Бағалау жүйесі
Білім алушылардың барлық оқу тапсырмаларына қатысты оқу жетістіктері білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша бағаланады. Оны дәстүрлі бағалау межесіне ауыстыру кестеге сәйкес жүргізіледі.
Әріптік жүйе бойынша бағасы
|
Балл сандық балмасы
|
Пайыздық мазмұны
|
Дәстурлі бағасы
|
A
|
4,0
|
95-100
|
Өте жаксы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
Өте жақсы
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
Жақсы
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
Жақсы
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
Жақсы
|
C
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
Қанағаттанарлық
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
Қанағаттанарлық
|
D-
|
1,0
|
50-54
|
Қанағаттанарлық
|
FX
|
0,5
|
25-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
F
|
0
|
0-24
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Үлгерімнің орташа балы (GPA)
Оқу үлгерімінің орташа баллы (GPA) – баға қойылған әр пәннен алынған кредиттер санына сай өлшенетін барлық бағалардың орташа балы.
Білім алушының транскриптінде академиялық кезең, оқу жылы мен барлық оқу кезеңіндегі GPA көрсетіледі. Оқу үлгерімінің орташа балы (GPA) 4-балдық шкала бойынша есептеледі.
Транскрипт
Транскрипт – білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар белгіленген нысандағы құжат. Офис-регистратор білім алушыларға ректордың қолы қойылған және Университет мөрімен расталған ресми транскрипт береді.
Транскрипт білім алушының сұрауы бойынша кез келген оқу кезеңі үшін беріледі.
Ресми емес транкриптін (ректордың қолы қойылмаған және мөрмен расталмаған) «Платонус» ААЖ-дағы білім алушының жеке кабинеті арқылы алуға болады.
Ресми транскрипт алу үшін: Транскрипт дайындау мерзімі: 3 жұмыс күні.
Достарыңызбен бөлісу: |