Ақпараттандыру туралы



бет2/4
Дата14.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#135132
1   2   3   4

              саласындағы құзыреті

      Орталық атқарушы органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретіне: 

      1) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстармен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану тәртібін, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсету тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша айқындау; 

      2) ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлеу және уәкiлеттi органмен келiсу;

      3) орталық атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасау тәртібін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп айқындау;

      4) "электрондық үкіметті" қалыптастыру, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; 

      5) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін ұйымдастыру; 

      6) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелердің есепке алынуы мен тіркелуін, сондай-ақ депозитке берілуін қамтамасыз ету;


      7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,


              астананың) жергілікті атқарушы органдарының
              ақпараттандыру саласындағы құзыреті

      1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ақпараттандыру саласындағы құзыретіне: 

      1) жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарымен өзара іс-қимыл жасайтын ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану тәртібін, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсету тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша айқындау; 

      2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте iске асырылатын ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлеу және уәкiлеттi органмен келiсу;

      3) "электрондық әкімдікті" қалыптастыру және жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; 

      4) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін, оның ішінде осы қол жеткізуді ұйымдастыру үшін адамдар тұрмайтын үй-жайлар бөлу арқылы ұйымдастыру

      5) мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердің есепке алынуы мен тіркелуін, сондай-ақ депозитке берілуін қамтамасыз ету жатады. 

      2. Төмен тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте электрондық қызметтер көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.


      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9-бап. Ақпараттандыру саласындағы оператордың құзыреті

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді -2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      Ақпараттандыру саласындағы оператор:

      1) ақпараттандыру саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыру мақсатында мемлекеттiк органдардың инвестициялық жобаларын жоспарлауға, қалыптастыруға және талдауға қатысады, сондай-ақ оларды дамытуға қатысуға құқылы;

      2) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылын, олардың әлемдік ақпараттық жүйелерге интеграциялануын қамтамасыз етеді; 

      3) Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметі" инфрақұрылымының жобалық интеграторы қызметін жүзеге асырады; 

      4) бағдарламалық-аппараттық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелер енгізуді және (немесе) және оларды сүйемелдеуді жүзеге асырады, сондай-ақ осы мақсаттар үшін персоналды оқытуға құқылы; 

      5) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуіне техникалық жағдай жасалуын қамтамасыз етеді; 

      6) алып тасталды - ҚР 2009.07.10. N 178-IV Заңымен; 

      7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің интернет-ресурсы мен Қазақстан Республикасы "электрондық үкіметінің" веб-порталын құру мен техникалық жағынан сүйемелдеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының мониторингін қамтамасыз етеді; 

      8) алып тасталды - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;

      9) "электрондық үкіметті" қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсетеді

      10) алып тасталды - ҚР 2009.07.10. N 178-IV Заңымен;  

      11) Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметін" қалыптастыру кезінде жобаларды басқару және техникалық жағынан сүйемелдеу функцияларын жүзеге асырады.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.10 N 178-IV Заңымен, 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       9-1-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия

      1. Мемлекеттік техникалық қызмет мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін:
      1) ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттық зерттеуді;
      2) мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттық жүйелерін, ақпараттық-коммуникациялық желілерін, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдасатын мемлекеттік емес жүйелерді қорғауды қамтамасыз етудің мониторингін;
      3) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдерін, бағдарламалық кодтарын сынақтан өткізуді және олардың нормативтік-техникалық құжаттамасына сараптама жүргізуді;
      4) мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiн құруға, енгiзуге және дамытуға бағытталған инвестициялық жобалардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізуді;
      5) Интернет желісіне қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық почтасының бірыңғай шлюзін техникалық сүйемелдеуді;
      6) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық жүйелер депозитарийінің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың мемлекеттік тіркелімін жүргізуді;
      7) ақпараттық-коммуникациялық желілер мониторингі жүйесін ұйымдастырушылық және техникалық сүйемелдеуді;
      8) жоғарғы деңгейдегi қазақстандық домендік атауға қызмет көрсететiн домендiк атаулар серверлерiнiң үзiлiссiз орнықты жұмыс iстеу мониторингін;
      9) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын байланыс операторларының ақпараттық-коммуникациялық желілерін адрестеу және нөмірлеу жоспарларын сүйемелдеуді жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органның келісімі бойынша уәкілетті орган белгілейді.
       Ескерту. 2-тарау 9-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10 N 178-IV Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      9-2-бап. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік


                ортасы операторының өкілеттіктері

      Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы:


      1) мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық желілерін интеграциялауды жүзеге асырады;
      2) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын жобалауды, құруды және дамытуды басқарады;
      3) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына әкімшілік етуді және сервистік қолдауды, аппараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық іс-шараларды жүзеге асырады;
      4) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына және әлемдік ақпараттық ресурстарға қосуды жүзеге асырады;
      5) ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосылған жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік органдарға және олардың аумақтық бөлімшелеріне байланыс қызметтерін көрсетеді;
      6) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының байланыс арналарының қорғалуын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
      Ескерту. 2-тарау 9-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9-3-бап. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторының


               өкілеттіктері

      «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы:


      1) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      2) мемлекеттік органдармен төлемақы талап ететін электрондық қызметтер көрсетудің тізбесін кеңейту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
      3) екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдардың клиенттеріне «электрондық үкіметтің» транзакциялық сервистерін ұсыну мәселелері бойынша екінші деңгейдегі банктермен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
      4) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі шеңберінде жүргізілетін операцияларға кепілдік берілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      5) аударым операцияларын лицензиясыз жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторының Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасын орындауын бақылауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 2-тарау 9-3-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

3-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР, ОЛАРДЫ


ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ

      10-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың түрлері

      1. Электрондық ақпараттық ресурстар меншік құқығына қарай: 

      1) мемлекеттік

      2) мемлекеттік емес болып бөлінеді. 

      2. Электрондық ақпараттық ресурстар қолжетімділік санатына қарай: 

      1) жалпыға ортақ қолжетімді; 

      2) қолжетімділігі шектелген болып бөлінеді. 

      3. Бюджет қаражаты есебінен құрылатын, сатып алынатын және жинақталатын, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік болып табылады.
      Мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар ұлттық болып табылады.

      4. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен құрылатын және сатып алынатын, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алынған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік емес болып табылады. 

      5. Меншік иесі немесе иемденушісі пайдалану шарттарын көрсетпей беретін немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстар, сондай-ақ өзіне қол жеткізу еркін болып табылатын және оларды беру және тарату тәсілінің нысанына байланысты болмайтын мәліметтер жалпыға ортақ қолжетімді болып табылады.

      6. Оларға қолжетімділікті Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда иеленушісі шектейтін мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.


      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      11-бап. Мүлік құрамының элементі және меншік құқығының


               объектісі ретіндегі электрондық ақпараттық
               ресурстар

      1. Электрондық ақпараттық ресурстар мүлік құрамының элементі ретінде мемлекеттік және жеке меншікте болуы мүмкін. 

      2. Электрондық ақпараттық ресурстарға меншік құқығы мен өзге де құқықтардың туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі. 

      3. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады, оның ішінде:

      1) электрондық ақпараттық ресурстарды шаруашылық жүргізуге немесе оралымды басқаруға беруге; 

      2) өз құзыреті шегінде электрондық ақпараттық ресурстарға өңдеу, қорғау және қол жеткізу режимі мен ережелерін белгілеуге

      3) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, көшіру және тарату кезінде оларға билік ету шарттарын айқындауға құқылы. 

      4. Заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес олардың мүлкінің құрамына енгізіледі. 

      5. Мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес олардың қарауындағы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік мүлік құрамында есепке алынуға және қорғалуға тиіс. 

      6. Субъектілер мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін міндетті тәртіппен өздері ұсынған электрондық ақпараттық ресурстарға өз құқықтарын жоғалтпайды. 

      7. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен билік етуге құқылы. 

      8. Электрондық ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатқызылған жағдайда, мемлекет оларды жеке және заңды тұлғалардан сатып алуға міндетті. Меншік құқығы тоқтатылған кезде электрондық ақпараттық ресурстар олардың нарықтық бағасы негізге алына отырып бағаланады. 

      9. Ақпараттық жүйелерге және өзге де электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу құралдарына меншік құқығы басқа меншік иелеріне тиесілі электрондық ақпараттық ресурстарға меншік құқығын туындатпайды. 

      10. Ақпараттық жүйелер құрамына енгізілген электрондық ақпараттық ресурстарға құқықтар электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелері арасындағы келісіммен айқындалады. 

      11. Қызмет көрсетулерді ұсыну тәртібімен немесе ақпараттық жүйелер мен өзге де өңдеу құралдарын бірлесіп пайдалану кезінде өңделетін электрондық ақпараттық ресурстар электрондық ақпараттық ресурстардың иеленушісіне тиесілі болады. Бұл ретте жасалып, шығарылған өнімнің тиесілігі және оны пайдалану шартпен реттеледі.

      12-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру


               және пайдалану

      1. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі және (немесе) иесі оларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, еркін пайдалануға және таратуға құқылы. 

      2. Ақпараттық жүйелер арасындағы ақпараттық алмасу нысанасы болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану мен тарату осы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иесі және (немесе) иеленушісі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. 

      3. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қалыптастырылады. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қалыптастыру үшін сатып алынатын немесе жасалатын бағдарламалық өнімдердің қазақ тілінде интерфейсі болуға тиіс.

      4. Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалануды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. 

      5. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, сақтау және пайдалану, оларға қол жеткізу мен қорғау ережелерін олардың меншік иесі және (немесе) иеленушісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындайды және қамтамасыз етеді. 

      6. Осы Заңның 14-бабында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың электрондық ақпараттық ресурстарды беруі міндетті болып табылады. 

      7. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жөніндегі қызметі бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.


      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      13-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық


              ресурстар

      Ескерту. 13-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      1. Дербес деректердi қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады, олардың жиналуы, өңделуі жинау мақсаттарымен шектеледi.

      2. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеке тұлғалардан олардың жеке және отбасының құпиясын қамтитын жеке өмірі, оған қоса олардың шығу тегі, денсаулығы, көзқарастары, саяси және діни нанымдары туралы мәліметтер беруді қоса алғанда, жеке тұлғалардың хат алысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарларының құпияларын талап етуге немесе мұндай мәліметтерді олардың еркінен тыс өзгеше түрде алуға ешкімнің құқығы жоқ. 

      3. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар үшін сол деректер өзіне тиесілі жеке тұлға оларды берген кезден бастап құпиялылықтың сақталуы міндетті. 

      4. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.


      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      14-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу

      1. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары жалпыға ортақ қолжетімді болып табылады. 

      2. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік құпияларға жатқызылған және құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар болып бөлінеді. 

      3. Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік құпияларға жатқызу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

      4. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық ақпараттық ресурстарды құпиялыққа жатқызу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 

      5. Мыналарды: 

      1) мемлекеттік құпиялардан тұратын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілерді; 

      2) төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, азаматтардың, елді мекендер мен өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ауа райы, санитарлық-эпидемиологиялық, өзге де жағдайлар туралы мәліметтерді; 

      3) мемлекеттік органдардың қызметі туралы ресми мәліметтерді; 

      4) мемлекеттік органдардың, кітапханалардың, мұрағаттар мен өзге де ұйымдардың ашық ақпараттық жүйелерінде жинақталған мәліметтерді қамтитын мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді шектеуге болмайды.

4-тарау. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР, ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ


ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ

      15-бап. Ақпараттық жүйелердің түрлері

      1. Ақпараттық жүйелер меншік құқығына қарай: 

      1) мемлекеттік; 

      2) мемлекеттік емес болып бөлінеді. 

      2. Ақпараттық жүйелер қолжетімділік санатына қарай: 

      1) жалпыға ортақ қолжетімді; 

      2) қолжетімділігі шектелген болып бөлінеді. 

      3. Бюджет қаражаты есебінен құрылатын және (немесе) сатып алынатын, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алған ақпараттық жүйелер мемлекеттік болып табылады.
      Мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан тұратын ақпараттық жүйелер ұлттық болып табылады. 

      4. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен құрылатын және (немесе) сатып алынатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алынған ақпараттық жүйелер мемлекеттік емес болып табылады. 

      5. Олардың меншік иесі немесе иеленушісі оларды пайдалану шарттарын көрсетпей беретін немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ өзіне қол жеткізу еркін болып табылатын және оларды беру және тарату тәсілінің нысанына байланысты болмайтын электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер жалпыға ортақ қолжетімді болып табылады. 

      6. Оларға қолжетімділікті Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда иеленушісі шектейтін электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйелер болып табылады.

      16-бап. Меншік құқығының объектісі ретіндегі ақпараттық
               жүйелер

      1. Ақпараттық жүйенің меншік иесінің ақпараттық жүйеге тұтас мүлік кешені ретінде иелену, пайдалану және билік ету құқығы болады. 

      2. Техникалық құралдардың, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелері әртүрлі тұлғалар болған жағдайда, ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы тұлғалар арасында келісіммен айқындалады. 

      3. Егер электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі өзгеше белгілемесе, ақпараттық жүйенің меншік иесі электрондық ақпараттық ресурстардың орнын ауыстыруға және таратуға тыйым салуға немесе оған шек қоюға құқылы.

      17-бап. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру, қол



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет