«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша


курс Жеке пәндерді сипаттау



бет38/67
Дата24.04.2016
өлшемі4.5 Mb.
#79259
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67

4 курс
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Менеджмент және маркетинг негіздері

Пәннің коды: ММN 4204

Пәннің типі: Базалық цикл, таңдау компонент

Оқу жылы: 4 - оқу жылы

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Елпанова М.А.

Курстың мақсаты:

Менеджмент: әрекет түрлері және басқару жүйелері, оқиғаларды моделдеу және шешімдер жасау, менеджменттіњ табиғаты және міндеттер құрамы, менеджмент жүйелерін ұйымдастыру формалары, менеджмент жүйелеріндегі реттеу және бақылау, тауар рыногін кешенді зерттеу, рыногті сегменттеу.



Деректемелері/Пререквизиттері: гидротехникалық құрылымдар; су энергиясын пайдалану; су күшінің қондырғылары; ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және суландыру.

Курстың/пәннің мазмұны:

Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары, маркетингтік орта, маркетингтік зерттеулер және ақпарат жүйесі, рынокты саралаудың әдістемелік негіздері, маркетинг жүйелеріндегі тауар, баға және олардың саясаттары, тауар жылжыту және тарату, маркетингтік жоспарлау және бақылау.



Ұсынылатын әдебиет:

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық, практикалық, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы

Трансшекаралық өзендерді пайдалану проблемалары



Пәннің коды: TОРР 4209

Пәннің типі: Базалық цикл, таңдау компонент

Оқу жылы: 4 – оқу жылы

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: т.ғ.д., профессор Т.Қ.Қарлыханов

Курстың мақсаты: Болашақ мамандарға трансшекаралық өзендерді пайдалану проблемаларын түсіндіру. Трансшекаралық өзендердің техногенді түрде бүлінген су көздерін қорғау мәселелерін ғана емес, сонымен қатар табиғатты пайдаланудың жалпы мәселелерінде қамтиды. Курсты оқып, игеру болашақ мамандардың дүниетанымдық және ойлы әрекеттік дайындығының кеңеюіне ықпал жасайды. Пәнді оқып, игеру барысында алған білімдері адамның антропогендік іс-әрекетінің нәтижесінде болатын табиғат жүйесінің тепе-теңдігінің бұзылуының және бүлінуінің себептерін анықтауға қол жеткізеді. Білімгерлерді Қазақстандағы жалпы су қорлармен және су көздерімен таныстыру. Трансшекаралық су қорлары мен су көздерінің ластану себептерімен таныстыру. Қазақстан республикасындағы трансшекаралық су көздерін пайдалану және оның проблемалары туралы түсіндіру. Трансшекаралық табиғи су ресурстарын ұқыпты және тиімді пайдалану шараларын, су қорларын қорғау әдістерін үйрету.

Деректемелер/Пререквизиттер: Мектептегі физикалық география, химия, физика, математика, ботаника, биология пәндері. Жоғары оқу орнында: математика, геодезия, экология, мелиоративтік топырақтану, геология және гидрогеология, мелиоративтік егіншілік, өсімдік шаруашылығы, суару мелиорациясы, ландшафттану және табиғи-техногендік кешендер.

Курстың/пәннің мазмұны: Жер шарындағы жалпы су қорлары. Су қорлары туралы жалпы түсінік. ТМД елдерінің сумен қамтамасыздануы. Трансшекаралық су көздері. Жалпы түсінік. Су көздерін пайдалану кезінде мемлекеттер арасында туындайтын проблемалары.Қазақстандағы барлық теңіздері, көлдері, өзендері. Трансшекаралық су көздерін пайдалануда БҰҰ қабылданған нормативтік құжаттар, келісімдер.Трансшекаралық және халықаралық көлдерді пайдалану және қорғау жөніндегі конвенция. Қазақстан республикасының Ресей федерациясымен трансшекаралық су көздері. Қазақстан республикасының Қырғызстан республикасымен трансшекаралық су көздері. Қазақстан республикасының Қытай мемлекетімен трансшекаралық су көздері. Қазақстан республикасының Өзбекстан республикасымен трансшекаралық су көздері. Шығыс Қазақстан облысының су ресурстары. Батыс Қазақстан облысының су ресурстары. Солтүстік Қазақстан облысының су ресустары.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Охрана природы / А.Г.Банников, А.К.Рустамов, А.А.Вакулин; Под ред. А.Г.Банникова – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Агропромиздат, 1985. -287с.

  2. Бурлибаев М.Ж., Достай Ж.Д, Турсунов А.А. – Арало-Сырдарьинский бассейн. – Алматы: Дәуір – 2001. - 180 с.

  3. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды

  4. Қазақстан Республикасының су кодексі.-Алматы,2003.-67б.

  5. Географические научные школы Московского университета. – М.: Городец, 2008. – 680 с.

  6. Охрана природы и природных ресурсов // Под ред. В.Д.Бондаренко. – Львов: Вища школа, Изд-во при Львовском университете, 1985. – 192 с.

  7. Охрана природы: Справочник / Митрюшкин К.П., Берлянд М.Е., Беличенко Ю.П. и др. -2-е изд., перераб. и доп. М.: Агропромиздат, 1987. – 269 с.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру, интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары.
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Гидротехникалық құрылымдар

Пәннің коды: GK 4301

Пәннің типі: Кәсіптендіру цикл, міндетті компонент

Оқу жылы: 4-оқу жылы

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Шомантаев А.Ә. – а/ш.ғ.д., профессор, Отарбаев Б.С. – а/ш.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Гидротехникалық құрылымдарды пайдалануына жалпы принциптермен, негізгі түсініктермен, факторлармен, гидротехникалық құрылымның негізгі техникалық ұзақ мерзімге пайдалану әсерімен, сушаруашылық объектісінде гидротехникалық құрылымдарды әр-түрлі типтерге экологиялық аспектісімен таныстыру. Визуальдық және инструментальдық көріністер құрылыстан кейінгі туралы түсіндіру. Көктемдегі және тасқын суларының өтімділігін натуралдық көріністерден, жалпы және жергілікті шайылуынан, күресу әдістерімен, гидротехникалық құрылымның төменгі беткейдегі жөндеу тәсілдерімен, орта және кіші өзендердің апат жағдайынан қорғау тәсілдерін үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, география, жоғарғы математика, геодезия, сызба геометрия, химия, табиғи сулардың сапасын жақсарту.

Курстың/пәннің мазмұны: Гидротехникалық құрылымдардағы (ГТҚ) курстық және дипломдық жобалауға қойылатын талаптар. Негізгі ережелер мен нормалар. Жобалау туралы жалпы түсініктер. Жобалауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар.Құрылымдар кластары.Жалпы ережелер. Жобалау технологиясы. Жобаның мәтіндік және сызба материалдарын жасауға қойылатын талаптары. Тасты және топырақ бөгеттері. Қолдану шарттары. Сүзілуге қарсы элементтері. Бөгеттің тұрақтылығы және деформациясы. Ашық, жабық, құбырлы, мұнаралы,туннельдік сужібергіштердің типтері және конструкциялары. Құрылыс өтімділіктерін анықтау. Каналдағы құралдар. Реттегіш құрылымдар, классификациялар, ерекшеліктері және жұмыс шарттары. Құрылымның типтері: ашық, жабық, диафрагмалық және олардың конструкциясы. Су өлшеуіш құрылымдар. автоматикалық су жіберудің принциптері. >

Ұсынылатын әдебиет:

1. Ә.Қадырбаев, Ә.Ауланбергенов. Гидравлика негіздері және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету. Алматы – 1996ж.

2. Б.М.Мыржықбаев, А.Б.Мыржықбаева. Гидравликалық машиналар мен насос станциялары атауларының түсіндірме сөздігі. Тараз – 1998ж.

3. Проектирование насосных станций и испытание насосных установок. Под ред. В.Ф.Чебаевского. Москва – 1982г.

4. Насостар және насос қондырғыларын сынақтан өткізу. Б.М. Мыржықбаевтың ред.шыққан. Тараз - 1997ж.

5. Насосы и насосные станции. Под ред. В.Ф.Чебаевского. Москва - 1989г.



6. Б.М.Мыржықбаев. Қалақшалы «ОВ» және ОПВ тектес насостар. Тараз – 1997ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық, практикалық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Кешенді мелиорация

Пәннің коды: KМ 4303

Пәннің типі: Кәсіптендіру цикл, міндетті компонент

Оқу жылы: 4 – оқу жылы

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Ақылбаев Қ.И. – техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Болашақ бакалаварларға кешенді мелиорация және өлкенің ландшафттық ерекшеліктерін жан-жақты ескере отырып, ауылшаруашылық өндіріс жүйесін үлгілеу және оған деген топырақтың бейімделген даму серпілісін бағалау туралы білім беру. Бұл пән ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялау кезеңінде табиғи және заттық ресурстарды тиімді және теңгермелі дәрежеде пайдалануды қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық, мелиоративтік шараларды негіздеуге тиісті шешімдерді қабылдауға қажетті негізгі пәннің бірі болып табылады.

Деректемелер/Пререквизиттер: Мектептегі физикалық география, химия, физика, математика. Жоғары оқу орнында: математика, геология және гидрогеологиялық негіздері, геодезия, гидрология және гидрометрия, мелиоративтік топырақтану, мелиоративтік егіншілік, гидравлика, өсімдік шаруашылығы, ландшафттану және табиғи-техногендік кешендер, суару мелиорациясы, мелиорациядағы инженерлік шешімдерді экологиялық негіздеу, мелиоративтік жүйелерді жобалау, жерді баптау және қорғау.

Курстың/пәннің мазмұны: Білімгерлерді кешенді мелиорация негізі, мәні, мақсаты және шешуге тиісті мәселелерін үйрету. Табиғи ортаның экологиялық және экономикалық орнықтылығын қамтамасыз ететін кешенді мелиорацияның өлщшемдерін дұрыс таңдауды үйрету. Ландшафтардың өңімділігін бағалау үшін географиялық жүрістерді пайдалануды үйрету. Табиғи жүйені адам тіршілік ететін орта ретінде ландшафттық экологиялық тұрғыда бағалай білуді үйрету. Кешенді мелиорация арқылы бейімделген – ландшафттық егіншілік жүйенің бейнесін құру ерекшеліктермен таныстыру. Кешенді мелиорацияның негізгі ілімі. Ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялаудың экологиялық қағидасы. Ауылшаруашылық жерлерді баптаудың мелиорациясы. Суармалы жерлердің мелиоративтік жүргісін оңтайландырудың теориялық негізі. Кәріз жүйесін жобалау – суармалы жерлердің мелиоративтік жүргісін басқарудың элементі. Суармалы жерлердің экологиялық-экономикалық орнықтылығының әдістемелік негізі.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Мустафаев Ж.С. Методологические и экологические принципы мелиорации сельскохозяйственных земель. Тараз, 2004. – 306 с.

  2. Голованов А.И., Суриков Т.И., Сухарев Ю.И. и другие. Основы природообустроиства. –М.: Колос, 2001.

  3. Мустафаев Ж.С. и др. Ландшафтно-экологическое обоснование адаптивного мелиоративного режима почвы при реконструкции техногенных нарушенных природных систем в низовьях реки Сырдарья (Аналитический обзор), Тараз, 2002. -100с.

  4. Оптимизация мелиоративных режимов орошаемых сельскохозяйственных земель. –М.: ВО «Агропромиздат», 1990. -60с.

Сабақ беру әдістері: дәріс Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары.
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Гидромелиоративтік жүйелерді пайдалану

Пәннің коды: GZhP 4304

Пәннің типі: Кәсіптендіру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 4-оқу жылы

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Сағаев Ә.Ә. – техника ғылымдарының кандидаты, профессор

Курстың мақсаты: Білімгерлерді гидромелиоративтік жүйелер мен басқа да су шаруашылығы объектілерін пайдалануды ұйымдастыру негіздерімен таныстыру. Жүйелер мен құрылымдарды пайдалану қызметшілерінің міндеттерімен таныстыру. Жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту үшін жасайтын жұмыстар: су режимін реттеу, барлық объектілерді, ғимараттарды техникалық жабдықтарды, қондырғыларды қалыпты жағдайда ұстап тұру ұйымдастыру және техникалық шаралармен таныстыру. Студенттерге шаруашылықтың ішіндегі және шаруашылық аралық су пайдалану жоспарын жасуады түсіндіру.

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, география, жоғарғы математика, геодезия, сызба геометрия, химия, табиғи сулардың сапасын жақсарту, ландшафттану және табиғи-техногендік кешендер, суару мелиорациясы.

Курстың/пәннің мазмұны:

Гидромелиоративтік жүйелерді пайдалану курсының мазмұны. Жүйелердің классификациясы. Гидромелиоративтік жүйелерді пайдалануға және басқаруға қолданылатын техникалық құралдар. Өндірістік зерттеулер және гидромелиоративтік жүйелерді болашақта дамытудың жоспары. Гидромелиоративтік жүйелердің техникалық қызметі және жөндеу жұмыстары. Гидромелиоративтік жүйелерді пайдаланғандағы табиғатты қорғау. Шаруашылықтардағы суды беру, суару және бөлу жоспарын құру. Су пайдалану кезіндегі су ресурстарын пайдалануды жақсарту. Гидромелиоративтік жүйелерді автоматтандыру.>



Ұсынылатын әдебиет:

1. Натальчук М.Ф., Ахмедов Х.А, Ольгаренко В.И. «Эксплуатация гидромелиоративных систем» - М., Колос

2. Шаров И.А. «Эксплуатация гидромелиоративных систем» - М.,

3. Бочкарев Я.В., Натальчук М.Ф. «Практикум по эксплуатация и автоматизация гидромелиоративных систем» - М., Колос, 1980.

4. Натальчук М.Ф. «Шаруашылықтың ішіндегі суармалы жүйелерді пайдалану» - М., Колос, 1969.

5. Ольгаренко В.И., Волковский П.А. «Гидромелиоративтік жүйелерді пайдалану» - М., Колос, 1969.

6. Натальчук М.Ф. «Суармалы жүйелерді пайдалану» - М., Колос, 1971

7. Под ред. Алексеева В.И. и Гершунова Э.В. «Гидротехникалық анықтамалар» - А., Қайнар, 1972

8. Богушевский А.А., Голованов А.И. «ауыл шаруашылығының гидротехникалық мелиорациясы» - М., Колос, 1971

9. Зайцев В.Б. «Суармалы күріш жүйелері» - М., Колос, 1971

10. Зубайров О.З., Сағаев Ә.Ә. «Суғару және суғару жүйелерін пайдалану» - Қызылорда, 2000.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Сала экономикасы

Пәннің коды: SЕ 4306

Пәннің типі: Кәсіптендіру пәні, міндетті компонент

Оқу жылы: 4-оқу жылы

Оқу семестрі: 8

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Шайнұров А.С.э.ғ.к.

Курстың мақсаты: Қазақстандағы су шаруашылығының қазіргі жағдайы, әсіресе біздің республикадағы суғармалы жерлердің, су жүйелерінің сапасы, оларды пайдалану жағдайы, су шаруашылығының негізгі және айнымалы қорлары (қаражаттары), нарықтық кезеңдегі инвестициялық саясаттың ерекшеліктері, су шаруашылығы мен ауыл шаруашылығының нарықтық экономикаға көшу кезіндегі экономикалық қарым қатынастары, еңбекті ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу жүйесі және салық түлеудің ережелері, өндіоіс шығындары және су шаруашылығының орындаған жұмыстарына, өндірген өнімдеріне баға қою мәселелері, күрлелі қаржылар, олардың экономикалық тиімділігі, су шаруашылығындағы кәсіпорындарды жекешелендіру мәселелері т.б. проблемалар қарастырылған.

Деректемелері/Пререквизиттері: экономика негіздері және де негізгі мамандықтар бойынша оқылатын пәндер.

Курстың/пәннің мазмұны: Нарықтық экономикаға қөшу кезеңінде экономиканың түрлі бағыттарынан білімгерлердің білмін кеңінен арттыру, оның ішінде шаруашьрықтардағы ңегізгі және айналмалы қорларды тиімді пайдалану, жаңадан бөлінген күрделі қаржыларды дұрыс жұмсау (әсіресе су шаруашылығына бөлінген қаржыларды), су жүйелерін салу үшін жасалған жобалардың ең тиімді вариантын экономикалық түрғыдан анықтау, жаңа технологияны және техникаларды өндіріске енгізу нәтижесінде болатын экономикалық тиімділікті анықтау, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын судың бағасын анықтау, гидроэлектростанциялардағы өндірілетін энегияның бағасын белгілеу т.б. есептерді үйрету.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Зузик Д.Г . Экономика водного хозяйства. М.Колос, 1980

2. Ақжапов Ә.А.Әймен Ә.Т. Су шаруашылығы экономикасы.Тараз.,2000

3. Ақжанов Ә.А., Әймен Ә.Т Су шаруашылығы экономикасы.Тараз, ТарМУ, 2007 (практикум)

4. Щавелев Д.С. и др. Экономика гидротехнического и водохозяйственного строительстиа М., 1986.

5. Андреева Д.З. Экономический анализ прозводственной деятельности водохозяйственных организации. М.1989

6. Натальчук М.Ф., Ольгаренко П.И., Сурим В.А. Эксплуатация гидромслиоративных систем.М.Колос,1985

7. Мухамеджанов В.Н., Мусекенов М.М., Мирситов Р.Г. Экономическая оценка и формирование системы цен и платежей за оросительную вод. Тараз, 2000



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Мелиорация мен су шаруашылығындағы жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау

Пәннің коды: MSShZhUZh 4301

Пәннің типі: Кәсіптендіру циклы, таңдау компонент

Оқу жылы: 4-оқу жылы

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Қазбекова Б.М. – су ресурстары және суды пайдалану магистрі, оқытушы

Курстың мақсаты: Білімгерлерді жоспарлау-ізденіс, құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру әдістері, мелиоративтік жүйелерді жөндеу және қайта құру, құрылыс өндірісінің экономикалық негіздері, мелиоративтік және су шаруашылығы мекемелерінің құрылымы, жүйесі және функциясы, әртүрлі меншіктегі мекемелердің шаруашылық қызметі туралы негізгі ережелер, өндірістік процесстер және жұмыстарды келешекке, жылдық, өтпелі және жүйелі жоспарлаудың жаңа әдістері, жұмыстарды материалдық-техникалық қамтамсыз ету, құрылыс жұмыстарының сапасын басқару тақырыбындағы сұрақтармен таныстыру, оқыту және үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, география, жоғарғы математика, геодезия, сызба геометрия, мелиоративтік топырақтану, гидротехникалық құрылымдар, гидравлика.

Курстың/пәннің мазмұны:

Су мекемелері және ауыл шаруашылық жүйесі және олардың функциясы. Орталық және регионалдық су шаруашылық органдары және оның құрылымы. Мелиорация және су шаруашылығы жүйесінің мекемелерінде еңбек процессін ұйымдастыру. Еңбекті ұйымдастыру. Жобалау ізденіс жұмысын ұйымдастыруы. Жобалау мекемелерінің құрылымы, жүйесі және функциясы. Күнтізбелік жоспар. Күнтізбелік жоспардың негізгі принциптері. Күнтізбелік жоба жиыны. Торлама графиктің есебі. Торлама графиктің параметрлері. Құрылыс объектісінің жоба-сметалық құжаттарын сараптау.Құрылысқа қажетті материалдық ресурсқа тапсырыс беру. Тасымалдау жұмысын үиымдастыру. Құрылыс материалдарының объектілік құнын анықтау. Техникалық қызмет пен жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру. Жөндеу жұмыстарын жоспарлау.>



Ұсынылатын әдебиет:

1. Дикман Л.Г. «Организация и планирование строительного производства» - М., Высшая школа.

2.Ясинецкий В.Г. «Организация, планирование и основы управления водохозяйственным строительством» - М., Колос.1982

3. Хамзин К.С. «Құрылыс өндірісінің технологиясы». Алматы. Қайнар, 1991ж.

4. Байманов А.А., Жүсіпов М.М. «Құрылыс өндірісін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару». Қызылорда. 2010 ж.

5 Зубайров О.З., Сағаев Ә.Ә. «Суғару және суғару жүйелерін пайдалану» - Қызылорда, 2000.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

5В090700 – «Кадастр» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының

жалпы сипаттамасы
Университет 5В090700 - “Кадастр” мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті берген 03.02.2010 жылғы АБ №0137434 мемлекеттік лицензиясына 03.02.2010 жылғы №0111046 қосымшасы негізінде білім беру қызметін жүзеге асырады.

Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған тұлғаларға 5В090700 – «Кадастр» мамандығы бойынша «кадастр бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Оқу деңгейлері (сатылары): бакалавриат

Бағдарламаға қабылдау жөніндегі талаптар: 5В090700 - “Кадастр” мамандығы бойынша бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жалғастыруға тілек білдірген білімалушылар өз ЖОО-да бір акдемиялық кезеңді бітірген, оқу үлгерімі «А», «А-», «В+», «В», «В-» болуы және заманауи техникалық құралдардан ақпаратты алу мен өңдеуді игерген, сонымен қатар шет тілін еркін меңгерген болуы қажет.

Бағдарламалардың білім беру және кәсіби мақсаттары/оқуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігі: Отандық және халықаралық еңбек нарығына сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Білім алушыны интеллектуалдық тұрғыда дамыту, жерге орналастыру саласы бойынша құзіретті мамандарды тәрбиелеу. Қоғамға және қоршаған ортаға қатынастарын реттейтін мәдениеттілікті, этикалық және құқықтық нормаларды үйрету арқылы білім беру, білімалушыға өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыруды, заманауи ақпараттық білім беру технологияларын қолдануды жүзеге асыратын кәсіби білім беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет