БДБ деректерді сақтау стратегиялары
Стратегия атауы
|
Стратегия мазмұны
|
Ерекшеліктері
|
Кемшіліктері
|
Орталықтандырылған (сонымен қатар клиент/сервер технологиясы)
|
Бір торапта ДБ жалғыз көшірмесі
|
Құрылымының қарапайымдылығы
|
Өңдеу жылдамдығы бір тораппен шектеледі. Ұзақ уақытты жады ДБ көлемін қамтамасыз етеді. Шектеулі кіру (доступ).
|
Жергіліктендіру (бөлшектеу)
|
Тораптар бойынша бөлшектелген жалғыз көшірме (ДБ толық көшірмесі алынбайды)
|
ДБ көлемі желі жадымен анықталады. БДБ құнының төмендеуі.
|
Сұраныс барлық тораптар бойынша болмауы мүмкін. Кіру (доступ) орталықтандыруға қарағанда төмен болуы мүмкін.
|
Қайталау
|
Әрбір жергілікті ДБ – БДБ толық көшірмесі.
|
Сенімділік, таңдау тиімділігі, жаңарту қарапайымдылығы. Тораптарда деректерді жергілікті асинхронды өңдеужылдам жауаптарды алу.
|
ДБ көлемі ұзақ уақытты жадымен шектелген. Көптеген көшірмелерді синхрондау. Қосымша жады. Параллель өңдеуді өндіру.
|
Аралас
|
Әрбір торапта сақталатын логикалық фрагменттің бірнеше көшірмелері
|
Сенімділіктің кез келген дәрежесі. Параллель өңдіру.
|
Словарьды сақтау керек. ДБ әртүрлі бөліктеріне тораптың айналуының әртүрлі жиілігі. Бөлшектеу кезінде сенімділікті жоғалту.
|
Оның негізінде стратегияны таңдаудың қарапайым алгоритмі құрылуы мүмкін.
Осыған байланысты клиент/сервер архитектурасы – жергілікті желі құрылымы пайдаланылады, мұнда есептеу күштілігін максималды тиімді пайдалану үшін сервер және жұмыс станцияларымен (клиенттермен) басқару пайдаланылған.
Мұнда ең үлкен жады көлемі мен жоғары жылдамдықты құрылымы бар компьютерлердің біреуі сервер деп аталатын приоритетті болып табылады.
Сервер – пайдаланушылармен басқа тораптардан келіп түсетін сұраныстарды өңдеу үшін және коллективті пайдалануда деректерді сақтау үшін арналған компьютерлік желінің тораптық станциясы.
Серверде көбінесе клиенттермен сұралатын деректер ғана сақталады.
Клиент – басқа компьютермен (сервермен) берілетін бірге пайдаланылатын ресурстарға айналатын компьютер.
Клиенттерге жадыға және жылдамдыққа соншалықты қатты талаптар қойылмайды. Осыған байланысты архитектурада ақпаратпен алмасу минималды болады.
Клиент/сервер архитектурасымен жұмыс Open DataBase Connectivity (ODBC) схемасы көмегімен жүзеге асуы мүмкін.
Бұл жағдайда желі серверлерді қосу жолымен туындайды.
Клиент/сервер жүйесі
"Клиент/сервер" терминімен бірге үш түсінік пайдаланылады.
-
Архитектура: Бөлшектелген ДБ нұсқасын құру концепциясы туралы әңгіме жүреді.
-
Технология: Бөлшектелген ДБ-да іс-әрекеттер тізбегі жайлы айтылады.
-
Жүйе: элементтер жиынтығы мен олардың арасындағы іс-әрекет қарастырылады.
Клиент/сервер архитектурасы туралы жоғарыда айтылған.
Клиент/сервер технологиясы еңбек өнімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.:
-
күшті сервер арқылы сұраныстарды орындаудың жалпы уақыты қысқартылады;
-
клиентпен орталық процессорды пайдалану (есептеулер жүргізу үшін) тиімділігі ұлғаяды;
-
клиентпен «өзінің» компьютерінің жадын пайдалану көлемі азаяды;
-
желілік трафик қысқартылады.
Мұндай ірі масштабты жүйелерге мынандай талаптар қойылады:
-
құрылымының иілгіштігі;
-
сенімділік;
-
Деректерге оңай кіру;
-
жүйенің оңай қызмет көрсетуі;
-
қосымшалардың масштабталуы;
-
қосымшалардың басқа жерге қойылуы (әртүрлі платформаларға);
-
көпесептілік (көптеген қосымшаларды орындау мүмкіндігі).
Клиент/сервер жүйесінде келесі құрамаларды бөлуге болады: сервер, клиент, клиент пен сервер арасындағы интерфейс, администратор.
Сервер көптеген клиенттер үшін жалпы ресурсты басқаруды жүзеге асырады. Ол келесі есептерді орындайды:
-
жалпы ДБ басқару;
-
Деректерге кіру және қорғау, оларды қайта қалпына келтіруді жүзеге асырады;
-
Деректер бүтіндігін қамтамасыз етеді.
ДБ-на серверде орталықтандырылған ДБ-на сияқты сондай талаптар қойылады.
Клиенттердің сұраныс нәтижесі сервер жадысының жұмыс облысында орналастырылады, оларды ДББЖ қатарында (мысалы, Oracle) «кестелік облыс» деп аталатынын атап өту керек. Оның көп орынды алмауына байланысты әрбір клиент-пайдаланушы үшін өзінің кестелік облысын құруға болады. Бұл жағдайда алғашқы кестелерге пайдаланушы үшін кіру мүмкін емес болады, ал клиенттің ДБ қосымшасын архивтеу (көшіру) жеңілдетіледі.
Клиент компьютерде өзінің қосымшаларын сақтайды, олардың көмегімен серверде деректер сұранысы жүзеге асады. Клиент келесі есептерді шешеді:
-
пайдаланушыға интерфейс береді;
-
косымша жұмысының логикасымен басқарады;
-
деректерге кіруді тексереді;
-
серверден сұранысты және деректерді алуды жүзеге асырады.
Клиент пен сервер арасындағы деректерді жіберу әдісі – желілік (желілік операциялық жүйе – ЖОЖ) және коммуникациялық программалық қамтамасы бар желі (коаксиальды кабель, витая пара).
ЖОЖ ретінде Windows NT, Novell NetWare (көбінесе DOS пайдаланған кезде) пайдаланылуы мүмкін. Коммуникациялық программалық қамтама компьютерлерге арнайы программалар – коммуникациялық протоколдар тілінде әрекеттесуге мүмкіндік береді.
Жалпы жағдайда мұндай әрекеттесу жетідеңгейлі ISO көмегімен жүзеге асады. Жергілікті желі үшін схема жеңілдетіледі. Windows NT үшін протоколдар Transmission Control Program/Internet Program (TCP/IP), NetWare үшін - Sequenced Packed eXchange/Internet Packed eXchaned (SPX/IPX) болып табылады.
Желілік құралдардың әртүрлілігі клиент/сервердің стандартты аралық программалық қамтамасын құруды қажет етеді. Қолданбалы программалық интерфейс жайлы айтады (Application Programming Interface - API).
Бұған Delphi және InterBase ДББЖ қосымшасында пайдаланылатын Open Database Connectivity (ODBC) және Integrated Database Application Programming Interface (IDAPI) жатады.
Клиент пен сервер арасындағы іс-әрекетті келесі түрде көрсетуге болады.
Пайдаланушының қосымшаға кіру кезінде компьютер-клиент пайдаланушыдан аты мен паролін сұрайды. Содан кейін – дұрыс жауап алған кезде – қосымша клиентпен ашылуы мүмкін. Қосымша пайдаланушының аты мен паролін хабарлайтын серверге қосылуға мүмкіндік береді.
Егер қосылу жүзеге асса, екі түрлі процесті: алдыңғы бөлім мен фондық орындайтын сервер жұмыс істей бастайды.
Алдыңғы бөлім процесі сұранысты өңдейді, фондық құрама өңдеу процесін басқарумен байланысты.
Сервер жұмысы мынандай ретте болуы мүмкін:
-
сұраныс түскеннен кейін диспетчер «бірінші келді – бірінші қызмет көрсетілді» схемасы бойынша оны кезекке тұрғызады.
-
алдыңғы бөлім процесі «бұрынғы» ("самый старый") сұранысты таңдап алып, оны өңгеуге кіріседі. Аяқталғаннан кейін нәтиже клиентке жіберу үшін кезекке қойылады.
-
Диспетчер кезектен сәйкес клиентке нәтижені жібереді.
Сұранысты өңдеу кезінде фондық процестер басқа маңызды операцияларды орындайды, негізгілері мыналар болып табылады:
ДБ-нан жұмыс облысының (оқу кезінде) аралық (буферлі) жадыға деректерді жазу және керісінше (жаңарту кезінде).
Транзакция журналына жазу.
Транзакция тобын архивтеу (көшіру).
Транзакцияны авариялық аяқтау.
Аппараттық сбой болғаннан кейін бөлшектелген ДБ-да деректерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін бақылау нүктелері дискісіне периодтық жазу.
Бөлшектелген ДБ администраторы келесі есептерді шешу керек:
-
Бөлшектелген ДБ жобалау және жадыны бөлу.
-
Желі конфигурациясын баптау.
-
Бөлшектелген ДБ құру.
-
Қосымшаны құрастырушылармен жұмыс.
-
Жаңа пайдаланушыларды құру.
-
ДБ жиі архивтеу және оларды қалпына келтіру бойынша операцияларды орындау.
-
ОЖ және ЖОЖ көмегімен ДБ-на кіруді басқару.
Бөлшектелген ДБ администраторы жүйесінде мысалы, ОЖ, желі, автихтеу, қорғаныс үшін жауап беретін бірнеше адамдардардан тұруы мүмкін.
Демек, клиент/сервер жүйесі әрқилы: бір жағынан, оны орталықтандырылған көппайдаланушылық ДБ-ның бір түрі ретінде санауға болады, екінші жағынан, ол бөлшектелген ДБ-ның жеке жағдайы болып табылады.
Бақылау сұрақтары
-
Орталықтандырылған ДБ дегеніміз не?
-
Бөлшектелген ДБ дегеніміз не?
-
"Файл-сервер" архитектурасы нені білдіреді?
-
"Клиент-сервер" архитектурасы нені білдіреді?
-
Бөлшектелген ДБ қандай ерекшеліктері бар?
-
Деректерді сақтаудың қандай стратегиялары бар?
-
Сервер дегеніміз не?
-
Сервер қандай мәселелерді шешеді?
-
Клиент дегеніміз не?
-
Клиент қандай мәселелерді шешеді?
-
Сервер жұмысының қандай реті болуы мүмкін?
-
Фондық процестер сұранысты өндеу кезінде қандай операциялар орындайды?
-
Бөлшектелген ДБ администраторы қандай есептерді шешу керек?
Әдебиет: (1)
3. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАР
Лабораториялық сабақ №1
Тақырып. Негізгі түсініктер
Сабақтың мақсаты:
Мәліметтер қоры теориясының негізгі түсініктерімен танысу.
Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар
-
Құрылымдылық дегеніміз не?
-
Мәліметтер қоры дегеніміз не?
-
МББЖ дегеніміз не?
-
Мәліметтер моделі дегеніміз не?
-
Мәліметтер моделі нені көрсетеді: иерархиялық, тораптық, реляциялық?
-
Жазба, өріс дегеніміз не?
-
Кілттік өріс дегеніміз не?
-
Байланыстың қандай түрін МБ кестелері арасында орнатуға болады?
Сабақтың жүру барысы:
Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.
Лабораториялық сабақ №2
Тақырып. Мәліметтер қорының концепциясы
Сабақтың мақсаты:
Мәліметтер қорының концепциясымен танысу. Мыналарды қарастырайық: МБ қойылатын талаптар; жобалау әдістемесі және МБ пайдалану.
Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар
-
МБ қандай талаптар қойылады?
-
МБ құру концепциясы.
-
Қандай МБ бастапқы (восходящее) жобалау қолданылады?
-
Қандай МБ соңғы (нисходящее) жобалау қолданылады?
-
Орталықтандырылған МБ жобалаудың қандай сатылары бар және осы сатылардың әрқайсысында не жүзеге асырылады?
-
Жобаланатын МБ төменгі тиімділігінің белгісі қандай?
-
Мәліметтерді көрсетудің қандай деңгейлері бар?
-
Мәліметтер сөздігі дегеніміз не?
-
Қандай операциялар МБ эксплуатациялау кезінде пайдаланылады? Осы операцияларға анықтама беріңіз.
-
МББЖ өндірудің қандай бағыттары бар? Осы бағыттар нені білдіреді?
Сабақтың жүру барысы:
Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.
Лабораториялық сабақ №3, №4
Тақырып. Мәліметтер қорын жобалаудың негізгі сатылары
Сабақтың мақсаты:
МБ жобалаудың сатыларымен танысу.
Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар
-
МБ өмірлік циклінің қандай сатылары бар?
-
МБ жобалаудың қандай сатылары бар?
-
Пәндік облыс жүйелік анализінің сатысында не жүзеге асырылады?
-
Пәндік облыстың құрамын таңдауға қандай тәсілдер бар? Олардың мазмұнын ашу.
-
Инфологиялық жобалау сатысында не орындалады?
-
Даталогиялық жобалау сатысында не орындалады?
-
Физикалық жобалау сатысында не орындалады?
-
Инфологиялық модель дегеніміз не?
-
Даталогиялық модель дегеніміз не?
-
Физикалық модель дегеніміз не?
-
МББЖ таңдау қашан жүзеге асырылады?
Сабақтың жүру барысы:
Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.
Лабораториялық сабақ №5, №6
Тақырып. Инфологиялық модельдеу
Сабақтың мақсаты:
Инфологиялық жобалау сұрақтарын қарастыру.
Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар
-
Инфологиялық жобалау дегеніміз не?
-
Инфологиялық модель дегеніміз не?
-
Инфологиялық жобалауды көрсететін қандай модельдер бар?
-
"қатынас-байланыс" моделіне қандай компоненттер кіреді?
-
Қатынас дегеніміз не?
-
Атрибут дегеніміз не?
-
Байланыс дегеніміз не?
-
Инфологиялық модельдеуге қандай талаптар қойылады?
-
ER – моделін көрсетудің қандай түрлері бар?
Сабақтың жүру барысы:
Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.
Лабораториялық сабақ №7
Тақырып. Даталогиялық жобалау
Сабақтың мақсаты:
Даталогиялық жобалау сұрақтарын қарастыру.
Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар
-
Даталогиялық жобалау дегеніміз не?
-
Даталогиялық модель дегеніміз не?
-
МБ даталогиялық жобалауына арналған қандай мәліметтер бастапқы болып табылады?
-
Не даталогиялық жобалаудың нәтижесі болып табылады?
Сабақтың жүру барысы:
Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.
Лабораториялық сабақ №8
Тақырып. Қатынасты қарапайымдау
Сабақтың мақсаты:
Қатынасты 1-ші, 2-ші, 3-ші қарапайым формаға келтіретін қатынасты қарапайымдау процесімен таныстыру.
Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар
-
Қарапайымдау дегеніміз не?
-
1-ші қарапайым формаға түсінік беру.
-
Функционалдық қатыс дегеніміз не?
-
Толық функционалдық тәуелділік дегеніміз не?
-
Транзитивтік тәуелділік дегеніміз не?
-
2-ші қарапайым формаға түсінік беру.
-
3-ші қарапайым формаға түсінік беру.
Сабақтың жүру барысы:
Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.
Лабораториялық сабақ №9, №10
Тақырып. Мәліметтерді физикалық ұйымдастыру әдістері
Сабақтың мақсаты:
Мәліметтерді физикалық ұйымдастыру әдістерін қарастыру.
Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар
-
Сақтау схемасы дегеніміз не?
-
Мәліметтерді физикалық сақтаудың қандай әдістері бар?
-
Мәліметтерді физикалық сақтаудың әдістеріне сипаттама беріңіз.
-
МБ ақпаратты іздеудің қандай әдістері бар?
-
МБ ақпаратты іздеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
-
Мәліметтердің физикалық форматы дегеніміз не?
-
Қазіргі МББЖ қолданылатын физикалық ұйымдастырудың қандай әдістері бар? Олардың сипаттамасын беріңіз.
Сабақтың жүру барысы:
Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.
Лабораториялық сабақ №11
Тақырып. CASE - технология
Сабақтың мақсаты:
CASE – технология мен CASE – әдістерінің түсінігімен танысу.
Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар
-
Case – технология дегеніміз не?
-
CASE-технологиямен сәйкес құрастыруда қандай принциптер ерекшеленеді?
-
Процесті суреттеуде қандай жаңдайлар болуы мүмкін? Олардың сипаттамасын беріңіз.
-
Case – әдістер дегеніміз не?
-
Case – әдістер құрамына қандай компоненттер кіреді?
-
Қандай Case – әдістер бар?
Сабақтың жүру барысы:
Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.
Лабораториялық сабақ №12, №13
Тақырып. Бөлшектелген мәліметтер қоры
Сабақтың мақсаты:
Бөлшектелген МБ жобалаумен байланысқан сұрақтарды қарастыру.
Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар
-
Орталықтандырылған МБ дегеніміз не?
-
Бөлшектелген МБ дегеніміз не?
-
"Файл-сервер" архитектурасы нені білдіреді?
-
"Клиент-сервер" архитектурасы нені білдіреді?
-
Бөлшектелген МБ қандай ерекшеліктері бар?
-
РБД қойылатын қандай спецификалық талаптар бар?
-
РБД мәліметтер сөздігі дегеніміз не?
-
Мәліметтерді сақтаудың қандай стратегиялары бар?
-
Сервер дегеніміз не?
-
Сервер қандай мәселелерді шешеді?
-
Клиент дегеніміз не?
-
Клиент қандай мәселелерді шешеді?
-
Сервер жұмысының қандай реті болуы мүмкін?
-
Фондық процестер сұраныстарды өңдеу кезінде қандай операцияларды орындайды?
-
РБД администраторы қандай есептерді шешу қажет?
Сабақтың жүру барысы:
Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.
Лабораториялық сабақ №14
Тақырып. Жобалаудың арнайы сұрақтары
Сабақтың мақсаты:
МБ ақпаратты қорғау және МБ бүтіндікті қамтамасыз етуге байланысты сұрақтарды қарастыру.
Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар
-
Мәліметтерді қорғау дегеніміз не?
-
Ақпаратты қорғаудың қандай аспектілері бар?
-
Ақпаратты қорғау аспектілерінің мазмұнын ашыңыз.
-
Ақпаратты қорғау әдістері қандай топтарға бөлінеді?
-
Аппараттыққа қандай қорғау әдістері жатады?
-
Программалыққа қандай қорғау әдістері жатады?
-
Ұйымдастырушылыққа қандай қорғау әдістері жатады?
-
Статистикалық өңдеу кезінде мәліметтерді қорғаудың қандай әдістері бар?
-
Ақпараттың бүтіндігін қолдау процесі өзіне нені қосады?
-
МББЖ қамтамасыз ететін ақпараттың бүтіндігін шектеудің қандай түрлері бар?
Сабақтың жүру барысы:
Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.
Лабораториялық сабақ №15
Тақырып. Объекті-қалыптамалы мәліметтер қоры
Сабақтың мақсаты:
ОҚМБ теориясымен байланысты сұрақтарды қарастыру.
Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар
-
Қандай кемшіліктер реляциялық МБ бар?
-
Қандай ОҚМББЖ бар?
-
ОҚМББЖ мәнін қандай?
-
Класс дегеніміз не?
-
Объект дегеніміз не?
-
Инкапсуляция дегеніміз не?
-
Полиморфизм дегеніміз не?
-
Әдіс дегеніміз не?
-
ОҚМББЖ дамуының тенденциясы қандай?
-
ОҚМББЖ дамуының кемшіліктері мен перспективалары қандай?
Сабақтың жүру барысы:
Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.
4. студенттің өздік жұмысы
4.1.Өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар: студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) реферат түрінде орындалады және студенттердің өздік жұмысын қойлатын талаптарға сәйкес тапсырылады.
Өздік жұмысты бақылау келесі формада өтуі мүмкін:
– жасалған жұмысты көрсету;
– өздік меңгерген тақырып бойынша баяндама;
– аудиториялық сабақтарды немесе ОБСӨЖ-де ауызша сұрау;
– жазбаша орындалған тапсырмаларды қорғау.
Өздік жұмысының нәтижелерін тапсырмаған студент қорытынды аттестацияға жіберілмейді.
Өз бетімен меңгерген материал оқытушумен бірге меңгерілген материалмен қоса қорытынды бақылауға шығарылады.
4.2.Өздік жұмыс тақырыптары:
4.1. Деректер базасының заттық салада ақпараттық модель ретінде көрсетілуі.
4.2. Деректер банкі. Деректер сөздігі.
4.3. Деректердің бүтіндігі. Схема және схема бөлшектері.
4.4. Деректерді ұсыну деңгейлері: сыртқы, концептуалды, ішкі.
4.5. Иерархиялық, тораптық және реляциялық модельдер, олардың құрылым түрлері.
4.6. Реляциялық алгебра мен реляциялық есептеу.
4.7. SQL тілінде деректерді өңдеудің негізгі операторлары. Реляциялық модельдердің кемшіліктері мен артықшылықтары.
4.8. Деректер базасын құру.
4.9. Концептуалды, логикалық және физикалық жобалау.
4.10. Деректер базасының ғылымда, техника мен бизнесте қолданылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |