ҚОРЫТЫНДЫ 134
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 137
ҚОСЫМША 145
АНЫҚТАМАЛАР
Диссертациялық жұмыста төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Автор – идеяның иесі, оқиғаны құрастырушы, оқырманға туындыны жеткізуші. Ол – кейіпкерлерді оқиға заманына апарып, түрлі қимыл- әрекеттермен сипаттап, оқиға желісімен өмір сүруге ықпалын тигізетін тұлға.
Автор бейнесі – бұл шығарманың ішінде осы туындыны жасаған бейне пайда болған кезде туындайтын ерекше эстетикалық категория.
Авторлық идеал – автордың арман-тілектерін жүзеге асыру мақсатында жасалған бейне.
Ақпарат фактілер мен оқиғалар, процестер туралы хабарламалар. Адамға әр түрлі арналар арқылы келетін және оның санасында өңделіп, сұрыпталатын, кодталатын мәліметтер, деректер, білімдер; коммуникация процесінде тілдік құрылымдар арқылы ұсынылып жеткізілетін білімдер.
Антропоөзектік парадигма – тілді адамның танымдық ойлау қабілетімен байланыстыра қарастырады. Антропоөзектік бағыттар – этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, когнитивтік лингвистика және лингвомәдениеттану. Қазіргі таңда қазақ тіл білімінің мәселелері осы бағыттардың негізінде зерттеліп, қазақ тілінің жүйелі- құрылымдық қызметімен қатар, танымдық қызметтерінің шеңбері кеңейе түсті.
Әуезелеуші – айтатын сөзіне өзін қатыстырмай, өзінен тысқары ғаламда болған істі әңгіме қылатын адам.
Баяндаушы – жазушының сөзі, ал баяндаушының бейнесі (өзін автор ретінде көрсететін) – жазушының әдеби артистизмінің формасы. Онда автордың бейнесі өзі жасаған сахна бейнесіндегі актердің бейнесі сияқты қарастырылады.
Білім – болмыстың объективті қасиеттері мен белгілерінің адам санасында бейнеленуі, нәтижелерінің когнитивті ұйымдастырылуының базалық формасы. Жадтың бір бөлігі, санада сақталатын мәліметтер.
Дискурс (фр.discours) – тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз – уақыттың мәдени тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |