Ақпараттық технологиялар кафедрасы 6В06101–«Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған



бет36/41
Дата14.03.2022
өлшемі277.21 Kb.
#456244
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Введение в спец лекция

Желілік интерфейс тақшалары желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралдары, олар столға қойылатын және протативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады.
Шлюз – объектілердегі әртүрлі деректерді алмастыру хаттамаларымен біріктіру қызметін атқарады.
Модем ((Modem) модулятор/демодулятор) - телефон желісі арқылыкомпьютердің мәліметтерді жөнелтуін және қабылдауын жүзеге асырады, ол не компьютерге қосылған сыртқы құрылғы, немесе компьютерге қойылған тақша түріндегі электрондық құрылғы.
Желілік бағдарламалық құралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамассыз етеді, сондай-ақ желіні қадағалау, басқару және ондағы мәліметтерді сақтау істерінде маңызды рөл атқарады, желіні тоқтатып қоюға мүмкіндік бермейді.
Бағдарламалық жабдықтар мен ақпараттық ресурстар Интернеттегі әр түрлі типтегі компьютерлер мен құрылғылардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық ресурстар - мәліметтер жиыны. Мәліметтерді желіде орналастырудың бір ерекшелігі – олар таралған түрде сақталады, мысалы, мәтін бір компьютерде, дыбыс пен әуен екіншісінде, ал графика - басқа желідегі, үшінші компьютерден алына береді.
Деректерді өткізу моделі – OSI деп аталады, желі бойынша OSI моделін өткізудің 7 түрлі деңгейі бар. Транспорттық-желілік деңгейдің интерфейсі OSI деректерді өткізу моделі TCP/IP базалық протоколды суреттейді, арналық деңгейінде ақпарат кадр түрінде беріледі, қолданбалы деңгейде ақпарат хабарлама түрінде беріледі.
Желі түрлері. Компьютерлік желілер жергілікті, аймақтық және ауқымды болып түрлі түрге бөлінеді.
1. Жергілікті желі (LAN - Local Area Network) – бір бірімен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер. Олар мекеме ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы компьютерлерді бір-бірімен және сервермен (қуатты бас компьютер) байланыстырады. Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы бағдарламаларды және принтер, факс тәрізді сыртқы құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір компьютер желі түйіні немесе жұмыс станциясы деп аталады Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Біррангті желі - ерекшеленген сервері жоқ, барлық ЭЕМ-дердің қатынас құқықтары бірдей желілер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет