Дәріс -15. Желілік ақпараттық технология.
Компьютерлік желілер - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын бірнеше компьютерлердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.
Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол) интерфейс, желілік бағдарламалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.
Желі топологиясы оның негізгі функционалдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.
Негізгі желілік топологиялар. Компьютерлерді біріктірудің геометриялық схемасы – желі топологиясы деп аталады.Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі бар, олар:
1. Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.
2. Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін – желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады.Бұл топологияның артықшылығы – кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.
3. Сақиналық топология. Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станциясын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады.Бұл топологияның кемшілігі – кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.
Желілік техникалық құралдар. Желілік техникалық құралдар – компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны, 12.1-суретте желілер архитектурасы көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |