«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша



бет63/67
Дата24.04.2016
өлшемі4.5 Mb.
#79259
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67

Ұсынылатын әдебиет:

  • Хамзин С.К. Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы, Астана, 2004ж.

  • Хамзин С.К.; Карасев А.К. Технология строительного производства. Курсовое и дипломное проектирование: Учебное пособие М.: Высшая школа, 1989г.

  • Хамзин С.К. Технология возведения зданий и сооружений. Алматы: «Ана тілі», 1996г.

  • Дикман Л.Г. Организация жилищно-гражданского строительства. Справочник строителя. М.: Стройиздат, 1990г.

  • Анюховский А.Н. и др. Сборник задач по технологии и организации строительного производства.

  • ЕНиР сборник 4 «Монтаж сборных и устройство монтажных железобетонных конструкций. В I » М. 1988г.

Сабақ беру әдістері: Берілген курс лекциялық және практикалық сабақтардан, студенттің өзіндік жұмыстарынан және оқытушының кеңес беруінен тұрады.

Практикалық жұмыстарда әрбір студентке жеке тапсырма беріліп, әкімшіліктік істі жүргізу орындалады. Тапсырманы орындау, қосымша сұрақтарға жауап беру, жұмысты уақытылы және ұқыпты көркемдеу сабақтағы белсенділікті қалыптастырады.



Бағалау әдісі: Аудиториялық жұмыстар: практикалық жұмысты орындау сапасы, қойылған сұрақтарға жауаптары, жұмысты қорғау ерекшеліктері бағаланады. СӨЖ (өзіндік жұмыс):

Аралық бақылау және қорытынды тест: бағалардың бекітілген критерийлеріне сай бағаланады.



Оқу тілі: Қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: көрнекі құралдар, әдістемелік нұсқаулар, жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жылдық есептер, кітапхана қоры.

5В073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және бұйымдарын өндіру» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен тұлғаларға 5В073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және бұйымдарын өндіру» мамандығы бойынша «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және бұйымдарын өндіру бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі

Оқу деңгейлері (сатылары): бакалавриат

Бағдарламаларға қабылдау жөніндегі талаптар: өз ЖОО-да бір академиялық кезеңді аяқтауы, оның ішінде оқу үлгерімі «А», «А-», «В+», «В», «В-» болуы, шет тілін еркін меңгеруі және т.б.

Бағдарламалардың білім беру және кәсіби мақсаттары/ оқуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігі: отандық және халықаралық еңбек нарығына сай бәсекеге қабілетті бакалавр маманын даярлау. Нақты өндіріс жағдайында және қызмет иерархиясы бойынша болашақ маманның әлеуметтік, экономикалық, кәсіптік қызмет мазмұнын өзгерте алуға қабілеттілігін, біліктілігі мен білімділігін,сондай-ақ еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болуын, ұйымдастырушылық-басқарушылық құзыреттілігін қамтамасыз ету.

Кредиттер көрсетілген бағдарламаның құрылымы- 129 кредит + 6 кредит (іс-тәжірибе) + 8 кредит (дене шынықтыру) + 3 кредит (қорытынды аттестация) - (ECTS-219 кредит)





Пәннің коды, шифры

Пән атауы

Қазақстандық кредит саны

ECTS бойынша




Жалпы білім пәндері –кредит

33

50




Міндетті компонент

33

50

КТ 1101

Қазақстан тарихы

3




Inf1102

Информатика

3




OKN2103

Өміртіршілігі қауіпсіздігі негіздері

2




Ale1104

Әлеуметтану

2




Etd1105

Экология және тұрақты даму

2




K(O)t1106

Орыс тілі

6




ETN2107

Экономикалық теория негіздері

2




KN2109

Құқық негіздері

2




Saya1110

Саясаттану

2




Sht2109

Шетел тілі

6




Fi 2111

Философия

3



















Жалпы білім пәндері –кредит

Таңдау компоненті







IS 1201

KG 1201

Таңдау компоненті 1

1. Инженерлік сызба І

2. Компьютерлік графика


3




KM 1202

ZhKMB1202

Таңдау компоненті 2

1.Құрылыс материалдары

2. Жаңа құрылыс материалдары

және бұйымдары


3







Базалық пәндер -кредит

68

100




Міндетті компонент

41

62

Mat 1201

Математика І

3




Mat 1202

Математика ІІ

3




ЕкО 3106

Экология

1




Him 1203

Химия I

2




Fiz 2202–

Физика І

2




Fiz 2203

Физика ІІ

2




KMH 2206

Құрылыс материалдары химиясы

3




KM 2207

Құрылыс материалдары

2




BS 2208

Байланыстырғыш заттар

4




Sau 2214

Сәулет І

2




РА 3209

Процесстер мен аппараттар І

3




РА 3210

Процесстер мен аппараттар ІІ

3




КТКМ 3211

Көтеріп-тасымалдайтын және құры-лыстық машиналар

2




SM 3212

Стандарттау және метрология

1




ВТ 3215

Бетон технологиясы І

4




МТ3216

Металдар технологиясы І

3




АРА 4213

Автоматика және автоматтандыру

2



















Базалық пәндер

Таңдау компоненті


44






UBT 3212

SBT 3212

Таңдау компоненті 12

1. Ұялы бетондар технологиясы

2. Силикатты бетондар технологиясы


3





MKКМ 2213

IM 2213

Таңдау компоненті 13

1.Материалдар кедергісі және құрылыс механикасы

2. Инженерлік механика








AKN 2211

Ari 2211

Таңдау компоненті 11

1. Автокад және кредо негіздері

2. Архикад


3




PKNKM 3214

ZhKTT 3214

Таңдау компоненті 14

1. Полимерлік композициялар негізіндегі құрылыс материалдары

2. Жасанды кеуекті толтырғыштар технологиясы


3




PKNKM 3214

ZhKTT 3214

Таңдау компоненті 14

1. Жасанды кеуекті толтырғыштар технологиясы

2.


3







Кәсіптік пәндер

Міндетті компоненттер



29

20





ВТ 3301

Бетон толтырғыштары

3




GM 4304

Гидроизоляциялық материалдар

2




ККТ 4305

Құрылыстық керамика технологиясы

4




GАM 3306

Жылуөткізбейтін және акустикалық материалдар

4




ВТ 4302

Бетон технологиясы ІІ

4




ОМ 4303

Өңдеулік материалдар

3







Кәсіптік пәндер

Таңдау компоненті


9






PKNKM 3214
ZhKTT 3214

Таңдау компоненті 14

1. Полимерлік композициялар негізіндегі құрылыс материалдары

2. Жасанды кеуекті толтырғыштар технологиясы


3





KTBKZh 4305
KIKZh 4305

Таңдау компоненті5

1. Құрама темірбетон бұйымдары кәсіпорындарын жобалау

2. Құрылыс индустриясы кәсіпорындарын жобалау


3





BZhOAKSPTP 4306
BBGZhO 4306

Таңдау компоненті 6

1.Бетонды жылумен өңдеуге арналған күн сәулесін пайдаланудың теориясы мен практикасы

2.Бетонды біріктірілген гелиожылумен өңдеу


3



















Жалпы кредит саны

147

194

Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Қазақстан тарихы

Пәннің коды: KT-1101

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: т.ғ.к., профессор Қараманова М.С.

Курстың мақсаты: Қазақстанның ежелгі тарихы туралы, қола дәуірі жайында мәлімет беру. Орта ғасырдағы түргештер, қарлұқтар, оғыздардың мәдении өмірінен түсініктеме беру. Дамыған ортағасырлық мемлекеттердің тарихын талдау. Қазақстанның қазіргі кезеңі мен Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері жайлы мәлімет беру.

Деректемелер/Пререквизиттері: -

Курстың/пәннің мазмұны: Ерте мемлекеттік құрылымдар. Түрік қағанаты. Қазақстанның экономикалық, мәдени өмірі. XI-XIII ғ. басындағы Қазақстан экономикасы мен мәде-ниетінің дамуы. Көк Орда мен Ақ Орда мемлекеттері. «Қазақ» этнонимі. Қазақ хандығы. Жаңа заман жағдайындағы Қазақстан мен Ресей XIX-XX ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Азамат соғысы жайында Қазақ совет мемле-кетінің құрылуы. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Өлкедегі Совет мемлекетінің құры-луы. Индустрияландыру. Хрущев реформалары, Қазақстандағы қайта құру саясаты. Қазақстан Тәуелсіздік жолында қоғамдық-саяси даму. ҚР сыртқы саясаты.

Ұсынылатын әдебиет:

1.ҚР тәуелсiздiгi туралы декларация, 1990ж.

2.ҚР Конституциясы А., 1995ж.

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030 Президенттiң Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан 1997ж, 11 қазан.

4. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы 10 жыл, А., 2002ж.

5. Назарбаев Н.Ә.Инновациялар мен оқу –бiлiмдi жетiлдiру арқылы бiлiм экономикасына. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетi студенттерiне арналған лекциясы (26 мамыр, 2006ж.).

6.Қазақстан тарихы, Атамұра баспасы. 2010ж. 4-5 том.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Экология және тұрақты даму

Пәннің коды: ETD 1104

Пәннің типі: Жалпы, міндетті пән

Оқу жылы: 2011-2012

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: х.ғ.к., аға оқытушы: Балықбаева Г.

Курстың мақсаты: Табиғат пен адамдар арасындағы қарама-қайшылық, табиғат заңдылықтарын ескермей жасаған iс-әрекеттер қоршаған орта тепе-теңдiгiнiң бұзылуына әкелiп соқтырды. Биосферада тiрi организмдер арасындағы тепе-теңдiктiң сақталмауы, тiрi емес заттардың тепе-теңдiктерiнiң бұзылуы мен оның салдарынан экологиялық проблемалар туындап отыр.

Осыған байланысты адамзат алдында табиғи ресурстарды қайта қалпына келтiру мен қорғауды үйлестiре отырып, адамдардың өмiрлiк қажеттiлiгiн қанағаттандыруға мүмкiндiк беретiн табиғатты саналы, тиiмдi түрде пайдалану мiндетi тұр.

Осы көзқарастан адам мен табиғат арасындағы экологиялық саналы түрдегi қатынастыққа жетудiң әдiстерi мен құралдарын айқындайтын ғылыми-техникалық пәннiң негiзi болып экология саналады. Экология ғылым мен техниканың экологиялық қолайлы жағдайда саналы түрде дамуына жауапты. Сондықтан да мұндай мақсатқа жету үшiн материалдық өндiрiстiң барлық сферасында проблеманың кешендi түрде шешiлуiн жүзеге асыратын жүйелiк ықпал жасау керек.

Деректемелері/Пререквизиттері: химия, физика

Курстың/пәннің мазмұны:


  1. Ұсынылатын әдебиет: Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология.-Ростов н/Д: изд-во Феникс , 2000. –576с.

  2. Мазур И.И., Молдаванов О.И. Курс инженерной экологии. –М.: В.ш., 1999, 450 г.

  3. Сағымбаев Г. Экология негiздерi. Оқу құралы. Ғылым, 1996ж.

  4. Бейсенова Ә.С., Шiлдебаев Ж.Б., Экология. Оқу құралы. Алматы, 1999ж.

  5. Экология негiздерi. Оқулық/ Баешов А., Дәрiбаев Ж.Е. Шакиров Б.С. және т.б. –Түркiстан. 2000. –196 бет.

  6. Байдiлдаев Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы,2005

  7. Бродски А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. – Алматы, 1998

  8. Жатқанбаев Ж. Экология терминдеріне түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2000

  9. Зимин Ю.А. Экология . – Москва , 2002

  10. Оразбаев Р.С. Экология негіздері. Астана, 2001

  11. Охрана окружающей среды. Справочник.- Л.: Судостроение, 1978, 560 с.

  12. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. – А.: Ана тiлi, 1991-188с.

Қосымша әдебиеттер

  1. Қосанов О. Қызылорда облысы жан-жануарларының экологиялық ахуалы. Қызылорда, 2002

  2. Нұрғызарнов А. Аралдыњ экологиялық тынысы. Қызылорда, 2006

  3. Сыдықов К.С. Экологиялық аймақтағы нарықтық экономика. – Алматы, 1996

  4. Никитин Д.П., Новиков Ю.В. Окружающая среда и человек. – Высшая школа, 1980г.-415с.

  5. Михеев А.В., Галушин В.Ш. и др. Охрана природы – М.: Просвещение 1981г.-270

Сабақ беру әдістері: Берілген курс практикалық және зертханалық сабақтардан, студенттің өзіндік жұмыстарынан және оқытушының кеңес беруінен тұрады.

Бағалау әдісі: Аудиториялық жұмыстар: практикалық жұмыстарды орындау дұрыстығы, игеруі, сұраққа жауаптары ескеріледі. Зертханалық жұмыстарды толық және сапалы орындауы, орындалған жұмысты қорғау ерекшеліктері бағаланады. Студенттің жұмысқа деген шығармашылық көзқарасы бағаланады. СӨЖ (өзіндік жұмыс):

Аралық бақылау және қорытынды тест: бағалардың бекітілген критерийлеріне сай бағаланады.



Оқу тілі: Қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: көрнекі құралдар, сызу құрал- жабдықтары, әдістемелік нұсқаулар, кітапхана қоры.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Информатика

Пәннің коды: Inf 1102

Пәннің типі: Жалпы білім беру

Оқу жылы: 2011-2012

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Нурова Г.

Курстың мақсаты: Информатика пәнiн оқыту мақсаты студенттерге есептердi компьютер көмегiмен шешу әдiстерiн оқыту және оларды компьютерлiк жүйе мен ақпараттық технологияларды болашақ қызметiнде тиiмдi қолдануына дайындау болып табылады.

  1. информатиканың негiзгi ұғымдарын игеру мақсатында студенттердiң “алгоритмдiк“ ойлау дағдыларын қалыптастыру, ақпаратты қазiргi қоғамның ресурсы ретiнде бейнелеу және ақпараттық ресурстарды басқару әдiстерiн оқыту;

  2. студенттердi қазiргi заманғы озық әмбебап компьютерлердiң құрылысымен таныстыру және олардың компьютерде жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру;

  3. студенттерге алгоритмдiк тiлдердi, программалау әдiстерiн, ақпараттық жүйелер негiздерiн оқыту;

  4. қазiргi заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкiндiктерiн ашып көрсету және олардың даму перспективасын түсiндiру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет