«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша


Курстың/пәннің/юниттің атауы



бет6/67
Дата24.04.2016
өлшемі4.5 Mb.
#79259
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Информатика

Пәннің коды: Inf 1102

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3 KZ кредиті

Дәріс беруші: Боранбаева А.

Курстың мақсаты: Информатика пәнiн оқыту мақсаты студенттерге есептердi компьютер көмегiмен шешу әдiстерiн оқыту және оларды компьютерлiк жүйе мен ақпараттық технологияларды болашақ қызметiнде тиiмдi қолдануына дайындау болып табылады. Негізгі мәндеттері - информатиканың негiзгi ұғымдарын игеру мақсатында студенттердiң “алгоритмдiк“ ойлау дағдыларын қалыптастыру, ақпаратты қазiргi қоғамның ресурсы ретiнде бейнелеу және ақпараттық ресурстарды басқару әдiстерiн оқыту; студенттердi қазiргi заманғы озық әмбебап компьютерлердiң құрылысымен таныстыру және олардың компьютерде жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру; студенттерге алгоритмдiк тiлдердi, программалау әдiстерiн, ақпараттық жүйелер негiздерiн оқыту; қазiргi заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкiндiктерiн ашып көрсету және олардың даму перспективасын түсiндiру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін мектеп курсындағы информатика мазмұнын жақсы меңгеру қажет.

Курстың/пәннің мазмұны: Информатика ғылым жəне техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Деректерді тасымалдаушылар. Деректермен жұмыс істеу операциялары. Буль алгебрасы. Графтар және ағаштар. Компьютердің логикалық элементтері. Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері. Енгізу-шығару жəне тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары. Есепті шешудің стратегиялары және шешімді іздеу. Алгоритмдердің концепциялары мен қасиеттері, алгоритмдерді жүзеге асыру. Блок-схема алгоритмінің графикалық өңделуі. Ақырғы автоматтар. Пост және Тьюринг машиналары. Бағдарламалаудың негізгі конструкциясы. Заманауи қолданбалы бағдарламалық қамтамаларға шолу. Ақпараттарды өңдеу құралдары. Кестелік процессорлар. Баспа жүйелері. Деректер қорын басқару жүйелері. Графикалық редакторлар. Мультимедиялық қосымшалар. Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары. Желілер мен телекоммуникациялар. Web-қосымшаларын жасау технологиялары. Ақпараттық қауіпсіздік және оны құрушылар. Антивирустық бағдарламалар. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. «Электронды үкімет» инфрақұрылымы. Бизнес-үрдістерді талдау және құру технологиялары. Техникалық тапсырмаларды жасау принциптері. «E-Learning» электронды оқыту негізі. Электронды оқыту әдістері. «E-Learning» ортасының негізгі компоненттері. Білімді бағалау әдістемесі. «E-Learning» ортасын құрудың заманауи технологиялары.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. О.Камардинов. “Информатика“ – Шымкент, 2000ж.

  2. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика- Астана, 2004ж.

  3. Комягин В.Б., Коцубинский А.О. “Современный самоучитель работы на персональном компьютере“, Москва, 1997 г.

  4. Микляев А. “Настольная книга пользователя“ – Москва, 1997 г.

  5. Фигурнов В.Э. “ІBM PC для пользователя“ – Москва, 1999 г.

  6. Балапанов Е.Қ. Бөрiбаев Б. Дәулетқұлов А. “Информатика 30 сабақ. Жаңа ақпараттар технологиялар“ – Алматы, “ Шартарап“, 2001 ж.

  7. Балапанов Е.Қ., Б.Бөрiбаев, Г.Мадиярова. “Жаңа ақпараттар технологиялар“ – Алматы, 2000 ж

  8. Под редакцией С.В.Симоновича. “Информатика. Базовый курс“. –Санк-Петербург, 2002 г.

  9. Балапанов Е.Қ., Б.Бөрiбаев, Г.Мадиярова, Р.Дүзбаева. “Жаңа ақпараттар технологиялар“ – Алматы, 2001 ж

  10. Павлова Н.Т. Компьютерный курс лекций. Астана, 2001.

  11. Бөрiбаев Б. «Информатика және компьютер“ – Алматы, “Рауан“, 1996 ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша,орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК- Республикалық ЖОО аралық электронды кітапханалар).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Әлеуметтану

Пәннің коды: Ale 1103

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: Сахиев С. с.ғ.к., аға оқытушы;

Курстың мақсаты: Әлеуметтану курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім беру мемлекеттік білім стандартына сәйкестендірілген, студенттердің қажетті білім алуына, болашақ мамандардың әлеуметтік өмірдің маңыздылығы мен проблемаларын түсініп, дұрыс шешім қабылдап, ғылыми танымдарын қалыптастыруларына бағытталған.

Әлеуметтану курсын оқитын студенттер мына жағдайларды білуі қажет:



  • қоғамның әлеуметтік өмірі, әлеуметтік салалар, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік топ, тап, әлеуметтік дамудың түрлері мен бағыттарын білуі керек;

  • жеке тұлғалардың әлеуметтік статусын, әлеуметтік мобильділік ұғымын;

  • әлеуметтік тәртіптті, әлеуметтік шиеленістің шешілу жолдарын, басқарудың тиімді жақтарын;

  • социологиялық зерттеудің әдістемесі мен әдістерін жетік меңгеріп, түсінулері керек.

Деректемелері/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы

Курстың/пәннің мазмұны: Әлеуметтану ғылым ретінде (пәні, құрылымы және қызметтері). Әлеуметтанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері (алғашқы тарихы мен әлеуметтік-философиялық алғы шарттары). Классикалық және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар.

Қоғам, әлеуметтік институттар және өзара әрекеттесу. Әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар. Әлеуметтік өзара әрекеттесу жүйесіндегі тұлға (тұлға әлеуметтенуі). Әлеуметтік теңсіздік және әлеуметтік мобильділік. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация. Мәдениет әлеуметтік өзгерістер факторы ретінде. Әлеуметтік өмірдің жаһандық мәселелері және жалпыадамзат құндылықтары.

Орта деңгей теориялары (тұлға әлеуметтануы, білім әлеуметтануы, жастар әлеуметтануы, экономикалық әлеуметтану және т.б.). Әлеуметтік қақтығыстар және оларды шешу логикасы.

Әлеуметтанулық зерттеу әдіснамасы мен әдістері. Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасын әзірлеу. Әлеуметтанулық ақпарат жинау әдістері. Эмпирикалық әлеуметтанулық зерттеулерді талдау мен өңдеу тәсілдері.



Ұсынылатын әдебиет:

1.Аженов М.С., Биекенов К.У., Пузиков М.Ф. “Экономическая социология” А,2002

2.Аженов М.С., Утешов С.К., Жаназарова З.Ж. “Общая социология” Альбом схем А,2001

3. Аитов Н.А., Биекенов К.У. “Социология” А,2002

4. Арон Р. “Этапы развития социологической мысли” М,1992

5. Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. “Әлеуметтану негіздері” А, Экономика,2004

6. Добренько В.И.,Кравченко А.И. “Социология” М,2005

7. Әбсаттаров Р., Дәкенов М.“Әлеуметтану” алматы, Ғылым, 2003



Сабақ беру әдістері: интерактивті Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК- Республикалық ЖОО аралық электронды кітапханалар).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Саясаттану

Пәннің коды: Saya 2109

Пәннің типі: Жалпы білім беру

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: Омаров Д. – аға оқытушы;

Курстың мақсаты: Қазіргі қоғамның саяси шындығын шынайы түрде ашу саясаттанудың басты мағынасы болып табылады. Саясаттану пәні біздің ұстанып отырған оқу бағдарламасына сай студенттерге қоғамның саяси қатынасы, саяси сана, қоғамды біртұтас жүйе ретінде сақтау және т.б. сұрақтарға жауап береді.Саясаттану курсы саяси терминдердің ана тілімізде көрініс табуына және демократиялық саяси білімнің жаңа жүйесін қалыптастыруға ықпал ететіні анық.

Егеменді, демократиялық, құқықтық мемлекет құру жағдайында саяси ғылымдарды оқып үйренудің маңызы зор болып табылады.



Қоғамның дамуының теориялық негізін меңгермей, саяси білімсіз, саяси сана мен мәдениетті жетілдірмей ешқандай қоғамдық прогресс болмайды. Сол мақсатта, қазіргі жоғарғы оқу орындарында саясаттану курсын оқыту жүзеге асырылуда.

Деректемелері/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, философия, мәдениеттану, әлеуметтану, құқық негіздері.

Курстың/пәннің мазмұны: Саясаттану пәні, объектісі, әдісі, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орны. Саясаттанудың болашақ маман тұлғасын, азаматты қалыптастырудағы орны. Саяси ой дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық құбылыс ретінде, оның табиғаты, түрлері, мүмкіндіктері, шекаралары мен келешегі. Саясаттанудың субъектісі. Саяси элита мен көшбасшылық. Гуманитарлық мәні, демократиялық мазмұны мен саясаттың ізгілік сипаты. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халқыққа жолдауы аясындағы және үдемелі жаңару кезеңіндегі егеменді мемлекет саясаты. Билік қатынас пен процесс ретінде: пайда болуы, мәні, шығу көздері, ресурстары. Саяси жүйе. Саяси режим мен оның типтері. Демократияның теориялары мен моделі. Сайлау жүйелері. Басқару мен мемлекеттік құрылыс формасы. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар. Мемлекеттің қарым-қатынас формалары және азаматтық қоғам, Қазақстанның партиялық жүйесі. Саяси мәдениет пен саяси идеология, Қазақстан Республикасының ұлттық идеясы. Саясаттағы дағдарыстық және қақтығыстық жағдайлар, олардың алдын алу мен шешу жолдары. Әлемдік саясат пен қазіргі халықаралық қатынастар. Әлемдік саяси процестің ерекшеліктері. Жаңа геосаяси конфигурациядағы Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік мүдделері. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары, Орталық Азия аймағындағы және әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақты дамытуды қамтамасыз етудегі сыртқы саяси бастамалары.
Ұсынылатын әдебиет:

  1. Саясаттану негіздері. Қуандық Е. С. Оқу құралы. - Алматы «Дәуір», 2005.

  2. Саясаттану. Жамбылов Д. 2-басылым. Алматы - Жеті жарғы, 2005.

  3. Саясаттануға кіріспе. Мұстафин Т.Т. – Алматы, 1994.

  4. Политология. Нысанбаев А.Н. – Алматы, 1998.

  5. Политология. Энциклопедический словарь. – Москва, 1993.

  6. Политология в схемах и комментариях: учебное пособие/под ред. А.С.Тургаева, А.Е.Хренова. - СПб: Питер, 2005.

  7. Политология: Курс лекций / М.Н.Марченко, О.Э.Лейст, Е.А.Воротилин и др.; Под ред. М.Н.Марченко. - 3-е изд., перераб. и доп. - М.: ЗЕРЦАЛО, 2000.

  8. Политология: Словарь-справочник / М.А.Василик, М.С.Вершинин и др. - М.: Гардарики, 2000.

  9. Политология: Учебн. пособие / Сост. и отв. ред. А.А.Радугин. - 2-е изд., доп.. - М.: Центр, 2003.

  10. Политология: Учебник для вузов / Под ред. М.А.Василика. - М.: Гардарики, 2000.


Сабақ беру әдістері: интерактивті Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК- Республикалық ЖОО аралық электронды кітапханалар).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экология және тұрақты даму

Пәннің коды: Etd 1104

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: Балықбаева Г.Т., х.ғ.к, аға оқытушы

Курстың мақсаты: -биосфераның құрылымы мен қасиеттерiн зерттеу және қоршаған ортадағы өзгерiстер мен олардың экожүйеге әсерiн экологиялық тұрғыда талдау;

-ғаламдық экологиялық проблемаларға алып келетiн тепе-теңдiктiң бұзылуының нақты себептерiн анықтау жергiлiктi жердiң экологиялық хал-ахуалын бағалау;

-негативтi әлеуметтiк-экологиялық зардаптардың алдын-алу үшiн тез арада алдын-алу шараларын қолдану;

-талдау, зерттеу мәлiметтерi негiзiнде жергiлiктi жердiң экологиялық жағдайына мониторинг жасау;

-табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану және табиғатты экономика негiзiнде пайдаланудың принциптерiнiң орындалуына ықпал жасау;

-ауа, су, топырақ және биотикалық бiрлестiктердi экологиялық қорғаудың техникасы мен технологиясын жүйелi түрде қолдану;

-қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар бұзүшыларды жауапкершiлiкке тарту, жергiлiктi жердiң экологиялық картасын, шаруашылық субъектiлерiнiң табиғат қорғау құжаттарын /кәсiпорынның экологиялық паспорты, зиянды заттардың шектiк нормалары, экологиялық iс-шаралардың жоспарлары т.б./ жасай бiлу;

-қоршаған орта аумағында болып жатқан халықаралық қатынастардың iс-жоспарлары мен бағдарламаларынан хабардар болу.


Деректемелері/Пререквизиттері: Химия, экология негіздері

Курстың/пәннің мазмұны: Экологияның мақсат-міндеттері және әдістері. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы. Экология бөлімдері. Даралар экологиясы: ағзалар және олардың қоректенуі, экологиялық факторлар және оның классификациясы. Либихтың минимум заңы және Шелфордтың толеранттылық заңы. Толеранттылық шегі. Популяциялар экологиясы: статикалық және динамикалық сипаттамалары. Қауымдастықтар экологиясы: биоценоз, экожүйе және биогеоценоз туралы түсінік; экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары; экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы; биоценоздың трофикалық құрылымы; экожүйе өнімділігі. Экожүйенің тұрақтылығы және тұрақтылық механизмдері (гомеостаз және экологиялық сукцессия). Биосфера және оның тұрақтылығы. Биосфераның эволюциясы. Биосфера және ноосфера туралы В.И. Вернадскийдің ілімі. Тірі зат концепциясы. Ғаламдық биогеохимиялық айналымдар. Биосфераның қазіргі күйі. Тұрақты даму концепциясы. Тұрақты даму факторлары: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік. Тұрақты даму принциптері мен стратегиялары. Тұрақты дамудың бірден - бір аспектілерінің бірі табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану. Табиғи ресурстардың жіктелуі. Табиғатты тиімді пайдалану. Экологиялық таза альтернативті энергия көздерін пайдалану. Биосфераның тұрақсыздығының туындауына антропогендік факторлардың әсері. Тұрақты даму және қазіргі таңдағы әлеуметтік-экологиялық мәселелер. Тұрақты даму және табиғатты қорғау. Қоршаған ортаны қорғаудың әдістері мен принциптері. Қоршаған ортаны қорғаудың бір формасы қорғалатын территориялар. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуындағы экологиялық өзекті мәселелер.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Бейсенова Ә.С., Шiлдебаев Ж.Б., Экология. Оқу құралы. Алматы, 1999ж.

  2. Экология негiздерi. Оқулық/ Баешов А., Дәрiбаев Ж.Е. Шакиров Б.С. және т.б. –Түркiстан. 2000. –196 бет.

  3. Байдiлдаев Д.Л. Қазақстан Республикасыныњ экологиялық қҒқыѓы. – Алматы,2005

  4. Бродски А.К. Жалпы экологияныњ қысқаша курсы. – Алматы, 1998

  5. Жатқанбаев Ж. Экология терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2000

  6. Қосанов О. Қызылорда облысы жан-жануарларыныњ экологиялық ахуалы. Қызылорда, 2002

  7. Нұрғызарнов А. Аралдыњ экологиялық тынысы. Қызылорда, 2006

  8. Сыдықов К.С. Экологиялық аймақтаѓы нарықтық экономика. – Алматы, 1996

  9. Оразбаев Р.С. Экология негіздері. Астана, 2001

  10. Сағымбаев Г. Экология негiздерi. Оқу құралы. Ғылым, 1996ж


Сабақ беру әдістері: интерактивті Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК- Республикалық ЖОО аралық электронды кітапханалар).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Орыс тілі

Пәннің коды: OT 1105

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1-2

Кредит саны: 6 KZ кредиті

Дәріс беруші: аға оқытушы-Тайбекова Л.С., оқытушы-Сеилханова А.

Курстың мақсаты: өзіндік және кәсіби мүмкіндіктерді толық көрсете білуі үшін әртүрлі салаларда тілдесудің тәжірибелік технологияларын үйрету

Деректемелері/Пререквизиттері: -

Курстың/пәннің мазмұны: Жалпы қолданыстағы сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық минимумын кеңейту, грамматикалық формалар мен құрылымдарды, сөз қолданыстағы деңгейлік дәрежесіне байланысты меңгерту. Лексикалық және терминологиялық минимумдарды мамандығы бойынша меңгерту. Әңгімелеу, сипаттау, хабарлау сынды түрлі сөйлесім әрекетін құру. Грамматикалық формалар мен құрылымдарды функционалды аспектіде дұрыс қолдана білу.

Сөйлеу әрекетінің қағидатына (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) негізделген әлеуметтік-тұрмыстық және кәсіби саладағы өзекті, бейімделген және өңделген аса күрделі емес ауызша және жазбаша түрдегі прагматикалық мәтіндерді, диалог пен монологты белгілі бір тақырып аясында сұрыптау.



Ұсынылатын әдебиет:

1. Имангалиева Г.С. Русский язык. Астана, 2006 г.

2. Жаналина Л.К., Мусатаева М.Ш. Русский язык. Алматы, 2005 г.

3. Городилова Г.Г. Русский язык. Основной курс. М., 1990 г.

4. Абдыкулова К.Е., Ким Г.В. Русский язык. Алматы, 1995 г.

5. Благочиннова Т. и другие. Русский язык. Корректировочный курс.

Алматы 1997 год.

6. Городилова Г.Г., Хмара А.Г. Практикум по развитию речи. (Ч.1), Л.,1988г.

7. Метса А.А. и др. «Русский язык. Аудиовизуальный курс», М., 1991г.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс;

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК- Республикалық ЖОО аралық электронды кітапханалар).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Мамандыққа кіріспе

Пәннің коды: MK1101

Пәннің типі: Жалпы білім беру, таңдау компоненті

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: Абдрахманов С.Т., т.ғ.к, профессор

Курстың мақсаты: Мамандықтың мәнін ашу, мамандық курсына кіріспе. Бұл курсты оқу тіршілік әрекеті қауіпсіздігі негіздері бойынша студенттердің білімін қалыптастыруға бағытталған, экологиялық, өрт және қауіпсіздіктің басқа да түрлері, әрі қарай кәсіпкерлік дайындықтар үшін қажет. Студенттерді негізгі бөлімдер бойынша және тіршілік әрекеті қауіпсіздігі салаларын бағыттау мен қоршаған ортаны қорғауға, талдау дағдыларын дамытуға, қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік әрекеті қауіпсіздіктеріне қатысты шараларды жүзеге асыруға және болжауға дайындау; қоршаған ортаны қоргау мен тіршілік әрекеті қауіпсіздігі салаларында периодтық түрде шығып тұратын басылымдармен жұмыс дағдыларын оқу және ғылыми әдебиеттерді дамыту

Деректемелері/Пререквизиттері: Тіршілік қауіпсіздігі, экология

Курстың/пәннің мазмұны:. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім-жоғарғы мектеп және мамандарды даярлау, жоғарғы оқу орындарының Уставы, оқу үрдісін ұйымдастыру. Ақпараттама мен библиография негіздері. Мамандық бойынша қысқаша мағлұматтар, еңбек қорғаудың құқықтық және мөлшерлік негіздері, өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы, өндірістік үрдістер мен жабдық қауіпсіздігі техникасының жалпы мәселелері, өнеркәсіптік өртжарылыс қауіптілігі туралы жалпы мағлұматтар. Тіршілік әрекетін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері.
Ұсынылатын әдебиет:

1. ГОСО РК 3.08.-106 – 2004. Қазақстан Республикасының 5В073100 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты. – Астана, 2004.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы (30 тамыз 1995 ж).

3. Пеншин Е.В. Ғылыми жұмыстағы библиографиялық ізденіс: Анықтамалық пособие. – Москва: Книга, 1992. – 246 б.

4. Пошаев Д.Қ. Мамандыққа кіріспе. Шымкент – 2004. – 109 б.

5. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі./ С.В.Белов, А.В.Ильницкий және т.б. – Москва: Высшая школа, 1999. – 448 б.

6. Техникалық библиографияның негіздері: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық./ М.П.Гастфер. – Москва: Высшая школа, 1991. – 126 б.

7. Денисенко Г.Ф. Охрана труда. – Москва: Высшая школа, 1995. – 319 с.

8. Защита населения и территорий в чрезвычайных ситуациях./ Под ред. В.П.Журавлева и др. – Москва: Издательство АСВ, 1999. – 376 с.
Сабақ беру әдістері: интерактивті оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Математика І-ІІ

Пәннің коды: Mat1201

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1-2

Кредит саны: 6 KZ кредиті

Дәріс беруші: Әбжанов Е. -ф-м.ғ.к, аға оқытушы;

Курстың мақсаты: Математика пәнін жаңа әдіспен оқыту процесінің негізгі мақсаты:

- инженерлік салада математикалық аппараттарды жүйелі түрде пайдаланып, студенттердің мамандығына деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту;

- математикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерін іске асыруға бағытталған математиканы пайдалану арқылы шешілетін есептерді кең қолдану;

- білім бере отырып, студенттерді тәрбиелеу, оларды әр түрлі ақпаратттар ағынына өзіндік талдау жасауға үйрету;

- математикалық білім деңгейлерін көтеріп, қажетті ой сапаларын қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет