Антропометрия Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау Дайындаңыз


Тынысының жиеленуі (БШАЫЖ бойынша)



бет11/25
Дата03.01.2022
өлшемі64.2 Kb.
#450286
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Антропометрия

Тынысының жиеленуі (БШАЫЖ бойынша):

  • 2 айға дейін – 60 рет/мин және одан жоғары;

  • 2 айдан 12 айға дейін – 50 рет/мин және иодан жоғары;

  • 1 жастан 5 жасқа дейін – 40 рет/мин және одан жоғары;



Балаларда пульсты анықтау

1. Баланы тыныштандыр

2. Ыңғайлы жағдай жаса /отырғыз немесе жатқыз/

3. Баланың білегін және қолын көлденең тегістікке жатқыз

4. Оң қолдың 2, 3, 4 саусақтарымен кәрі жілік артериясын тауып пульсті анықта

5. 1 минуттағы пульс толқындарының соғысын сана

6. Пульс соғысын қалыпты жағдайдағымен салыстыр /соғысының жиілеуі – тахикардия, сиреуі – брадикардия/

7. Пульстің ырғақтығын анықта

8. Толымдылығын анықта /толық немесе бос/

9. Пульстің кернеулігін анықта /қатты немесе жұмсақ/

Кернеулігі - арерияны саусақпен қатты басқанда артерияның қарсыласу күші

Ескерту:

Ерте жастағы балаларда пульсті ұйқы немесе самай артерияларынан анықтаған ыңғайлы

Қалыпты жағдайдағы пульс көрсеткіштері



Баланың жасы


1 минутта пульс жиілігі

Жаңа туған бала

120-140

0-6 ай

130-135

6-12 ай

120-125

2 жас

110-115

3 жас

105-110

4 жас

100-105

5 жас

100

6 жас

90-95

7 жас

85-90

8 жас

80-85

9 жас

80-85

10 жас-12 жас

75-85

13 жас және одан жоғары

70-80

Балаларда қан қысымын өлшеу техникасы

Назар аударыңыз!

Балаларда қан қысымы 10-15 минут демалғаннан кейін, отырған немесе жатқан жағдайда өлшенеді



Алгоритм іс-әрекеті.

  1. Баланы отырғыз немесе жатқыз.

  2. Баланың қолын алақанын жоғары қаратып тегіс жерге орналастыр.

  3. Манжетканы шынтақ иілісінен 2 см жоғары ора Манжеткамен қолының арасында сұқ саусақ сию қажет.

  4. Фонендоскопты шынтақ иілісінің алдыңғы бетіне орналастыр.

  5. Манжеткаға резин балонмен ауаны диастоликалық қысымның дыбысы жоғалып кеткеннен кейін және +30 -40 мм с .б дейін толтыр

  6. Винты жаймен ашып манжеткадан ауаны шығар.

  7. Ең бірінші естілген дыбыстың монометрдегі көрсеткішін жазып ал /бұл максималды немесе систоликалық қ/қ көрсеткіші/

  8. Манжеткадан ауаны шығаруды жалғастыр.

  9. Пульстың жоғалған дыбысының монометрдегі көрсеткішін жазып ал /бұл минималды немесе диастоликалық қ/қ көрсеткіші/

  10. Қалыпты жағдайдағы көрсеткіштермен салыстыр.

Баланың жасы

Қан қысымының көрсеткіші, мм с.б

Жаңа туған бала

75/35

6 ай

80/40

12 ай

85/42

1-5 жас

80+2п/макс көрсеткішінің 1\2 бөлігі

п-баланың жасы



5 жас

100

5-15 жас

100+п/ макс көрсеткіштің 1\2 -2\3 бөлігі п-баланың жасы

Ескерту:

Манжетканың ені баланың иығының айналымына сәйкес келу керек



Иық айналымы, см

Манжетканың ені, см

5-7,5

2,5

7,5-10

4

10-12,5

5,5

12,5-15

7

15-20

9

20-23

11

Омыраумен емізуді бағалау

  1. Анасынан соңғы бір сағат ішінде нәресте емшек емгенін сұраңыз.

  2. Егер нәрестені соңғы бір сағат ішінде емізбесе, анасынан оны емізуді сұраңыз.

Емізуді 4 минут бойы бақылаңыз

Омыраумен емізудің ережесі (4*3*4)

Нәрестені дұрыс ұстау

  1. Сәбидің басы мен денесі тік, бір жазықта ұстаңыз.

  2. Сәбидің беті мен денесі анасының кеудесіне қаратып, мұрны емшек ұшының деңгейінде болу керек.

  3. Сәбидің денесі анасының денесіне түйістірілулі болу керек(іші анасының ішіне түйісуі).

  4. Анасы тек мойны мен иығын ғана емес, сәбидің бүкіл денесін ұстап отырады.

Омырауды салу

  1. Сәбидің ерніне емшектің ұшын тигізіңіз.

  2. Сәбидің аузын барынша ашқанын күтіңіз.

  3. Емшекті тез сәбидің аузына саламыз.

Омырауға дұрыс салғандығын тексеру

  1. Сәбидің иегін емшекке тиіп тұрады.

  2. Сәбидің аузы барынша ашық.

  3. Астыңғы еріні сыртқа шығыңқы болады.

  4. Емшектің басым бөлігі астынан емес, үстіне көрініп тұру керек.

Егер бала омырауға дұрыс салынған болса, онда үзіліс жасап, баяу, терең еміп жатырғанын көреміз.

Бақылаулық шегу өткізу


Мақсаты: баланың анасын бір емген кезде, еметін сүттің орташа мөлшерін анықтау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет