Микропроцессордың құрамы:
Басқару құрылғылары;
Арифметикалық – логикалық құрылғы (АЛҚ);
Микропроцессорлық жад- кэш жад;
Микропроцессордың интерфейс жүйесі – жалпы міндет атқаратын регистрлер.
Басқару құрылғылары (БҚ) - орындалып жатқан операцияларда қолданылатын басқару импульстерін (сигналдарды) қажет кезінде қалыптастырып, машинаның барлық блоктарына жібереді. БҚ – жад ұяшықтарының адресін жасайды және бұл адрестерді ЭЕМ-нің сәйкес блоктарына жөнелтеді.
Арифметикалық – логикалық құрылғы (АЛҚ) - сандық және символдық ақпараттармен орындалатын барлық арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды.
Жалпы міндет атқаратын регистрлер – бұларда негізгі жадтан түсетін аралық мәндер сақталады.
Кэш-жад – процессор мен жедел жады арасында буфер ретінде қолданылатын, қойма сияқты жады, оған аралық деректер мен командалар келіп түседі. Көп мәліметтерді кэш-жадтан алу әрекеті процессордың мәліметтерді алуына жеңілдік келтіріп, оның жылдамдығын арттыруға жәрдемдеседі, яғни кэш-жад компьютердің жұмыс өнімділігін арттыруға арналған. Кэш-жад екі деңгейлі, біріншісі - процессор ішінде, ал екіншісі - процессордан тысқары, яғни тақшада орнатылады, көлемі 256 Кбайт-тан 512 Кбайт-қа дейін болады.
Енгізу/шығару порттары компьютерді сыртқы баспа, модем сияқты құрылғылармен жалғастыру үшін қажет. Порттар екіге бөлінеді:
жалпы мақсаттық параллель порт;
асинхронды (бір уақтылы емес) тізбекті порт.
Олардың сәйкес түрде белгіленуі: LPT1- LPT3, COM1 - COM3.
Енгізу/шығару құрылғылары мен процессор арасында өтетін ақпарат алмасу алдымен, адаптер деп аталатын, осы құрылғылардың жұмысын үйлестіруші интегралдық схемаға келіп түседі (латынша adaptere –үйлестіруші). Адаптер - әр түрлі құрылғылардың жұмысын басқаратын құрылғы. Контроллер – мәліметтерді тасымалдау құрылғыларын компьютерге жалғау қондырғысы.
Адаптердің жұмысына мысал: екілік кодтарды жадтан мониторға жіберу кезінде сәйкес адаптер (бейнеадаптер) алдымен оларды түрлі символдарға аударатын сигналдарға айналдырады: кез келген пернені басып, қоя берген кезде пернетақта сәйкес екілік кодтың сигналдарын процессорға, жадқа бірінен соң бірін ретімен жібере бастайды. Бұл кодты алдымен пернетақта адаптері қабылдайды да, оны процессор жұмыс істей алатын параллель кодқа айналдырады. Адаптерлердің өздері қабылдаған ағымдық команданы немесе деректерді жазып қоятын ұяшықтары бар, оларды порт регистрлері деп атайды. Адаптерлер - процессор, жад және басқа құрылғылармен жүйелік шина немесе магистраль деп аталатын көп қабатты тақшаның (платаның) ток өткізгіш желісі арқылы байланыстырылып қойылған. Байланыстыру шинаға дәнекерленіп қосылған порттар деп аталатын ажыратып қосқыштар арқылы орындалады. Шина үш бөлімді: адрестік шина, мәліметтер шинасы және басқару шинасы. Әр шина сандары бірдей емес көптеген өткізгішті сымдар тобынан тұрады. Адрестік шина арқылы ақпарат жазылатын ұяшықтың адресі жіберіледі. Мәліметтер шинасы арқылы ақпарат, ал басқару шинасы арқылы «ақпаратты жазу», «ақпаратты оқу» сияқты түрлі командалар жіберіледі.
Таймер (уақытты белгілеу) – кәдімгі сағат рөлін атқаратын интегралдық схема. Оның қызметтерінің бірі – монитор экранында кескіндерді қалпына келтірудің уақытша аралықтарын беру, яғни синхрондау, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |