Антропометрия Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау Дайындаңыз


Жүкті әйелдерге босанғанға дейін патронаж өткізу



бет19/25
Дата03.01.2022
өлшемі64.2 Kb.
#450286
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Антропометрия

Жүкті әйелдерге босанғанға дейін патронаж өткізу
(ҚР ДСМ-нің 31 наурыз 2011жылғы №164 бұйрығы бойынша)

  Бастапқы медициналық-санитариялық көмек қызметінің (бұдан әрі – БМСК) педиатрия немесе жалпы тәжірибе бөлімінің орта медициналық қызметкері жүкті әйелді босанғанға дейінгі патронажды үйінде екі рет өткізеді:


      1) жүкті әйелді есепке қою туралы ақпаратты алған кезде;
      2) жүктіліктің 32-аптасында.

1-ші патронаж: Жүкті әйелдің үйіне алғашқы келген кезде медицина қызметкері болашақ сәбидің отбасымен танысып, жүкті әйелдің жалпы жай-күйін, еңбек және тұрмыс жағдайын, санитарлық мәдениет деңгейін, кәсібінің зиянды жақтарын, анада ауруларының болуын (АИТВ, жыныстық жолмен берілетін жұқпа аурулары, туберкулез, қызамық және басқа) бағалайды және жүктіліктің өтуіне, болашақ баланың күтімінің сапасына әсер ететін қауіп-қатерді анықтайды, сонымен қатар тұрмыста зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу мен құқықтық, әлеуметтік-құқықтық мәселелері жөнінде консультация жүргізеді.

2-ші патронаж: жүкті әйел мен оның сүт бездерінің жағдайын бағалап, сәбиді емізуге дайындық бойынша ұсынымдар мен нәрестені емізу, оны күтіп-бағу дағдыларына үйрету мақсатында ДСБК-не қабылдауға шақырады. Сонымен қатар нәрестеге арналған бұрышты (орын, кереует, іш киімдер, киім және басқа күтім жасауға арналған бұйымдар) дайындау жөнінде ұсынымдар береді.

  Босанғанға дейінгі патронаждар кезінде медицина қызметкері мыналарға назар аударады:


      1) жүкті әйелдің күн режимі, диета еңбек ету, демалу, сүт бездеріне күтім жасау, санитариялық-гигиеналық режім мен емдеу-сауықтыру іс-шараларына қатысты акушер-гинекологтың ұйғарымын орындау;
      2) шұғыл шаралар қабылдау мақсатында жүктіліктің өтуінің қауіпті белгілерін анықтау, сонымен қатар отбасы мүшелерін қатер тудыратын белгілерді тану және шұғыл медициналық көмекке жүгінуге үйрету.
      13. Медицина қызметкері бала туылғанға дейінгі патронаж кезінде жүкті әйелді жүктіліктің қалыпты өтуіне қауіп төндіретін «қатерлі белгілерін» тануға үйретеді және мынадай жағдайлар бір рет болған кезде тез арада медициналық көмекке жүгінуін ұсынады:
      1) қынаптан қан аралас бөлінулер;
      2) бұлшық еттердің тартуы және қол-аяқ, беттің жансыздануы;
      3) бас қатты ауыруы;
      4) іш ауыруы;
      5) құсу;
      6) ұрықтың сирек қимылдауы немесе қимылдамауы;
      7) дененің қызуы 37,5оС-тан жоғары;
      8) қағанақ суының ағып кетуі;
      9) қол-аяқтың немесе дененің басқа мүшелерінің анық байқалатындай ісінуі;
      10) демнің тарылуы немесе демікпе;
      11) жүректің жиі қағуы;
      12) көру қабілетінің бұзылуы.
Патронаж кезінде алынған мәліметтер босануға дейінгі патронаж парағына жазылып, баланың даму тарихына (112/е нысанына) жабыстырылады.
Ерте жастағы балаларға патронаж

Ерте жастағы балаларға патронажды профилактикалық бақылауды бастапқы медициналық-санитариялық көмек қызметінің (бұдан әрі – БМСК) педиатрия (жалпы тәжірибе) бөлімінің орта медициналық қызметкері бала денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында үйде және медициналық ұйымдарда жүргізеді.


      БМСК медицина қызметкері патронаж өткізген кезде отбасындағы баланың күтіміне (қауіпсіз және құнарлы тамақтануын қамтамасыз ету, баланың дамуына ықпал ететін орта жасау) назар аударып, бала ауырған кезде ауруларды анықтау мен олардың алдын алу шараларларының уақтылы жүргізуін, ата-ана әрекеттерінің дағдылары мен білімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
      Аналар мен 5 жасқа дейінгі балаларды патронажды бақылау жиілігі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:


р/с



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет