Төлеген Әсем Группа: 303 Судың өсімдік тіршілігіндегі маңызы



Дата15.05.2024
өлшемі1.32 Mb.
#501224
физиология өсімдік

Өсімдіктердегі су алмасы физиологиясы

Орындағандар: Михтибек Орынгүл

Сапарбаева Сандуғаш

Төлеген Әсем

Группа: 303

Судың өсімдік тіршілігіндегі маңызы


1. Су ең жақсы, күшті еріткіш болып саналады және ол биохимиялық реакциялар жүзеге асатын негізгі орта болып келеді.
2. Су клеткадағы құрылымдық бөліктерді қалыптастыруға қатысады. Белок молекулаларындағы су олардың кұрылысын анықтайды.
3. Су молекулалары биохимиялық процестерге қатысады.
4. Жоғары сатыдағы өсімдіктердегі ксилема жэне флоэмадағы симпласт пен апопласт арқылы заттардың таралуын жүзеге асыратын тасымалдау жүйесінің негізгі мүшесі болып саналады.
5. Жылу сыйымдылығының және меншікті булану жылулығының өте жоғары болғандықтан су ұлпалардың температурасы кенет өзгеруден сақтайды.
6. Су жақсы амортизатор ретінде организмдерді механикалық әсерлерінен қорғайды.
7. Осмос жэне тургор қысымдарына байланысты су өсімдік клеткаларының, ұлпаларының жэне мүшелерінің серпімділік күйін қамтамасыз етеді.

Өсімдіктегі судың категориялары


Өсімдіктегі суды К.А. Тимирязев екі категорияға бөлген болатын.
Бірінші категорияға жататын суды қосылыстағы су.
Екіншіге жататын суды боссу деп атады.

Судың молекулалық құрылысы

  • Су молекуласында сутегі мен оттегі ядроларына ортақ екі жұп электрондар бар.
  • Отгегі теріс зарядты болғандықтан оң зарядталған сутегі электрондарын өзіне тартады. Оң және теріс зарядтардың кеңістікте ашык, орналасуы су молекуласыньщ дипольдығын (полярлығын) бейнелейді.
  • Оттегі ядросы мен сутегі атомының жеке ядроларыньщ аралығындағы қашықтық шамамен 0,099 нм, олардың байланысу аралығындағы бұрыш шамамен 105°-ка тең.

Судың молекулалық құрылысы

  • Су молекуласындағы электрондар оттегі атомымен мықты байланысқандықтан протондар бөлінеді. Судың молекулалық құрылысының ерекшелігі — оның өте жоғары диэлектрлік өткізгіштігі.
  • Су зарядты бөлшектер үшін жақсы еріткіш, ал полярсыз молекулалар үшін нашар еріткіш. Катионның электрлік өрісіндегі судың барлық жақын молекулалары теріс полюстерімен ішке карай бағытталады, ал аниондар айналасындағы судың молекулалары ішке карай оң полюстерімен бағытталады.
  • Ішкі ионмен тығыз байланысқан су молекулапарының қабатын бірінші немесе жақын гидратация деп атайды.
  • Бұл қабаттың сыртында қашықтау орналасқан молекулалар қабатын екінші немесе қашық гидратация деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет