Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздерін меңгеру пәнінен модульді бағдарламаның ОҚУ-Әдістемелік кешені //І курс// //48 сағат// Дайындаған: Құнапия Н.Қ 2021-2022 оқу жылы «келісілді»



бет57/106
Дата15.01.2022
өлшемі1.47 Mb.
#454595
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   106
УМК Кәсіби АКТ1

Жергілікті желі

Компьютерді (жұмыс станциясымен немесе серверді )желіге қосу арнаулы жүйе адаптері арқылы орындалады. Желі адаптері бөлек сатылады, бірақ кейде компьютер құрамында болуы да мүмкін.Көптеген фирмалар шығарып жататын желі адаптерлерінің толып жатқан түрлері бар.Желі адаптерлері қызмет істеу топологиясына қарай екі топқа бөлінеді.Қарапайым жергілікті желіде шиналық немесе жұлдыз тәрізді топология болады.Шоғырланған сымдар арқылы байланысатын шиналық топологияның негізгі кемшілігі – кабель үзілсе, желі түгелдей жұмыс істемей қалады.Ал, жұлдыз тәрізді топологияда әрбір компьютер өз кабелімен жеке коректену блогы бартаратқыш құрылғыға(олдакомпьютер)жалғанады.Мұнда бір кабель үзілгенмен, тек бір жұмыс станция сығана істен шығадыда, желі қалған станциялармен жұмыс істей береді. Шиналық топологияға қарағанда, мұндағы зиян әлденеше рет төмен болады.

Желілер топологиясының бұданда күрделі варианттары бола береді.Мысалы, желі бірнеше шиналық топология сегменттерінен және бірнеше жұлдыз тәрізді тармақтардан құрылу мүмкін.

Соңғы кездерде бір гимаратқа орналасқан жергілікті радиоторапты желілер кең тарап келеді.Мұның артықшылығы – біріншіден, жалпы көрсеткіштері ойдағыдай болмағанмен бағасы онша қымбат емес; - екіншіден, жұмыс істеп тұрған кабельдік желілермен оңай байланысады.

Радиоторапты желілердің негізгі кемшілігі – олардағы ақпаратты жеткізу жылдамдығының өте төмен деңгейі болуы, ол 10 Мбит/сек мөлшерінен аса алмай келеді.Дегенімен, бұларды жасаушы фирмалар жақында жылдамдықты 30Мбит/сек шамасында жеткізетінін, тіпті оданда арттыратынын айтып дәлелдеуде.

Қайтсе де, обьективті және субьективті шараларды салыстыра, болашақ осы жергілікті радиоторапты желілерді немесе кабельдік желілерге қосымша радиожелілерді кеңінен пайдалануға әкелетіні байқалады.

Обьективті себептердің бірсыпырасын айтар болсақ, олар:

- радиожнліні іске қосуға кететін қаражат осы тәрізді кабельдік жергілікті желіні іске қосудан арзан;

- ескі ғимараттарда олардың қабырғаларын тесіп, кабель жүргізу істерін ұйымдастыру оңай шаруа емес;

- радиожеліні тарихи бағалы деп есептелетін ғимараттарда іске асыру ыңғайлы, өйткені ондай жерлерде кабель жүргізу үшін тарихи ескерткішті қорғау органдарының келісімі керек;

- кабель жүргізуге мүмкіндік жоқ,ал жергілікті желіні кеңейту керек-ақ.

Субьективті себептерге мыналарды жатқызуға болады:

- кабельдік желіге қарағанда қайта құру оңай іске асады, мысалы жаңа торап қосу, алу, олардың құрылғыларын орнату және т. с. c;

- жергілікті радиожеліге уақытша және жылдам қосылуға тиіс жеке пайдаланылатын органайзерлер мен ноутбуктерді қосу ыңғайлы. Оның үстіне, мұндай адамдар немесе олардың қосылу нүктелері байланыс жетер аймақта басқалармен кез келген мәлімет алмаса алады.

Жергілікті желілерді пайдаланылатын программалық жабдықтарына қарай екіге бөлуге болады:

Біріншісі – арнаулы файл- серверлер бөлініп берілген желілер, бұлардың құрамындағы бір немесе бірнеше компьютерлерде арнаулы желілік операциялық жүйе (Novell NetWare, IBM Lan Manager ) іске қосылады. Олардың негізгі қызметі - әрбір жеке компьютер иесіне желі ресурстарын пайдалануды қамтамасыз ету, бірінші кезекте, серверлік дискілерді және желі принтерлерін бөліп беріп отырады.

Мұнда жеке компьютерлер бір-бірімен емес тек файл- сервермен байланысады. Мысалы, олар файл- сервер дискісіне мәліметтер жаза алады немесе басқалар жазған файлдарды оқи алады және де желі принтеріне мәтін басып шығарады. Жұмыс станциялары арасында мәліметтер алмасу (файл- серверді айналып өту ) теория тұрғысынан мүмкін болғанымен, практика жүзінде іске асырылмаған.

Екінші топ – бір рангілік желілер. Мұнда файл-сервер немесе баспа сервері ретінде пайдаланылатын жеке компьютер болмайды. Кез-келген станцияда отырған адам өз компьютерін сервер ретінде пайдаланып, басқа компьютерлермен мәліметтер алмаса береді, құрылғыларын да ортақтастыру мүмкіндігі бар.Мұның мысалы ретінде MS Windows for Workgroups немесе Windows 98 желілерін қарастыруға болады.Бір рангілік желі компьютер арасындағы мәліметтер алмасу жиі және үлкен көлемде жүргізілгенде өте ыңғайлы. Бірақ мәліметтер алмасу тек файлдар алу, берумен шектелмейтіні есте болсын.

Әрбір адам кезкелген мәліметтер түрін (бьектіні ) өз алмасу буферіне (Clipboard) жазып алып содан кейін желідегі компьютерлердің бәрінің де сол обьектімен пайдалануын қамтамасыз ете алады.Міне,мұндағы мәліметтер файлда болмағандықтан,оны жазу, оқу, орын ауыстыру, яғни тасмалдау да қажет емес.Сонымен бір рангілік барлық компьютерлердің бір жоба төңірегінде жұмыс істеуін жүзеге асырып, кез келген фарматтағы мәліметтерді жеткізе алады.

Мұның бәрі бір қарағанда күрделі болып көрінуі ықтимал, бірақ әр адамға жеткізу істерінің қалай орындалатынын білудің қажеті жоқ, атқарылатын жұмыстар түгел программалар арқылы басқарылып, олардың егжей– тегжейі

де өзінен- өзі афтоматты түрде орындалып жатады. Әр адамға тек желіге қосылғанын, қандай мәліметтерді және қалай пайдалана алатынын білу жеткілікті.Білмесеңіз, желі администраторынан немесе осыған жауапты жаннан сұрап білуге болады.Мұндағы әрбір администратор – қарапайым компьютер иесі, бірақ кез келген мәліметтер пайдаланушы администратор емес. Әрбір фирмада, қажет болса, көмек тесе алатын бір маман болады.Желі администраторының жауапкершілігінен бірсыпыра мағлұмат бере кетелік.

Желі адаптерінің құны онша қымбат емес.Әдетте жұмыс станциялары үшін жылдамдығы орташа, арзандау желі адаптерлері алынады да, файл – серверлер мен мәліметтер базасын басқаратын серберлер үшін жоғары жылдамдықты, қымбат тұратын адаптерлер түрі колданылады.Қалай десек те, желі құралдарына онша көп қаржы жұмсала қоймайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет