Деректемелері/Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін мектеп курсындағы информатика мазмұнын жақсы меңгеру қажет.
Курстың/пәннің мазмұны: Информатика ғылым жəне техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Деректерді тасымалдаушылар. Деректермен жұмыс істеу операциялары. Буль алгебрасы. Графтар және ағаштар. Компьютердің логикалық элементтері. Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері. Енгізу-шығару жəне тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары. Есепті шешудің стратегиялары және шешімді іздеу. Алгоритмдердің концепциялары мен қасиеттері, алгоритмдерді жүзеге асыру. Блок-схема алгоритмінің графикалық өңделуі. Ақырғы автоматтар. Пост және Тьюринг машиналары. Бағдарламалаудың негізгі конструкциясы. Заманауи қолданбалы бағдарламалық қамтамаларға шолу. Ақпараттарды өңдеу құралдары. Кестелік процессорлар. Баспа жүйелері. Деректер қорын басқару жүйелері. Графикалық редакторлар. Мультимедиялық қосымшалар. Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары. Желілер мен телекоммуникациялар. Web-қосымшаларын жасау технологиялары. Ақпараттық қауіпсіздік және оны құрушылар. Антивирустық бағдарламалар. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. «Электронды үкімет» инфрақұрылымы. Бизнес-үрдістерді талдау және құру технологиялары. Техникалық тапсырмаларды жасау принциптері. «E-Learning» электронды оқыту негізі. Электронды оқыту әдістері. «E-Learning» ортасының негізгі компоненттері. Білімді бағалау әдістемесі. «E-Learning» ортасын құрудың заманауи технологиялары.
Ұсынылатын әдебиет: Бөрiбаев Б. «Информатика және компьютер“ – Алматы, “Рауан“, 1996 ж.
-
О.Камардинов. “Информатика“ – Шымкент, 2000ж.
-
Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика- Астана, 2004ж.
-
Комягин В.Б., Коцубинский А.О. “Современный самоучитель работы на персональном компьютере“, Москва, 1997 г.
-
Микляев А. “Настольная книга пользователя“ – Москва, 1997 г.
-
Фигурнов В.Э. “ІBM PC для пользователя“ – Москва, 1999 г.
-
Балапанов Е.Қ. Бөрiбаев Б. Дәулетқұлов А. “Информатика 30 сабақ. Жаңа ақпараттар технологиялар“ – Алматы, “ Шартарап“, 2001 ж.
-
Балапанов Е.Қ., Б.Бөрiбаев, Г.Мадиярова. “Жаңа ақпараттар технологиялар“ – Алматы, 2000 ж
-
Под редакцией С.В.Симоновича. “Информатика. Базовый курс“. –Санк-Петербург, 2002 г.
-
Балапанов Е.Қ., Б.Бөрiбаев, Г.Мадиярова, Р.Дүзбаева. “Жаңа ақпараттар технологиялар“ – Алматы, 2001 ж
-
Павлова Н.Т. Компьютерный курс лекций. Астана, 2001.
Бағалау әдісі: Аудиториялық жұмыстар: практикалық жұмыстарды орындау дұрыстығы, игеруі, сұраққа жауаптары ескеріледі. Зертханалық жұмыстарды толық және сапалы орындауы, орындалған жұмысты қорғау ерекшеліктері бағаланады. Студенттің жұмысқа деген шығармашылық көзқарасы бағаланады. СӨЖ (өзіндік жұмыс):
Аралық бақылау және қорытынды тест: бағалардың бекітілген критерийлеріне сай бағаланады.
Оқу тілі: Қазақша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: көрнекі құралдар, сызу құрал- жабдықтары, әдістемелік нұсқаулар, кітапхана қоры.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Әлеуметтану
Пәннің коды: Ale 1103
Пәннің типі: Жалпы білім беру
Оқу жылы: 2011-2012
Оқу семестрі: 1
Кредит саны: 2
Дәріс беруші: аға оқытушы: Аяғанова Н., Усенбаев Б.
Курстың мақсаты: Әлеуметтану курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім беру мемлекеттік білім стандартына сәйкестендірілген, студенттердің қажетті білім алуына, болашақ мамандардың әлеуметтік өмірдің маңыздылығы мен проблемаларын түсініп, дұрыс шешім қабылдап, ғылыми танымдарын қалыптастыруларына бағытталған.
Әлеуметтану курсын оқитын студенттер мына жағдайларды білуі қажет:
-
қоғамның әлеуметтік өмірі, әлеуметтік салалар, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік топ, тап, әлеуметтік дамудың түрлері мен бағыттарын білуі керек;
-
жеке тұлғалардың әлеуметтік статусын, әлеуметтік мобильділік ұғымын;
-
әлеуметтік тәртіптті, әлеуметтік шиеленістің шешілу жолдарын, басқарудың тиімді жақтарын;
-
социологиялық зерттеудің әдістемесі мен әдістерін жетік меңгеріп, түсінулері керек.
Деректемелері/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы,
Курстың/пәннің мазмұны: Әлеуметтану ғылым ретінде (пәні, құрылымы және қызметтері). Әлеуметтанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері (алғашқы тарихы мен әлеуметтік-философиялық алғы шарттары). Классикалық және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар.
Қоғам, әлеуметтік институттар және өзара әрекеттесу. Әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар. Әлеуметтік өзара әрекеттесу жүйесіндегі тұлға (тұлға әлеуметтенуі). Әлеуметтік теңсіздік және әлеуметтік мобильділік. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация. Мәдениет әлеуметтік өзгерістер факторы ретінде. Әлеуметтік өмірдің жаһандық мәселелері және жалпыадамзат құндылықтары.
Орта деңгей теориялары (тұлға әлеуметтануы, білім әлеуметтануы, жастар әлеуметтануы, экономикалық әлеуметтану және т.б.). Әлеуметтік қақтығыстар және оларды шешу логикасы.
Әлеуметтанулық зерттеу әдіснамасы мен әдістері. Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасын әзірлеу. Әлеуметтанулық ақпарат жинау әдістері. Эмпирикалық әлеуметтанулық зерттеулерді талдау мен өңдеу тәсілдері.
Ұсынылатын әдебиет: 1.Аженов М.С., Биекенов К.У., Пузиков М.Ф. “Экономическая социология” А,2002
2.Аженов М.С., Утешов С.К., Жаназарова З.Ж. “Общая социология” Альбом схем А,2001
3. Аитов Н.А., Биекенов К.У. “Социология” А,2002
4. Арон Р. “Этапы развития социологической мысли” М,1992
5. Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. “Әлеуметтану негіздері” А, Экономика,2004
6. Добренько В.И.,Кравченко А.И. “Социология” М,2005
7.Р.Әбсаттаров., М.Дәкенов “Әлеуметтану” алматы, Ғылым, 2003
Бағалау әдісі: Аудиториялық жұмыстар: практикалық жұмыстарды орындау дұрыстығы, игеруі, сұраққа жауаптары ескеріледі. Зертханалық жұмыстарды толық және сапалы орындауы, орындалған жұмысты қорғау ерекшеліктері бағаланады. Студенттің жұмысқа деген шығармашылық көзқарасы бағаланады. СӨЖ (өзіндік жұмыс):
Аралық бақылау және қорытынды тест: бағалардың бекітілген критерийлеріне сай бағаланады.
Оқу тілі: Қазақша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: көрнекі құралдар, сызу құрал- жабдықтары, әдістемелік нұсқаулар, кітапхана қоры.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Орыс тілі
Пәннің коды: OT 1105
Пәннің типі: Жалпы білім беру
Оқу жылы: 2011-2012
Оқу семестрі: 3
Кредит саны: 2
Дәріс беруші: Дүйсенбаева Л..
Курстың мақсаты:
Деректемелері/Пререквизиттері:
Курстың/пәннің мазмұны: Жалпы қолданыстағы сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық минимумын кеңейту, грамматикалық формалар мен құрылымдарды, сөз қолданыстағы деңгейлік дәрежесіне байланысты меңгерту. Лексикалық және терминологиялық минимумдарды мамандығы бойынша меңгерту. Әңгімелеу, сипаттау, хабарлау сынды түрлі сөйлесім әрекетін құру. Грамматикалық формалар мен құрылымдарды функционалды аспектіде дұрыс қолдана білу.
Сөйлеу әрекетінің қағидатына (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) негізделген әлеуметтік-тұрмыстық және кәсіби саладағы өзекті, бейімделген және өңделген аса күрделі емес ауызша және жазбаша түрдегі прагматикалық мәтіндерді, диалог пен монологты белгілі бір тақырып аясында сұрыптау.
Ұсынылатын әдебиет:
Сабақ беру әдістері:
Бағалау әдісі:
Оқу тілі: қазақ
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапханақоры
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Шетел тілі
Пәннің коды: ShT 2109
Пәннің типі: Жалпы білім беру
Оқу жылы: 2011-2012
Оқу семестрі: 3
Кредит саны: 2
Дәріс беруші: п.ғ.к., аға оқытушы Садыбекова С.
Курстың мақсаты: Студенттер ағылшын тілінің грамматикасын, фонетикасын меңгертуге және ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету. Сөйлеу әрекетінің ішінде – ауызекі тілде сөйлеуді меңгертуге баса мән беріледі. Практикалық сабақтарда қолдануға мамандық түріне сай материалдар іріктеліп алынды.
Деректемелері/Пререквизиттері:
3. Курстың пререквизиттері тілін оқып-үйреніп жатқан елдің тарихы, мәдениеті, саясаты, экономикасы туралы мәліметтермен таныстыру.
4. Курстың постреквизиттері
Пән бойынша оқу курсының соңында студент мына төмендегі талаптарға сай болуы керек:
-
фонетика: дыбыстарды анық айту, кейбір жекелеген дыбыстар мен дыбыс әріптер мен әріп тіркестеірнің оқыту ережесін, дауыс ырғағының (интонация) ерекшеліктерін:
-
орфография: ағылшын тілінде сөз құрамындағы әріптердің қатесіз жазылуын қадағалауды;
-
лексика: көптеген сөздердің, терминдердің және сөз тіркестерінің көп мағыналық қырын және негізі мамандығы бойынша лексикалық қор меңгеру керектігін;
-
грамматика: ағылшын тілінің базалық және инженерлі-техникалық терминологиясының су, мал, құрылыс шаруашылықтар салаларына тән негізгі грамматикалық ерекшеліктерін білуі қажет.
-
Курстың/пәннің мазмұны: Студентке шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеру үшін жеткілікті білім және дағды қалыптастыру;
-
Шетел тілінде коммуникативтік іс - әрекеттің ауызша және жазбаша түрлеріне машықтандыру;
-
Пәнді оқыту барысында меңгерген білім мен дағдыларды өз бетінше жетілдіру және тереңдетуге дағдыландыру.
Ұсынылатын әдебиет:
-
Т.Н.Игнатова. Английский язык. Москва, 1992
-
Е.И.Курашвили, Е.С. Михалкова. Английский язык. Москва, 1991
-
К.Жаңабаева. Basic English. Практическое пособие по изучению основ английского языка. Алматы, 2003
-
Жапбаров Н.А., Каримова Г.А. Учебное пособие. Тексты для самостоятельного языка для студентов факультета нефти и газа. Кызылорда, 2004
-
Жапбаров Н.А., Каримова Г.А. методическая разработка по обучению чтению и пониманию английского языка студентами яакультета нефти и газа.
-
Дудкина г.А., Павлова М.В. Учебник английского языка для делового общения.
-
Ысқақова Ж.Ы., Каримова З.Н. Английский язык. Хрестоматия Алматы, 1991
Негізгі әдебиеттер
-
А.С. Восковская, Г.А.Карпова Английский язык для вузов
Ростов-на –Дону «Феникс» 2005
-
Макашева А.П., Жапбаров Н.А. Практикалық Ағылшын тілі. Қызылорда 2004
-
М.А.Васильева Английский язык. 1997
-
Кутепова М.М. Английский язык для химиков.
-
Нурекешова Г.Р., Каримова Г.А. Практикалық Ағылшын тілі. Қызылорда 2005
Сабақ беру әдістері: Аудиториялық жұмыстар: практикалық жұмыстарды орындау дұрыстығы, игеруі, сұраққа жауаптары ескеріледі. Зертханалық жұмыстарды толық және сапалы орындауы, орындалған жұмысты қорғау ерекшеліктері бағаланады. Студенттің жұмысқа деген шығармашылық көзқарасы бағаланады. СӨЖ (өзіндік жұмыс):
Аралық бақылау және қорытынды тест: бағалардың бекітілген критерийлеріне сай бағаланады.
Бағалау саясаты: студент білімін бағалау – көпбалды, әріппен белгілеу жүйесімен жүргізіледі.
Оқу тілі: қазақ
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапханақоры
Курстың/пәннің/юниттің атауы:
Мәдиеттану
Пәннің коды: Mad 4102
Пәннің типі: Жалпы білім беру
Оқу жылы: 1
Оқу семестрі: 1
Кредит саны: 2
Дәріс беруші: аға оқытушы Исабекова А.
Курстың мақсаты:
Студенттерді адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржандарын өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға ықпал етеді.
Мәдениеттану пәнін игеру барысындағы алға қойылған мақсатты жүзеге асыруда төмендегі міндеттер туындайды:
- адамзат баласының мәдени өркениеттілік тәжірибесін игеру, олардың тұтастығы мен өзара ерекшеліктерін сараптау;
- әлемдік мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын айқындау;
- мәдениеттің этноаймақтық және ұлттық феномендерін зерттеу және олардың болмыстық ерекшеліктерін анықтау;
- түрлі мәдениеттанулық мектептердің идеяларын, олардың бағыттарын зерттеу;
- қоғам мәдениетінің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарына мәдениеттанулық тұрғыдан сипаттама беру, өзекті ғаламдық мәселелермен олардың болашағын болжау.
Пререквизиттер және постреквизиттер:
Пререквизит: Адам және қоғам пәні
Постреквизит: Философия және әлеуметтану пәндері
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Мәдениет – жас мамандарды біртұтас және жан-жақты тұлға ретінде қалыптастырып қана қоймай, олардың бойындағы өзіндік қабілеттері мен табиғи қасиеттерін барынша дамытатын өркениеттілік құндылықтарға негізделген ілім жүйесін құрайды.
Мәдениет – мәдениеттанудың басты объектісі және адамның табиғаттан тыс болмысының жемісі мен адамзат баласының сан ғасырларға созылған тарихи тәжірибесін адам санасында қалыптастырып, болашақ ұрпаққа бере білудің басты саласы. Сонымен қатар, нәтижелік тұрғысынан алып қарастырғанда да мәдениет адамзат баласының өмірі мен қызметін жан-жақты ұйымдастырудың түрлі формаларының жиынтығы болып табылады.
Мәдениеттану – заман ағымына байланысты материалдық және рухани байлықтардың түбегейлі өзгеруін қамтамасыз ете отырып, маманның рухани-адамгершілік, мәдени құндылықтар болмысыны байытып, жалпы мәдени құндылықтардың маңыздылығын арттыра түседі. Мәдениет заңдылықтарын, жетістіктерін, оның теориясы мен тарихын философиялық көзқарастан түсіну болып табылады. Бұл курста мәдениетті зерттеудің жалпы мәселесі де талқыланады. Мәдениеттану курсы демократиялық даму үрдістеріне өз үлесін қосып, азаматтық қоғам қалыптастыру, адамның шығармашылық қабілетін жандандыру мақсатында құрылған. Мәдениеттану курсы адамзат қоғамының мыңдаған жылдар бойы жинақтап қорытқан даналық қазынасынан сусындауға мүмкіншілік береді. Адам тұлғасын адамгершілік, эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуде, оның көзқарасын қалыптастыруда, өзінің өмірлік іс-әрекет бағытын таңдауда бұл курстың атқаратын қызметі мол.
“Мәдениеттану” курсы студенттердің қазіргі қоғамдағы қайшылықтар мен жетістіктердің, жаңа бағыттар мен бағдарлардың мәні мен себебін ашуға, тануға мүмкіндік береді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Ғабитов Т.Х., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А.Т. Мәдениеттану.– А., 2005
-
Құлсариева А.Т. Мәдениеттану сөздігі. – А., 2001
-
Мәдени-философиялық энциклопедия. – А., 2004
-
Ғабитов Т.Х. Мәдениеттануға кіріспе. - А., 1996
-
Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. – А., 2004
-
Әлемдік мәдени мұра. 10 томдық. – А., 2005
-
Қожамберлиев Б. Мәдениет әлемі. – А., 2003
-
Қанағатова А. Мәдениеттану негіздері. Алматы, 2001
Сабақ беру әдістері: Аудиториялық жұмыстар: практикалық жұмыстарды орындау дұрыстығы, игеруі, сұраққа жауаптары ескеріледі. Студенттің жұмысқа деген шығармашылық көзқарасы бағаланады. СӨЖ (өзіндік жұмыс):
Аралық бақылау және қорытынды тест: бағалардың бекітілген критерийлеріне сай бағаланады.
Бағалау саясаты: студент білімін бағалау – көпбалды, әріппен белгілеу жүйесімен жүргізіледі.
Оқу тілі: қазақ
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапханақоры
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экономикалық теория негіздері
Пәннің коды: Ektn 2109
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті
Оқу жылы: 2011-2012
Оқу семестрі: 2
Кредит саны: 4
Дәріс беруші:
Курстың мақсаты: «Экономикалық теория негіздері» пәнінің мақсаты- студенттердің заман талабына сай экономикалық ой-өрісін кеңейту болып табылады. Ол қазіргі демократиялық қоғам идеясымен жаңа қағидаларға сүйеніп, ұлттық және әлемдік экономикалық ойларға бағытталуы қажет.
Қазақстан Республикасындағы экономика жаңа қатынастардың сапалы экономикалық, рыноктік ой қорларының мол болуын қамтиды.
«Экономикалық теория негіздері» пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
-
Экономикалық ілімнің пайда болуы мен дамуы туралы мәселелерді;
-
Студенттерге адамзат қоғамының даму сатыларындағы материалдық, рухани игіліктерді өндіру жолдарын айқындауды;
-
өндірістің негізгі факторларын;
-
рынок қызметтерімен инфрақұрылымын;
-
әлеуметтік - экономикалық жағдайларды талдау;
-
қазіргі қоғамды дамыту мүмкіндіктерін түсіндіру және оқып үйрету.
Деректемелері/Пререквизиттері:
Курстың/пәннің мазмұны: Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері. Нарықтың қалыптасу заңдары және посткеңестік елдердегі нарықтың құрылу ерекшеліктері; нарықтың негізгі заңдары мен категориялары; жеке ұдайы өндірістің қағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өндірістік факторлар нарығының, олардың бағасы мен табысының ерекшеліктері. Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара байланысы, макро-экономиканың қызмет ету заңдылықтары; экономикалық өсу және оның түрлері; экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдылық мәселелері. Қазіргі экономикалық жүйедегі мемлекет. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі ақша- несие және қаржы саясатының ролі. Әлеуметтік саясаттың негізгі заңдылықтары. Халықаралық экономикалық қатынастар және олардың негізгі формалары.
Ұсынылатын әдебиет: Экономикалық теория негіздері. Оқулық- Алматы, Санат 1998, Экономикалық теория. Оқу құралы- Алматы, 1999, Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Редактор жетекшісі Шеденов Ө.Қ. Алматы-Ақтөбе 2002, Экономикалық теория негіздері. Оқу- көрнекілік құрал. Л.М. Куликов- М, 1993, Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері,- Алматы 2002
Бағалау әдісі: Аудиториялық жұмыстар: практикалық жұмыстарды орындау дұрыстығы, игеруі, сұраққа жауаптары ескеріледі. Зертханалық жұмыстарды толық және сапалы орындауы, орындалған жұмысты қорғау ерекшеліктері бағаланады. Студенттің жұмысқа деген шығармашылық көзқарасы бағаланады. СӨЖ (өзіндік жұмыс):
Аралық бақылау және қорытынды тест: бағалардың бекітілген критерийлеріне сай бағаланады.
Оқу тілі: Қазақша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: көрнекі құралдар, әдістемелік нұсқаулар, кітапхана қоры.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Құқық негіздері
Пәннің коды: KN 2110
Пәннің типі: Жалпы білім беру
Оқу жылы: 2011-2012
Оқу семестрі: 4
Кредит саны: 2
Дәріс беруші:
Курстың мақсаты:
-
Заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет пен құқық теориясының, мораль ұғымының басты түсінігін студенттердің білуі; ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру;
-
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру;
-
Қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау;
-
Студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық- саяси институттармен өзара қатынасын білуі;
-
Студенттердің адам және азаматтық құқықтық жағдайын негіздерін білуі;
-
Студенттердің егеменді Қазақстанның құқық салаларын білуі (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық т.б.)
Деректемелері/Пререквизиттері:
Курстың пререквизиттері
Қазақстан тарихы
-
Саясаттану
-
Мемлекет және құқық тарихы
-
Экономикалық теория
-
Қоғамтану (мектеп бағдарламасы деңгейінде)
-
Жалпы тарих (мектеп бағдарламасы деңгейінде)
Курстың постреквизиттері:
Қоғамдық қатынастарды дамыту және жетілдірудегі мемлекет пен құқықтың рөлін дұрыс ұғыну және түсіндіру үшін, осы пән бойынша білім қажет.
Курстың/пәннің мазмұны: «Құқық негіздері» курсының пәні және жүйесі. Мемлекет пен құқық негізі ұғымдары мен түсініктері. Құқықтық қатынастар. Заңды мінезқұлық және құқықбұзушылық. Занды жауапкершілік. Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының негіздері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық негіздері. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылу негіздері. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы салық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы еңбек құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы экологиялық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасының жер құқығы. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері.
Ұсынылатын әдебиет:
-
Қазақтың ата заңы 1,2,3,4,5,6,7,8,9,
-
Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 1999ж.
-
Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, Жеті жарғы, 2006ж.
-
Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000 ж.
-
Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997ж.
-
Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж,
-
Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.
-
Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001ж.
-
Дулатбеков, Амандықова, Турлаев. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004ж.
-
Ашитов З.О. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004 ж.
-
Оспанов «Құқық негіздері» Алматы «Жеті жарғы» 2007ж 2 басылымы
-
Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы, 2003ж.
-
Стамкулов Ә.С. «Қазақстан Республикасының экология құқығы. Оқу құралы. 1 бөлiм. Тараз, 2003ж.
-
Оңғарбаев Е.Ә., Смағұлов А.А. «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы». Қарағанды, «Болашақ- Баспа», 2005ж.
-
Төлеубекова Б.Қ. «ҚР-ның қылмыстық іс жүргізу құқығы». Жалпы бөлім. Алматы, Жеті Жарғы, 2000ж.
-
Алиев М.М «ҚР-ның сот жүйесі және құқық қорғау органдары». Астана, 2004ж.
-
Айтжан Б.Е,Шіркінбаев Т.Б.Отбасы құқығы (Элементарлы курс). Алматы, Жеті Жарғы, 2006ж.
-
Ынтымақов С.А., Карпушина Т.Д. Отбасы құқығы. Практикум
-
Қаржаубаев Е.Қ. Қазақстан Республикасы сот билігінің құқықтық мәртебесі. Оқу құралы. Алматы, 2006ж.
-
Ахметов А, Ахметова Г. Еңбек құқығы. Оқулық. Алматы, 2006ж.
-
Жұмағұлов Ғ.Б, Ахметов А,. Ахметов Ғ. «Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы». Оқу құралы, Алматы, 2005ж.
-
Найманбаев С.М. «Банктік құқық». Алматы, Жеті жарғы,2005ж.
-
Әлібеков С.Т. «ҚР-ның кеден құқығы». Оқулық. Алматы, 2007ж.
-
Байділдинов Д.Л. «ҚР-ның экологиялық құқығы». Алматы, 2005ж.
-
Қызылов М.А. Карпекин А.В «ҚР-ң әкімшілік құқығы» (схемалар). Алматы, 2000ж.
-
Ынтымақов С.А. Азаматтық құқық (Жалпы бөлім). Практикум 1 бөлім. Алматы, 2004ж.
-
Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық.Ерекше бөлім 1 том. Алматы, 2004ж.
Достарыңызбен бөлісу: |