Windows жүйесінің негізгі ұғымдары
Терезе
Терезе- WINDOWS жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, WINDOWS сөзінің нақты аудармасы «терезелер» екені осыны білдіреді.
Терезе-экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. WINDOWS терезесінің экранды толығымен,жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін.
Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді.Мұнда кез келген программаның өзіне тән жұмыс ісеу терезесі болады.Егер терезені жабатын болсақ,дәл сол уақытқа дейін терезе ішінде екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаның жұмысы да аяқталады.
Болашақта . WINDOWS ортасының әр түрлі терезелерін қарастырамыз,олардың жұмыс істеуінде айырмашылық болса да,бәрінің ортақ элементтері,қасйеттері бар.Енді сол элементтермен танысайық.
Достарыңызбен бөлісу: |