Ақпараттық технологиялар кафедрасы 6В06101–«Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған


Оқырмандарды ғылыми кітапханаға жазу тәртібі



бет9/41
Дата14.03.2022
өлшемі277.21 Kb.
#456244
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Введение в спец лекция

Оқырмандарды ғылыми кітапханаға жазу тәртібі



  1. Ғылыми кiтапханаға тіркелуде студенттер студенттік билетін, төлқұжатын, оқытушылар, қызметкерлер мен оқырмандардың басқа категориялары үшiн – төлқұжатын немесе қызмет куәлiгiн, 3х4 өлшемдi екі фото суретiн өткізуі тиіс. Бірінші курс студенттері деканаттардан немесе оқу бөлімінен түскен тізім негізінде жазылады. Оқырман билеті барлық абонементтермен оқу залдарын пайдалануға құқық береді.

  2. Кітапханаға жазылар кезде оқырмандар «Алматы технологиялық университетінің ғылыми Ғылыми кітапханасын пайдалану ережесімен» танысып, оны орындау жөнiндегi мiндеттемесiн оқырман билетіне және оқырман формулярына қол қойумен растайды. Оқырман формуляры үйге берілген құжаттарды тіркеп, алынғанын растап, қайтару мерзімін белгілейтін құжат болып табылады. 

  3. Оқырман билетiнiң қолданылу мерзiмi – бiр жыл. Ғылыми кiтапхана жыл сайын өзi белгiлеген мерзiмде оқырмандарды оларға жазылған әдебиеттiң бәрiн көрсетуiмен қайта тiркеуден өткiзiп, оқырман билетiн ұзартады. Қайта тiркеуден өтпеген оқырмандарға кiтапхана қызмет көрсетпейдi.

Оқу залын пайдалану қағидалары



  1. Оқу залында тек қана оқу залы қорынан алынған құжаттармен пайдалануға болады.

  2. Оқу залына кірерде оқырман билеттерін міндетті түрде көрсетуі қажет.

  3. Әдебиеттерге тапсырыс сұраныс парағын толтыру арқылы беріледі.

  4. Оқу залына берілетін әдебиеттер саны шектелмейді. Тек қана жиі сұранысқа ие болатын құжаттардың саны әкімшіліктің шешемі бойынша шектелуі мүмкін. 

  5. Энциплопедияларды, анықтамалық, басылымдарды, сөздіктерді сирек кездесетін және құнды басылымдарды, кітаптың жалғыз және соңғы данасын, сонымен қатар, кітапханааралық абонементтен алынған басылымдарды тек қана оқу залдарында пайдалануға рұқсат етіледі. 

  6. Кезекші кітапханашыны ескертпей оқу залына жеке меншік кітаптарымен, газет-журналдары­мен және басқа да баспа басылымдарының кесiндiлерiмен кiруге болмайды.

  7. Әдебиеттi оқу залынан кітапханашының рұқсатынсыз шығаруға тыйым салынады. Осы қағиданы бұзған жағдайда оқырмандар 6 ай мерзімінде кiтапхананы пайдалану құқығынан айрылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет