Ақпарат жеткізушiлердiң ақпаратты беру тәртібіне қойылатын

жүктеу 139.55 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі139.55 Kb.
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 14.09.2012 17:12:25
Ақпарат жеткізушiлердiң ақпаратты беру тәртібіне қойылатын
шарттар мен ең төменгi талаптар туралы, кредиттiк тарих
субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға
беруге келісімiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келісімдi
ресiмдеу тәртібі туралы және кредиттiк есеп беру шарттары
мен тәртібі туралы ереженi бекіту жөнiнде Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы
№ 250 қаулысы

(2007.23.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

"Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттiгiнiң (бұдан әрi Агенттiк) Басқармасы қаулы етеді:

1. Ақпарат жеткізушiлердiң ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгi талаптар туралы, кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келісімiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келісімдi ресiмдеу тәртібі туралы және кредиттiк есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ереже бекітілсiн.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.

3. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):

1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.

4. Агенттiктiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Несiпбаев Р.Р.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсiн.

Төраға

Б. Жәмішев

"Ақпарат жеткізушiлердiң

ақпаратты беру тәртібіне

қойылатын шарттар мен ең

төменгi талаптар туралы,

кредиттiк тарих субъектiлерiнiң

олар туралы ақпаратты кредиттiк

бюроларға беруге келісімiн

ресiмдеу, кредиттiк есептi

беруге келісімдi ресiмдеу

тәртібі туралы және кредиттiк

есеп беру шарттары мен тәртібі

туралы ереженi бекіту жөнiнде"

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын және қаржы

ұйымдарын реттеу мен қадағалау

жөніндегі агенттiгi Басқармасының

2004 жылғы 21 тамыздағы № 250

қаулысымен бекітілдi

Ақпарат жеткізушiлердiң ақпаратты беру тәртібіне қойылатын

шарттар мен ең төменгi талаптар туралы, кредиттiк тарих

субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға

беруге келісімiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келісімдi

ресiмдеу тәртібі туралы және кредиттiк есеп беру шарттары

мен тәртібі туралы Ереже

Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюро және кредиттiк тарихтың қалыптасуы туралы" (бұдан әрi - Кредиттiк бюро туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының басқа нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес әзiрлендi және ақпарат жеткізушiлердiң ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгi талаптарды, кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келісімiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келісімдi ресiмдеу тәртібін және кредиттiк есеп беру шарттары мен тәртібін белгiлейдi.

Осы Ережеде Кpeдиттiк бюро туралы заңда анықталған ұғымдар мен терминдер пайдаланылады.

1-тарау. Ақпаратты кредиттiк бюроларға беру тәртібіне

қойылатын шарттар мен ең төменгi талаптар

1. Кpeдиттiк бюроларға ақпаратты ұсыну талаптары мыналар болып табылады:

1) кредиттiк бюромен ақпаратты ұсыну туралы шарт жасалғаннан кейiн екi күндiк мерзiмде жазбаша нысанда тiзiмдi және кредиттiк бюроларға ақпаратты ұсынуға жауапты және/немесе кредиттiк бюролармен жұмыс iстеуге уәкiлеттi өзiнiң қызметкерлерi туралы басқа да мәлiметтердi ұсыну;

2) кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге олардың алған келісімдерiнiң тiзiлiмiн және кредиттiк тарих субъектiлерi туралы кредиттiк бюроға өз сұратуларының тiзiлiмiн электрондық нысанда жүргiзедi.

2. Ақпаратты жеткізушiнiң кредиттiк бюроға ақпаратты беруiнiң негiзгi шарты кредиттiк бюроға ол туралы ақпаратты беруге кредиттiк тарих субъектiсiнiң келісімiн алу болып табылады.

ҚР ҚҚА  Басқармасының 2007.23.02  № 38 Қаулысымен 3 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

3. Жеке немесе заңды тұлғада кредиттiк тарих болмаған жағдайда, кредиттiк тарихтың деректер базасына сәйкес, ақпаратты жеткізушi кредиттiк тарихтың субъектiсi ретiнде бұл тұлға туралы бастапқы ақпаратты қалыптастырады .

4. Кредиттiк тарих субъектiсi туралы бастапқы ақпаратты кредиттiк тарихтың деректер базасына енгізу үшiн ақпаратты жеткізушi оны электрондық нысанда кредиттiк бюроға жiбередi.

5. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредит беру туралы жасалған шарт талаптарының не өзге мiндеттемелердiң орындалуы туралы қосымша ақпаратты оны қалыптастыру шарасы бойынша және кредиттiк бюро анықтаған нысанда ақпаратты жеткізушi кредиттiк бюроға бередi.

2-тарау. Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты

кредиттiк бюроларға беруге келісімiн ресiмдеу, кредиттiк

есептi беруге келісімдi ресiмдеу тәртібі

ҚР ҚҚА  Басқармасының 2007.23.02  № 38 Қаулысымен 6  тармақ  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

6. Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюроға олар туралы ақпаратты беру туралы келісімі осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес ресімделеді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.03. № 102 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

7. ҚР ҚҚА  Басқармасының 2007.23.02  № 38 Қаулысымен   алып тасталды  (бұр. ред. қара).

ҚР ҚҚА  Басқармасының 2007.23.02  № 38 Қаулысымен  8  тармақ  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

8. Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті беруге келісімі осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес ресімделеді. Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алуға берген келісімін алғандығы туралы растама кредиттік бюромен анықталған тәртіппен кредиттік бюроға алушымен ұсынылады.

ҚР ҚҚА  Басқармасының 2007.23.02  № 38 Қаулысымен  9  тармақ  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

9. Осы Ереженің 6 және 8-тармағында көрсетілген кредиттік тарих субъектілерінің келісімдері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және құжаттардың сақталу тәртібін айқындайтын ішкі құжаттарға сәйкес ақпаратты жеткізушілермен және алушылармен сақталуға жатады.

Егер кредиттік тарих субъектісі өзінің келісімінде ол барлық мүмкін дерек көздерінен ақпаратты алуға және (немесе) беруге қатысты екендігін көрсеткен жағдайда, онда осы келісімнің нотариатта куәландырылған көшірмесі соңынан келісім бойынша кредиттік бюроға онымен келіскен мерзімде сондай субъект туралы ақпаратты жинау мүмкіндігі болу үшін ұсынылады.

3-тарау. Кредиттiк есеп берудiң шарттары мен тәртібі

10. Кредиттiк бюро туралы заңның 29-бабының 1-тармағында көзделген негiздер бойынша оны алуға құқығы бар тұлғаның сұратуы бойынша, Кредиттiк бюро туралы заңның 24-бабында көрсетiлген ақпараты бар электрондық немесе қағаз нысанында кредиттiк есептi кредиттiк бюро бередi.

11. Кредиттiк бюро Кредиттiк бюро туралы заңға сәйкес кредиттiк есептер мен оны алушылардың тiзiлiмiн беруге байланысты құжаттарды есепке алады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

12. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында анықталған тәртiппен шешiледi.

Ақпарат жеткізушiлердiң

ақпаратты беру тәртібіне

қойылатын шарттар мен ең

төменгi талаптар туралы,

кредиттiк тарих субъектiлерiнiң

олар туралы ақпаратты кредиттiк

бюроларға беруге келісімiн

ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге

келісімдi ресiмдеу тәртібі туралы

және кредиттiк есеп беру

шарттары мен тәртібі туралы

ереженiң 1-қосымшасы

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.03. № 102 қаулысымен 1-қосымша өзгерді (бұр. ред. қара) ; ҚР ҚҚА  Басқармасының 2007.23.02  № 38 Қаулысымен  1  қосымша  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

Кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы

ақпаратты кредиттік бюроларға беру келісімі

____жылғы "__"_______          жергілікті уақыт ___  сағат __ минут

Жеке тұлға үшін

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(фамилиясы, аты-жөні (бар болса), туған күні және жері, тұратын

мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні)

Заңды тұлға үшін 

(толық атауы, тұратын орны, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)

туралы куәлікке сәйкес тіркеу нөмірі немесе оның мемлекеттік

тіркелуі жөніндегі заңнама бойынша заңды тұлғаны бірегейлендіру

үшін ресми қолданылатын басқа бірегейлендіру нөмірі)

барлық кредиттік бюроларға 

(осы келісімді ресімдеп отырған ақпаратты жеткізуші Кредиттік бюро

туралы Заңның 23-бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес Қазақстан

Республикасының аумағындағы барлық кредиттік бюроларға жібереді)

немесе

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(осы келісімді ресімдеп отырған ақпаратты жеткізуші Кредиттік бюро

туралы Заңның 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы

барлық кредиттік бюроларға жіберуге міндетті емес болса, кредиттік

бюроның атауын көрсетуі керек).

кредиттік бюроға

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(ақпарат көз(дер)інің атауын көрсету. Егер ақпарат берудің барлық

мүмкін дерек көздерінен ұсынуға келісім берілген жағдайда бұл

туралы белгі қою қажет),

болып отырған

және болашақта аталған дерек көз(дер)іне келіп түсетін

__________________________________________________________________

(болашақта келіп түсетін ақпаратты ашуға келісім болған жағдайда

қол қойылуы қажет; болашақта келіп түсетін ақпаратты ашуға келісім

болмаған жағдайда сызықша қойылуы қажет),

мүліктік сипаттағы оның қаржылық және басқа міндеттемелеріне қатысты

ақпаратты беруге осы келісімді береді

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(жеке тұлға үшін: өз жеке қолымен фамилиясы, аты-жөні (егер бар

болса), жеке қолы қойылады;

Заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның атауы көрсетіледі, егер тұлға заңды

тұлғаның атынан сенімхат негізінде іс-қимыл жасайтын болса,

сенімхаттың деректемелерін көрсете отырып, сенімхат түпнұсқасын қоса

беріп, осы келісімге қол қоятын заңды уәкілетті тұлғаның қолы

қойылады)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(осы келісімді қабылдаған ұйым атауы; осы келісімді қабылдауға

уәкілетті тұлғаның фамилиясы, аты-жөні және қолы) жібереді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.03. № 102 қаулысымен 2-қосымша өзгерді (бұр. ред. қара) ; ҚР ҚҚА  Басқармасының 2007.23.02  № 38 Қаулысымен   2 қосымша  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

Ақпарат жеткізушiлердiң

ақпаратты беру тәртібіне

қойылатын шарттар мен ең

төменгi талаптар туралы,

кредиттiк тарих субъектiлерiнiң

олар туралы ақпаратты кредиттiк

бюроларға беруге келісімiн

ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге

келісімдi ресiмдеу тәртібі туралы

және кредиттiк есеп беру

шарттары мен тәртібі туралы

ереженiң 2-қосымшасы

Кредиттік тарих субъектілерінің

кредиттік есепті алушыға кредиттік

есепті беруге келісімі

____жылғы "__"________        жергілікті уақыт ___  сағат ___ минут

Жеке тұлға үшін

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(фамилиясы, аты-жөні (бар болса), туған күні және жері, тұратын

мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні)

Заңды тұлға үшін

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(толық атауы, тұратын орны, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)

туралы куәлікке сәйкес тіркеу нөмірі немесе оның мемлекеттік

тіркелуі жөніндегі заңнама бойынша заңды тұлғаны бірегейлендіру

үшін ресми қолданылатын басқа бірегейлендіру нөмірі)

кредиттік бюродағы оның мүліктік сипаттағы қаржылық және басқа

міндеттемелеріне қатысты ақпарат және келешекте кредиттік бюроға

түсетін ақпарат осы келісімді қабылдаған ақпаратты алушыға кредиттік

бюродан ашылатындығы жөнінде осы келісімді береді.

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(жеке тұлға үшін: өз жеке қолымен фамилиясы, аты-жөні (егер бар

болса), жеке қолы қойылады; 

Заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның атауы көрсетіледі, егер тұлға заңды

тұлғаның атынан сенімхат негізінде іс-қимыл жасайтын болса,

сенімхаттың деректемелерін көрсете отырып, сенімхат түпнұсқасын қоса

беріп, осы келісімге қол қоятын заңды уәкілетті тұлғаның қолы

қойылады)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(осы келісімді қабылдаған ұйым атауы; осы келісімді қабылдауға

уәкілетті тұлғаның фамилиясы, аты-жөні және қолы).".

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.03. № 102 қаулысымен 3-қосымша өзгерді (бұр. ред. қара)

 ҚР ҚҚА  Басқармасының 2007.23.02  № 38 Қаулысымен   3  қосымша   алып тасталды  (бұр. ред. қара)

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.03. № 102 қаулысымен 4-қосымша өзгерді (бұр. ред. қара)

ҚР ҚҚА  Басқармасының 2007.23.02  № 38 Қаулысымен   4  қосымша   алып тасталды  (бұр. ред. қара)

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.03. № 102 қаулысымен 5-қосымша өзгерді (бұр. ред. қара)

ҚР ҚҚА  Басқармасының 2007.23.02  № 38 Қаулысымен   5  қосымша   алып тасталды  (бұр. ред. қара)

©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет