Вирустардың кіруі
Компьютер вирусты жұқтырған кезде оны табу керек. Ол үшін оның ең басты көрінетін белгілерін білу керек. Оларға келесі белгілерді жатқызуға болады:
компьютердің ақырын жұмыс істеуі
операциялық жүйенің жүктелмеуі
файлдардың және каталогтардың жоғалуы немесе олардың мазмұнының өзгеруі
файлдың күнінің немесе уақытының өзгеруі
файлдардың мөлшерінің өзгеруі
файлдардың белгісіз бір себептен компьютерде көбейіп кетуі
жедел жадының бос орынының азайуы
экранда қаралмаған бейнелердің немесе сөздердің шығуы
қаралмаған дыбыстардың берілуі
компьютердің жиі жұмысын тоқтатып қалуы
Жоғарыда айтылған барлық жағдай вирус бар дегенді білдіреді.
Вирустан қорғану тәсілдері
Вирус қандай болмасын, қолданушы одан қорғанудың негізгі тәсілдерін білуі қажет. Вирустан қорғану үшін мынаны қолдануға болады:
винчестер қорғалып тұрған сияқты файлдардыңда жалпы қорғаушы түрлері
профилактика
вирусқа қарсы программаларды орнату
Жалпы қорғаушы түрлері дегеніміз:
информацияның және дискінің облыстық жүйелерінің көшірмесін жасау.
информацияға шектеулі қолдану қою.
ВИРУСҚА ҚАРСЫ ҚҰРАЛДАР
Вирустардың жіктелуі. Компьютерлік вирустардың әртүрлі типтері бар: жүктелетін, файлдық, макровирустар және желілік.
Жүктелетін вирустар дискеттердің немесе винчестердің жүктеуші секторларын зақымдайды. Жүктелетін вирустармен зақымдалған жүйені қайта қосқанда басқаруды операциялық жүйенің жүктеуші программалық кодына емес, вирус кодына береді.
Файлдық вирустар өзінің көбеюі үшін операциялық жүйенің файлдық жүйесін пайдаланады. Файлдық вирустар әртүрлі форматтағы (EXE, COM, BAT, SYS және т.б.) орындалушы файлдарды зақымдайды.
Барлық жүктелетін және файлдық вирустар резидентті, яғни компьютердің оперативті жадында орналасады және пайдаланушының жұмыс істеу процесінде қауіпті жағдайлар (дискеттегі мәліметтерді өшіріп тастау, аттарын және басқа да атрибуттарын өзгерту және т.б.) тудырады. Резиденттік вирустардан емдеу қиын, зақымдалған файлдарды дискіден өшіргенмен олар компьютердің оперативті жадында қалып қояды және файлдарды қайта зақымдауы мүмкін.
Макро-вирустар мәліметтерді өңдеуге арналған жүйелерге (мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер және т.б.) орнатылған тілдерде жазылған программалар болады. Өзінің көбеюінде мұндай вирустар макро-тілдер мүмкіндіктерін қолданады және олардың көмегімен зақымдалған файлдың (құжаттың немесе кестенің) біреуінен басқаларына көшеді. Макро-вирустар көбінесе Visual Basic for Application тілінің мүмкіндіктерін қолданатын Microsoft Office-те кең таралды.
Пайдаланушы құжатпен жұмыс істеу барысында әртүрлі әрекеттер орындайды: құжатты ашады, сақтайды, баспаға шығарады, жабады және т.б. Мұндай кезде қосымшалар сәйкес келетін стандартты макростарды іздейді және орындайды. Макро-вирустар стандартты макростардан тұрады, олардың орнына шақырылады және әр ашылған және сақталынған құжаттарды зақымдайды. Макро-вирустардың жағымсыз әрекеті түзілген макростар (мәтіндерді орналастыру, меню қосымшасының орындалуына тиым салу және т.б.) көмегімен таралады.
Макро-вирустар шектелген резидентті болып табылады, яғни олар оперативті жадыда болады және құжаттарды қосымша ашық тұрғанда зақымдайды. Сондай-ақ, макро-вирустар құжат шаблондарын зақымдайды және сол себепті зақымдалған қосымша жүктелуінде-ақ іске қосылады.
Желілік вирустар жергілікті және ауқымды желі хаттамаларын пайдалану барысында таралады. Желілік вирустардың негізгі жұмыс принципі — өз кодын алыста орналасқан компьютерге беріп, тасымалдай алуы.
Достарыңызбен бөлісу: |