АӨбе ааж деректер қоры мәліметтерінің толықтығы мен дұрыстығына, соның ішінде мемлекеттік органдардың 2012 жылдың 3 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімін сақтауы бөлігінде жүргізілген мониторинг қорытындысы



жүктеу 51.23 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі51.23 Kb.


АӨБЕ ААЖ деректер қоры мәліметтерінің толықтығы мен дұрыстығына, соның ішінде мемлекеттік органдардың 2012 жылдың 3 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімін сақтауы бөлігінде жүргізілген мониторинг қорытындысы

Комитеттің 3-басқармасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу жөніндегі бөлімі АӨБЕ ААЖ деректер қоры мәліметтерінің толықтығы мен дұрыстығына, соның ішінде мемлекеттік органдардың 2012 жылдың 3 айындағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімін сақтауы бөлігінде жүргізілген мониторинг нәтижелерін қорытындылады.

Қорытындылау барысында Комитеттің аумақтық органдарының 2012 жылғы 3 айдағы қорытындысы бойынша ұсынылған ақпараттары зерделенді.

Мониторинг көрсеткендей, 2012 жылдың 3 айындағы АӨБЕ ААЖ жалпы қоры жеке және заңды тұлғалардың 3,9 миллион өтінішін құрады. Сонымен қатар, № 1-ОЛ нысанды статистикалық есептің деректері бойынша мемлекеттік органдарға жеке және заңды тұлғалардан 4,1 млн. өтініш келіп түскен. Осылайша, 2012 жылдың 3 айында АӨБЕ ААЖ деректер қорының толығуы 95%-ды құрады.

АӨБЕ ААЖ деректер қоры толықтығының мониторингі көрсеткендей, аумақтық органдардың барлығы бірдей көрсетілген бағыт бойынша тиісті жұмысты жүргізбейді.

Сонымен, Комитеттің тек 7 басқармасы (Астана және Алматы қалалары, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстары) АӨБЕ ААЖ деректер қорын 100% толтыруды қамтамасыз еткен.

Комитеттің Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Павлодарғ Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша басқармалары, Аймақтық көліктік және Әскери басқармалар АӨБЕ ААЖ деректер қорын тек 70-90%, Комитеттің БҚО бойынша басқармасы бар болғаны 32% толтыруды қамтамасыз еткен.

Өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуын анықтау бөлігіндегі сониторинг нәтижелері төмендегідей.

2012 жылдың 3 айында өтініштерді қарау мерзімін бұзудың 511 дерегі анықталды (1-диаграмма), 16 488 өтініш бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері дұрыс емес есепке алу мәліметтерін ұсынған (2-диаграмма).
1-диаграмма


Бұзушылыққа жол берген субъектілерге қатысты жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша 52 ұсыныс енгізіліп, 34 ақпараттық хат жолданды. Оларды қарау нәтижесі бойынша 167 адам тәртіптік және 9 – әкімшілік жауапкершілікке тартылды (7 – СҚО, 2 – БҚО).

Прокурорлық қадағалау актілерін шығару кезінде Комитеттің аумақтық басқармаларының бастықтары мемлекеттік органдар басшыларының тарапынан бұзушылыққа жол берген лауазымды адамдарға қатысты барабар әрі қатаң шараларды қабылдауға қол жеткізулері қажет.

Осыған байланысты, Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының жұмысына оң баға беруге болады.

Сонымен, енгізілген 3 ұсыныс пен 11 ақпараттық хаттың нәтижелері бойынша 52 адам тәртіптік жауапкершілікке және 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қоса, Комитеттің Атырау облысы бойынша басқармасы анықталған бюұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды тағы да қабылдамаған.

Комитеттің Атырау облысы бойынша басқармасы сониторингпен мерзімі бұзылып қаралған 53 өтінішті анықтады, алайда бұзушылыққа жол берген субъектілерге прокурорлық қадағалау актілерін енгізбеген және жауапкершілікке тартылған адамдар жоқ.

Осындай кемшіліктер Комитеттің Қарағанды облысы бойынша басқармасының қызметінде байқалады. Сонымен, республика бойынша өтініштердің мерзімін бұзып қараудың және есепке алу мәліметтерін бұрмалаудың анықталған деректері бойынша көрсеткіші жоғары болғанмен де құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне қатысты бір де бір прокурорлық қадағалау актісін енгізбеген

Одан басқа, мониторинг нәтижесі бойынша қадағалаушы прокурорларға прокурорлық ықпал ету шараларын қабылдауы үшін 12 ақпарат жолданды.

Аталған ақпараттық хаттарды Комитеттің тек БҚО (7) және СҚО (5) бойынша басқармалары жолдағанын атау өту керек.

Осыған байланысты, Комитеттің аумақтық басқармалары прокуратура органдарымен қарым-қатынаста белсенділік танытуы қажет.

Тәжірибе көрсеткендей, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген мерзімдерді бұзуға, сондай-ақ дұрыс емес деректерді ұсынуға негізгі себеп болып мемлекеттік органдар қызметкерлерінің осы саладағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білмеуі және мемлекеттік органдар басшылығы тарапынан ведомстволық бақылаудың нашар болуы табылады.

Мерзімі бұзылып қаралған өтініштердің көпшілігін Комитеттің Қарағанды облысы (223), ШҚО (76), Атырау облысы (53), СҚО (46) және Астана қ. (34) бойынша басқармалары анықтады.

Мысалы, Павлодар облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде А.А. Абельдиновтың 08.04.2011 жылғы № 1471 сараптама қорытындысының көшірмесін беру туралы өтінішіне тек 20.05.2011 жылы, яғни Заңның 8 бабында белгіленген мерзім 42 күнге бұзылып жауап берілді.

Сондай-ақ, мониторингпен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарамаудан көрінетін көптеген заң бұзушылықтар анықталды.

Сонымен, мониторинг нәтижелері бойынша 94 қараусыз қалдырылған өтініш анықталды, олардың ішінде 64 немесе 68%-ын Комитеттің Ақмола облысы бойынша басқармасы, 11 - Әскери басқарма, 12 – Комитеттің СҚО бойынша басқармасы, 3 – Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы, екіден – Комитеттің Қостанай облысы және Астана қаласы бойынша басқармалары анықтады.

Келешекте «Айқын» жобасын кезең-кезеңімен енгізуді ескере отырып (ү.ж. 1 шілдесінен бастап Астана қ. бойынша), Комитеттің және оның аумақтық органдарының адамдардың өтініштерін есепке алу саласындағы басым әрі маңызды міндеттерінің бірі АӨБЕ ААЖ деректер қоры мәліметтерінің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету болып табылады.

Демек, Комитеттің аумақтық басқармаларының бастықтары осыған айырықша назар аударып, АӨБЕ ААЖ деректер қорын уақтылы толтыру және 1-ОЛ есебі мен АӨБЕ ААЖ деректер қоры көреткіштерінің алшықтығын болдырмау бойынша жедел шаралар қабылдауы қажет.

Сонымен қоса, өтініштерді қарау мерзімдеріне сапалы мониторинг жүргізудің негізгі құраушысы АӨБЕ ААЖ деректер қорының толықтығы мен дұрыстығы екенін де атап өту керек.

Сонымен қатар, мониторинг нәтижелері көрсеткендей, субъектілер әлі күнге дейін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қате немесе толық емес ақпаратты енгізу деректеріне жол беруде, ол есепке алу мәліметтерінің бұрмалануына алып келеді.

2012 жылдың 3 айлық қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша деректерді дұрыс енгізбеудің 16 мың фактісі анықталды.



2-диаграмма


Мұндай бұзушылықтардың көпшілігі СҚО – 3473, Қарағанды облысына – 2945, Алматы қ. – 2690, Қызылорда облысына – 2624 келеді.

Қазіргі уақытта бірқатар облыстық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алудың ведомстволық жүйесіне ауысып жатқанын назарға алсақ, бұл жағдай АӨБЕ ААЖ мәліметтерінің толықтығына ықпал етуі мүмкін екенін ескеру қажет.

Осыған байланысты, Комитеттің аумақтық басқармалары ведомстволық ақпараттық жүйелерден есепке алу құжаттарын уақтылы және үздіксіз жүктеуді қамтамасыз ету үшін осындай мемлекеттік органдармен өзара айқын әрекеттестік орнатуы қажет.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің ақпараттық жүйелерін АӨБЕ ААЖ жүйесімен ықпалдастыру бойынша проблемалық сұрақтар туындаған жағдайда, оларды жою үшін Комитетке уақтылы хабарлансын.



Одан басқа, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерімен ҚР Бас Прокурорының 16.11.2011 жылғы № 109 бұйрығының талаптарына ведомстволық жүйелерді сәйкес келтіру мүмкіндігі және кейін АӨБЕ АЖО-на өтініштерді есепке алуды қайта көшіріп енгізу қажеттігінің жоқтығы туралы ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Жеке және заңды тұлғалардың

өтініштерін есепке алу бөлімі




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет