Ақпараттық технологиялар кафедрасы 6В06101–«Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған


Университеттің халықаралық қатынастары



бет6/41
Дата14.03.2022
өлшемі277.21 Kb.
#456244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Введение в спец лекция

Университеттің халықаралық қатынастары күннен-күнге дамып, көптеген ғылыми-білім беру орталықтарымен 60-тан астам келісім-шарт бекітілген, олар: Солтүстік Дакота Университеті (АҚШ), Гринвич Университеті мен Манчестер Метрополитен Университеті (Ұлыбритания), Кәсіби білім беру Ларенштейн Университеті (Нидерланд Патшалығы), АСАD Университеті (Германия), Гавр Университеті (Франция), жаратылыстану ғылымдарының Университеті (Польша), Андонг Ұлтық университеті мен Конкунк университеті (Оңтүстік Корея), Айдын Университеті (Түркия), Мәскеу тамақ өндірісінің мемлекеттік университеті мен Мәскеу технологиялар мен дизайн мемлекеттік университеті (Ресей) және т.б. Студенттермен алмасу бойынша халықаралық келісімдер шеңберінде, соңғы бес жылда АТУ-дың бакалавриат және магистратураның 120-дан астам студенттері шетелде оқып, тәжірибеден өтті, ал 70-тен астам шетел студенттері жазда АТУ-да білім алды.
Университеттің 50-ден астам оқытушылары шетелде тәжірибе алды. Университет Халықаралық университеттер ассоциациясының (IAU), Еуразиялық университеттер одағының (EURAS), техникалық мамандықтар бойынша студенттермен алмасу халықаралық ассоциациясының(IAESTE) мүшесі болып табылады. Сондай-ақ, шетел мемлекеттерінің ҚР-дағы елшіліктерімен аккредитациялаған Қазақстандағы Британдық Кеңесімен, Академикалық алмасудың Германдық қызметімен (DААD), Гете Институтымен, Білім беру бойынша Американдық Кеңесімен және Халықаралық зерттеу бойынша Американдық Кеңесімен (IREX) тығыз байланыс орнатқан. 
Еліміздің жетекші өндірістік кәсіпорындарымен байланысы жаңа инновациялық ғылыми шешімдерді өндіріске тез арада енгізуіне және өндірістіқ талаптарына сәйкес жоғары оқу орнының тұтас қызметін үйлестіруіне ықпал етеді. 2005 жылдан Университет қабырғасында Қамқоршы Кеңесі жұмыс атқарып келеді. Оның құрамына 30-дан астам аймақтың ірі кәсіпорындарының бірінші жетекшілері кірген. Кеңес университеттің жұмыс берушілермен қызмет жүргізуін реттейді. 
Қалыптасқан білім беру дәстүрін жалғастыра келе, университет білім берумен қоса, жеке тұлға тәрбиесіне орасан зор көңіл бөледі. Адами даму барысында, университет студенттің сабақтан тыс уақытына ерекше назар аударады. Оның салауатты өмір сүруіне, шығармашылық дамуына, әлемдік және ұлттық мәдениеттерді тануға шақырады. Университет қабырғасында жүзеге асырылып отырған жастар саясаты студенттердің қоғамдық белсенділік танытуына ықпалын тигізеді. Ол өзін -өзі басқару органдарына: Жастар ісі бойынша комитетіне, Жастар кеңесіне, Студенттік омбудсменге, Қазақстан студенттерінің Альянсына, университеттің «Технолог» газетінің редакциясына қатысты болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет