Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және Біріккен Ұлттар Ұйымының мыңжылдықты түракты даму бағдарламасы
Бұл кедейлікті азайтуға ықпал жасайтын және адамдар өмірін елеулі жақсартуға көмектесетін кажетті ақпарат пен білім барынша қолжетімді болатын, миллиондаған адамға жаңа технология көмегімен мүмкіндіктер ашатын әлем болып табылады. Халықаралық электрбайланыс одағының деректері бойынша өнірде 2 млрд тіркелген байланыс және 1,4 млрд ұялы байланыс абоненттері тұрады. Сонымен қатар Азиялық-Тынық мұхит аймағы әлемдік интернет пайдаланушылардың 40 пайыз және жалпы әлемдік көлемінін 39 пайыз үлесін құрайды.
2015 жыл Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) үшін мыңжылдықтың даму мақсаттарына байланысты үрдістің аяқталуын және Дамудың жаңа негіздемелік бағдарламасын бекітілуін алған жемісті жыл болды.