«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша



бет40/67
Дата24.04.2016
өлшемі4.5 Mb.
#79259
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67

Сабақ беру әдістері – Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.

Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Топырақтану

Пәннің коды: Тор 2206

Пәннің типі: Базалық міндетті пән

Оқу жылы: II

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: аға оқытушы, т.ғ.к. Далдабаева Г.Т.

Курстың мақсаты: жерді мелиорациялау, рекультивациялау және қорғаудың негізгі объектісі топырақты әр түрлі тұрғыдан қарастыра отырып білім беру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Геодезия, экология

Курстың/пәннің мазмұны: Топыраққұраушы факторлар. Топыраққұралу процесіне шолу. Топырақтың құрамы, қасиеті және құбылымдары.Топыраққұраушы жыныстар мен топырақтың минералдық (А) және механикалық (Б) құрамы. Топырақтың органикалық бөлшегі. Топыраққұраушы жыныстар мен топырақтың химиялық құрамы. Топырақтың сіңіру қабілеті. Топырақтың түйіртпелігі. Топырақтың физикалық қасиеті. Топырақтағы су және су қасиеттері мен құбылымы (режимі). Топырақтың жылу қасиеттері. Топырақ ерітіндісі. Топырақ құнарлылығы мен ферменттер. Топырақтарды жіктеу. Топырақ географиясы және оны аудандау. Топырақ эрозиясы және онымен күресу шаралары. ТМД-ның жер қоры, оны егіншілікте пайдалану және қорғау. Топырақты агроөндірістік топтау және бонитеттеу.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Тазабеков Т.Т., Калдыбаев С.К., Тазабекова Е.Т., Топырақтану. Алматы, 2004.

2. Фаизов К.Ш., Кененбаев С.Б., Мамутов Ж.У., География и экология почв Казахстана. – Алматы, 2006.

3. Фаизов К.Ш. и др. Почвы Казахстана. – Алматы, 2001.

4. Қ. Ділімбетов, Ғ.Қ. Ділімбетова Топырақтану негіздері Алматы 1997.

5. Мирзадинов Р.А.,Дүйсенбеков С.Л. Қазақстан топырақтары /Орысша-қазақша анықтамалық сөздік/ Алматы: КазККА, 2008

6. Почвоведение с основами геологии: Учебное пособие. Мн: Новое знание, 2002

7. Розанов Б.Г. Морфология почв. Учебник. Москва: Акадамический проект, 2004

8. Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., т.б. Топырақтану. Оқу құралы. Алматы: ҚазККА, 2009

9. Тайжанов Ш.Т. Топырақтану. Оқу құралы. Павлодар С.Торайғыров ат.ПМУ, 2002ж.



Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Фотограмметрия



Пәннің коды: FOTGR 1101

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: II

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: аға оқытушы Жусупова Л.К.

Курстың мақсаты: суреттердің геометриялық бейнелеу қасиеттерін, ауылшаруашылық сызба пландары мен карталарын құрудың бүгінгі күнгі құралдарын, ауыл шаруашылығының практикалық мәселелерін шешкенде арақашықтық зондылау әдістерін пайдалану мүмкіншілігін оқытып, үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: Жоғары математика, есептеу техникасы, физика, геодезия, табиғатты қорғау, егіншілік.

Курстың/пәннің мазмұны: Аэро және ғарыштық түсіріс материалдарын пайдалану теориясы, тәсілдері және құралдары. Фотограмметрия саласындағы жаңа аэорофототүсіріс құрылғылары, фоторамметриялық және стерофотограмметриялық құралдар, есептеу техникалары. Аэрофототүсіріс материалдары бойынша пландарды жасаудың заманауи әдістері. Жерге орналастырудағы жерге орналастыру жобасын жасау, жерді есепке алу және бағалау, аумақты зерттеу, шешу барысында аэрофототүсіріс материалдарын тиімді пайдалану.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Ильинский Н.Д.,Обиралов А.И., Фостиков А.А. Фотограмметрия и дешифрирование снимков Москва Недра 1985 г

  2. Обиралов А.И. Дешифрирование снимков для целей сельского хозяйства Москва Недра 1982 г

  3. Практикум по дешифрированию снимков (учебное пособие) Москва МИИЗ 1978 г.

  4. Практикум по фотограмметрии (учебное пособие) Москва МИИЗ 1978 г.

  5. Абдығалиева С.С. Кертешов Т.С. Қалмұратов Е.Д. Фотограмметрия. Әдістемелік нұсқаулар. Алматы,1997

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.



Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: аэрофотосуреттер жиынтығы, сызу жабдықтары.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Кадастрдың ғылыми негіздері



Пәннің коды: KGN 2208

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: II

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: аға оқытушы Алдабергенова А.А.

Курстың мақсаты: жерге орналастыру мен кадастрдың жалпы теориясымен, жер заңдылықтарын жүзеге асырудағы жерді тиімді, толық пайдалануы мен қорғауға бағытталған жер қатынастарын реттеуге арналған мемлекеттік іс-шаралармен, жерге орналастыру мен жер кадастрының әдістемелік мәселелерімен, терминдерімен, ғылыми сипаттамалары, ұғымдары және осы салаларда қолданылатын басқа да түсініктермен таныстыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, жер қатынастары мен жерге орналастыру тарихы.

Курстың/пәннің мазмұны: Халық шаруашылығының барлық салаларының және ауыл-шаруашылық кешенінің дамуында жер қорының тиімді пайдалануының маңызы. Жер – жылжымайтын мүлік және нарықтық механизмнің маңызды объектісі ретінде. Жерге орналастырудың жалпы түсінігі. Жердің экожүйе мен қоғамдық өндірістегі орны мен ролі. Жер еңбек заты, еңбек құралы және өндірістің жалпы құралы ретінде. Қазақстан Республикасының жер қорының жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Жер қорының алқаптық құрамы, олардың сапалық сипаттамасы. Жер қатынастары және олармен өзара байланыстағы жерге орналастыру мен жер кадастрының ролі мен маңызы. Жер қатынастары мен жерге орналастырудың дамуының жалпы кезеңдері.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Қазақстан Республикасының Жер кодексі. Алматы: «Юрист», 2010.

2. Жер туралы заңнамалар. Нормативтік актілер жиынтығы. Алматы: «Юрист», 2010.

3. Гендельман М.А., Қырықбаев Ж.Қ. Жерге орналастыру және кадастрдың ғылыми негіздері: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2004.



4. Қазақстан Республикасының жер ресурстары. Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару агенттігі, Астана - 2010.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.

Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жер кадастры

Пәннің коды ZhK 2214

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: II

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: аға оқытушы Алдабергенова А.А.

Курстың мақсаты: жер кадастры туралы студенттерге теориялық білім беру, кадастр жұмыстарын жүргізудің негізгі әдістері, жер-кадастрлық құжаттарды жүргізу бойынша практиқалық дағдыландыру, пайдаланатын жерлерді тіркеуді, есепке алуды, жерді бағалауды меңгеру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Геодезия, жобалар мен схемаларды графикалық безендіру, топырақтану, жер мелиорациясы, жерге орналастыру мен жер кадастрының ғылыми негіздері

Курстың/пәннің мазмұны: ҚР халық шаруашылығының және агроөндірістік комплексі-нің казіргі жай-күйі және келешекте даму жоспары. Жер – маңызды табиғи ресурс, қоғамның бағаланбайтын, ештеңемен алмастырылмайтын байлығы. Жер кадастрының түсінігі, мақсаты мен міндеті. Жер кадастрының пайда болуы мен дамуы. Жердің негізгі қасиеттері және оларды жер кадастрын жүргізу барысында ескеру. Қазіргі жағдайдағы жер кадастрының халық шаруашылық маңызы. Жер кадастрының ғылыми негіздері. Жер кадастрының негізгі принциптері және классификациясы. ҚР жер қоры – жер кадастрының объектісі ретінде. Жер санаттары және оның қысқаша сипаттамасы. Жер кадастр құрамында алқаптарды классификациялау. Кадастрлік бірліктер. Алқап – жер кадастрының негізгі элементі. Жер кадастрын жүргізу барысында мәліметтерді алу, өңдеу және талдау әдістері. Жер – кадастрлік мәліметтер және оларды алу әдістері. Жер кадастрының мәліметтерін алудың, өңдеудің және талдаудың статистикалық әдістері. Жер кадастрды жүргізудің негізгі сұрақтары. Жер кадастрлік процесс. ҚР Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Чешев А.С., Фесенко И.П. Земельный кадастр. Учебник для вузов.-М., Издательство «ПРИОР»,2001.

  2. ҚР Жер Кодексі – Алматы, 2003.

  3. Дубенок Н.Н., Шуляк А.С. Землеустройство с основами геодезии – М.: Колос, 2003.

  4. Сейфуллин Ж.Т. (жалпы редакциясын басқарған). Жер кадастры. Оқулық – Алматы; ҚазҰАУ, 2001.

  5. Апарин Б.Ф., Русаков А.В., Булгаков Д.С. Бонитировка почв и основы Государственного земельного кадастра: Учебное пособие.-СПб.:Изд-воС-Петерб.университета, 2002.

  6. Жумабеков Е.У., Темирбеков А.Т., Основы земельного кадастра:Учебное пособие:- Алматы:Қазақ университеті, 2004

  7. Тазабеков Т., Апушев А., Тазабекова Е. Топырақ және қоршаған орта: Қазақша-орысша терминологиялық сөздік: Оқу құралы –Алматы:2001.

Сонымен қатар, «Земельные ресурсы Казахстана (Қазақстанның жер ресурстары) », «Землеустройство, кадастр и мониторинг», «Кадастровый вестник» атты журналдарды пайдалануға болады.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

балдық рейтиингтік әріптік жүйе



Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.

Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жерге орналастыру және кадастрдағы геодезиялық жұмыстар

Пәннің коды: ZhOGZh 2215

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: II

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: аға оқытушы Жусупова Л.К.

Курстың мақсаты: жерге орналастыру барысында орындалатын геодезиялық жұмыстардың теориялық негізін оқыту және келесі шараларды игеруге үйрету: план-картографиялық материалды түзету; жерге орналастыруда аудандарды анықтау тәсілдері; жер учаскелерін жобалау әдістері және тәсілдері; жерге орналастыру жобаларын жер бетіне көшіру; эрозияға қарсы шаралар жүйесін және жерді қалпына келтіруді жүзеге асыруда, елді мекендерді орналастыруда, мелиоративтік объектілерді жобалауда және құруда орындалатын геодезиялық жұмыстар.

Деректемелері/Пререквизиттері: жоғары математика, есептеу техникасы, физика, геодезия, табиғатты қорғау, егіншілік.

Курстың/пәннің мазмұны: ауылшаруашылығы мақсатындағы жұмыстарға қажет планды – картографиялық материалдар, аудандарды анықтау әдістері, учаскелерді жобалау және жобаларды жерге шығару, олардың дәлдіктері, ауылдық елді мекендерді жобалау және оны жерге шығару барысында орындалатын геодезиялық жұмыстар.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Маслов А.В., Юнусов А.Г., Горохов Г.И. Геодезические работы при землеустройстве- Москва Недра 1990 г.

  2. Маслов А.В., Гордеев А.В., Батраков Ю.Г. Геодезия - М, Недра 1980 г.

  3. Батраков Ю.Г. Геодезические сети сгущения- М., Недра, 1987

  4. Парамонова Е.Г., Юнусов А.Г. Геодезические работы в мелиоративном стройтельстве, М., Недра., 1981

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: Планиметрлер, сызу жабдықтары, әдістемелік нұсқаулар аудандардың жерге орналастыру схемалары, нормативтік актілердің жинағы, жер пайдалану планы, жер есептік мәліметтер және кітапхана қоры.

.

Курстың/пәннің/юниттің атауы:



Жер мониторингы

Пәннің коды: ZhM3217

Пәннің типі: базалық міндетті пән

Оқу жылы: II

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: аға оқытушы, а.ш.ғ.к. Елеуова Э.Ш.

Курстың мақсаты: жерге байланысты іс-әрекеттерді жүзеге асыру барысындағы шешімдерді қабылдауда еліміздің жер қорының жағдайы туралы мәліметерді тұрақты түрде жаңартып, әр түрлі мәліметтерге талдау жүргізу, яғни қоршаған ортаны, жағдайына, ең алдымен оның басты объектісі болып табылатын жердің жағдайына жүйелі түрде кешенді бақылаулар жүргізу тәртібін оқыту, үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: геодезия, жер кадастры, картография, экология, топырақтану

Курстың/пәннің мазмұны: Жер мониторингінің мақсаты мен мазмұны. Жер мониторингын жүргізудің ғылыми әдістемелік, әдістемелік-қолданбалы, қолданбалы, және ақпаратты-техникалық бағыттары. Жерді кешенді түгендеу жұмыстарының жалпы ережесі, мазмұны. Кешенді инвентаризациялық жұмыстар. Кешенді тізімге алу барысындағы жердің экологиялық бағасын анықтау жұмыстары. Жер иелену мен жер пайдалану жерлерін және бүлінген жерлерді түгендеу жұмыстарының мазмұны. Жердің санды және сапалы есебі үшін дайындық және бақылау жасау. Ауыл шаруашылығы алқаптары топырағының жергілікті тұз режимінің өзгерісіне бақылау жасау. Топырақ эрозиясының өте қауіпті аймақтарындағы жерге орналастыру ерекшеліктері. Жел, су, су эрозиясы туралы түсінік. Топырақтың жел эрозиясы тараған аймақтарда территорияны эрозияға қарсы ұйымдастыру. Топырақтың ауыр металдармен ластануына бақылау жасау. Топырақ ауыр металдармен ластануына бақылау жасауда жұмыстарды орындау тәртібі. Өсімдіктердегі ауыр металдардың жиналуына бақылау жүргізу кезеңдері. Су көздері жерлері мен елді мекен жерлерін түгендеу жұмыстарының мақсаты. Түгендеуге алынатын жерлер. Жер бақылауының ақпаратты-техникалық қамтамасыз етілуі. Жер бақылауы нәтижелерін қарау мен бекіту тәртібі. Ауыл шаруашылығы алқаптары топырағы бақылауын жүргізудің жалпы ережесі және оны жүргізудің әдістемелік-қолданбалы бағыты. Дайындық кезеңі. Далалық кезең. Камеральды кезең. Ауыл шаруашылығы алқаптары топырағы бақылауын жүргізудің қолданбалы бағытының мазмұны. Топырақ зертеу, қайта зерттеу және түзету жұмыстарын жүргізу бағыттары.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. ҚР Жер Кодексі 01.06.2003. Алматы, «Юрист», 2003.

  2. Құрманова Г.К. Методические указания для выполнения лабораторно – практических работ по дисциплине «Мониторинг земель». Казахский Аграрный Университет им.С.Сейфуллина. Астана, 2002.

  3. Қызылорда облысының жер алқаптары жөніндегі статистикалық мәліметтер 01.01.2010 ж.

  4. И.Г.Архипов. Қазақстан Республикасы Жер құқығы. Алматы.: «Борки», 1997

  5. ҚР Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңы, «Егеменді Қазақстан» 05.09.1997.

  6. ҚР Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңы «Егеменді Қазақстан» 06.09.1997.

  7. «ҚР Жер қайнауы қорғау туралы» Заңы «Егеменді Қазақстан» 20.04.1996.

  8. М.А.Гендельман «Землеустроительное проектирование». ТОО «ЭВЛЮ», 1996.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.

Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Егіншілік және өсімдік шаруашылығы

Пәннің коды: ТК 2201

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: II

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3 KZ кредиті

Дәріс беруші: аға оқытушы Алдабергенова А.А.

Курстың мақсаты: теориялық ойлау қабілетін жетілдіру, егіншілік және өсімдік шаруашылығы түсінігін, мазмұны мен міндеттерін егіншілік және өсімдік шаруашылығы заңдылықтарын, өсімдік тіршілігі факторларын және оларды реттеуді, топырақ құнарлығын ұдайы арттыру тәсілдері, өсімдіктің өсуіне қолайлы жағдай жасау, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің бүгінгі технологиясы туралы ұғым беру және олардың теориялық дайындығын қалыптастыру, өсімдік тіршілігі факторлары мен жағдайлары және ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі құралы – жер (топырақ) туралы білім беру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Топырақтану, экология

Курстың/пәннің мазмұны: ҚР халық шаруашылығының және агроөндірістік комплексі-

нің казіргі жай-күйі және келешекте даму жоспары. Жер – маңызды табиғи ресурс,қоғам-ның бағаланбайтын, ештеңемен алмастырылмайтын байлығы. Егіншілік және өсімдік шаруашылығы түсінігі, мазмұны мен міндеттері, егіншілік және өсімдік шаруашылығы заңдылықтары, топырақ құнарлығын ұдайы арттыру тәсілдері; өсімдіктің өсуіне қолайлы жағдайлар. Егіншіліктегі өсімдіктер тіршілігі. Өсімдіктер тіршілігіне қажетті сыртқы орта факторлары – жарық, жылу, ауа, су және коректік заттар. Транспирациялық коэффициент. Өсімдіктердің химиялық құрамы және қоректенуі. Өсімдіктердің топырақтан қоректенуі. Ғылыми егіншіліктің негізгі заңдары. Ауыл шаруашылығы өндірісінің құралы – топырақтың құнарлылығы. Топырақ және оны түзуші факторлар. Топырақ құрылымы мен құрамы. Топырақ құнарлылығының факторлары. Арам шөптер және олармен күресу. Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері. Арамшөптермен күресу. Топырақ өңдеу. Топырақ өңдеудің ғылыми негіздері және міндеттері. Топырақ өңдеудегі техноло-гиялық процесстер. Топырақ өңдеу жүйелері. Егістік топырағын эрозиядан қорғаудың агротехникалық негіздері. Ауыспалы егістіктер. Дақылдар ауысуының ғылыми негіздері. Ауыспалы егістік жүйесі. Ауыспалы егістіктердің жіктелуі. Суармалы егіншіліктегі ауыспалы егістіктер. Тұқым және егіс. Егіншілік жүйелері. Өсімдік шаруашылығының теориялық негізі. Өсімдік шаруашылығының түсінігі. Дәнді дақылдар. Дәндіастық дақылдарының құрылысы мен өсіп-жетілуі. Күздік астықтар. Малазықтық, бақшалық дақылдар, көпжылдық, бір жылдық шөптер. Тұқымтану негіздері.



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Егіншілік. Ә.Ә.Әзезов, Т.А.Атақұлов. 2005 ж. Алматы.

  2. Өсімдік шаруашылығы. М.Жанзақов 2007 ж. Тұмар.

  3. Агроэкология негіздері. М.Жанзақов, К.Мырзабек. 2007. Тұмар.

  4. Т.А.Атакулов, Т.С Кененбаев, Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, Агроуниверситет, 2000

  5. Карипов Р.Х. Практикум по земледелию. Учебное пособие Астана: Казахский аграрный университет имени С.Сейфуллина, 2002

  6. Кирюшин В.И. Экологические основы земледелия. Учебник для студентов ВУЗов- Москва: Колос, 1996

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.


Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жер мелиорациясы



Пәннің коды:ТК 2203

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: II

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3 KZ кредиті

Дәріс беруші: профессор, т.ғ.д. Қошқаров С.И.

Курстың мақсаты: Қазақстан Республикасының жер қоры сипаттамасы, топырақ түзілу факторлары, құрамы және қасиеттерін және құрылыс негіздеріне, су, жер ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын, оларды сақтау, қорғау әдістерін, сонымен қатар экологиялық бағалауды үйрету, мамандарға жердің жағдайын нашарлататын процесстерден сақтану және осы процесстерді тоқтату, техногенді түрде бүлінген жерлерді рекультивация жолымен қалпына келтіру әдістері жайлы білім беру және дүниетанымдық және ойлы әрекеттік дайындығының кеңеюіне ықпал жасайды.

Деректемелері/Пререквизиттері: геодезия, жерге орналастыру мен кадастрдың ғылыми негіздері.

Курстың/пәннің мазмұны: Мелиорация туралы түсінік. Мақсаты, бағыты, шешетін мәселелері, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік маңыздары. Мелиорацияның түрлері, олардың өзара тығыз байланысы және кешенді түрде қолдануы. Суару мелиорациясы. Суару туралы жалпы мағлұматтар. Суару режимі және оның элементтері. Ауылшаруашылық дақылдарын суару тәсілдері. Суару жүйелері. Су көздері. Суармалы жерлердің сортаңдануымен (тұздануымен) күрес. Сортаң топырақ түрлері. Мәденитехникалық мелиорация. Топырақ эрозиясы және онымен күрес. Құрғату мелиорациясы. Мелиорацияның экономикалық тиімділігі.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. А.Ж.Ақбасова және т.б. "Экология және табиғат қорғау", Алматы, 2002

  2. Ж.Жатқанбаев "Экология терминдерінің түсіндірме сөздігі", Алматы, 2000

  3. О.Зубаиров және т.б. "Мелиорацияның экологиялық негіздері", Қызылорда, 2000

  4. Қ.Ә.Әлімбетов және т.б. "Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері", Алматы, 2000

  5. М.С.Тонкопий "Экономика природопользования", Алматы "Экономика", 2002

  6. А.Баешов, Ж.Е.Дарибаев, Б.С.Шакиров, Ө.Қ.Мәдиев, А.С.Сарбасова Г.М.Тоқсейітова "Экология негіздері". Түркістан "Яссауи университеті", 2002

  7. Ә.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев, П.З.Сауытова "Экология", Алматы "Ғылым", ғылыми баспа орталығы, 2001

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет