Ақпараттық технологиялар кафедрасы 6В06101–«Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған


Дәріс-9. Дербес компьютердің ішкі жадтары



бет18/41
Дата14.03.2022
өлшемі277.21 Kb.
#456244
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Введение в спец лекция

Дәріс-9. Дербес компьютердің ішкі жадтары

Компьютердің ішкі жадын - жедел жады (RАМ - Random Access Memory) мен тұрақты есте сақтау құрылғысы (RОМ - Read Only Memory) құрайды. Осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез-келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадыға жазылады.


Жедел жады (RАМ) - компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар ғана сақталады. Жедел жадта ақпарат тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын ақпаратты жоғалтып алмауы үшін оны әлсін-әлсін магниттік дискіге жазып отыруы керек.
Сыйымдылығы 1 Мб немесе одан да жоғары болып келетін компьютерлердің жедел жады екі бөлімнен тұрады - алғашқы 640 Кб қолданбалы программалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалғаны төмендегідей мақсаттарға пайдаланылады:
 операциялық жүйенің алғашқы жүктемесін және компьютердің жұмысқа жарамдылығын тексеретін операциялық жүйенің бөлігін сақтауға, сондай-ақ төменгі деңгейдегі қарапайым енгізу-шығару жұмыстарын орындау үшін;
 экранға кескіндерді беру үшін;
 компьютердің қосымша құрылғыларымен бірге жүктелетін операциялық жүйелердің әр түрлі кеңейтілген мәліметтерін сақтау үшін қажет болады.
Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Ақпарат көлемін өлшеуде байт бірлігі (қатар тұрған сегіз бит - бір мен нөл тізбегі) қолданылады. Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не магниттік дискеттегі сақталатын ақпарат 360 Кб, 720 Кб немесе 1,44 Мб болып жазылуы мүмкін. Винчестер деп аталып жүрген қатты дискіде, 1000 - 10000 Мб (1-4 Гигабайт) және одан да көлемді 1 Тбайт (1 Терабайт)=1012 байт ақпарат жазылып сақталады. Жедел жадтың көлемін оның негізгі тақшасына микросхема қоса отырып үлкейтуге болады.
Компьютер өшкен кезде, оның жедел жады ешқандай программаны да, мәліметті де сақтай алмайды. Сондықтан компьютер өшкен мезетте–ақ процессордың адрестік шинасына бастапқы адрес қойылады, ол программаның қатысуынсыз аппаратпен іске асырылады. Бұл адрес жедел жадты көрсетпей тұрақты есте сақтау құрылғысын көрсетеді.
Тұрақты жады (ROM) – энергияға тәуелсіз жады, өзгертуді қажет етпейтін мәліметтерді сақтайды, оны тек оқуға ғана болады, өшіріп қайта жазуға болмайды. Тұрақты есте сақтау құрылғысы - процессордың жұмыс кезінде жедел жад пен тұрақты есте сақтау құрылғысымен мәлімет алмасып отырады. Тұрақты есте сақтау құрылғысы компьютер өшіп тұрғанда да, ақпаратты ұзақ уақыт сақтайды. Тұрақты жадқа керекті программалар оны шығаратын заводта жазылады, олар көбінесе компьютерді токқа жалғаған кезде оны тексеріп, іске қосу үшін қажет. Көлемі - 32 Кб-64 Кб шамасында.
Тұрақты есте сақтау құрылғысында орналасқан программа BIOS (Basic Input Output System) енгізу/шығару базалық жүйесі деп аталады, ол ЭЕМ іске қосылған сәтте процессордың, жедел жадының және басқа құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін тест арқылы тексереді, сондай-ақ сыртқы құрылғылар адаптерін басқаруды қамтамасыз етеді. Операциялық жүйенің келесі бөлігі болып саналатын жүктеуішті дискіден шақырып іске қосады.
Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жад (Саsh) деп атайды. КЭШ-жад - жедел жад пен процессордың жұмысын жеделдету үшін аралық дәнекер жад ретінде пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет