитордың мед бикесі болып қызмет етті. Себебі, осы кезең —композитордың бронхиалды астма ауруымен науқастанып жүрген кезі. Мантуедегі үшжылдық әскери қызметінен соң, композитор Анна мен Паолинаны алып, Венецияға қайта оралады. Венецияндықтар Аннаны «сарышашты дін қызметкерінің нақсүйері» деп кекеткен еді. Шындығында композитордың апалы-сіңлілі Жиролармен тығыз қатынастары діни қызметші үшін шіркеудегі діни қызметкерлер тарапынан қолдау таппады. Осылайша Вивальдидің айналасы қара өсекке толды. Халық арасында оны әтек (гаремде қызмет ету үшін әдейі тарттырылған еркек) деп мазақтаушылар болды. Нәтижесінде, Вивальди мен діни қызметкер арасында ынтымақтастық бұзылды. 1738 жылы Феррара қаласының кардинал-архиепископы Вивальдиге қалаға кіруіне тыйым салды ]. Алайда болған кедергілерге, сөздерге қарамастан Вивальди апалы-сіңлілі Жироларды құрмет тұтып, олардың ары мен ұятын қорғап жүрді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет