Қақпашының әдіс-тәсілдерін жетілдіру



бет2/2
Дата03.01.2022
өлшемі19.47 Kb.
#451362
1   2
Дене шын №10 Рысбек Асема

Допты ұру. Допты алған соң қақпашы аяқ өрінің ішкі, сыртқы, ортаңғы бөліктері арқылы допқа аяқпен соққы беріп ұра алады. Бұл қақпадан сыртқа (алаңға) ендіру кезінде де қолданылады. Допты тосқаннан кейін осылайша тебу басталады. Бұл жағдайда соққы түсіп келе жатқан допқа беріледі.

  Сабақ барысында:

  1.Допты өр ортасымен соққы беру арқылы тебу.

  2.Екі ойыншы 2м қашықтықтан бір-біріне соққы беріп, қолмен қағып алады.

  3.Ойыншылар бір көзделген жерге 25-30 м қашықтықтан доппен теуіп көздейді.

  4.Ойыншы жүгіріп бара жатқан ойыншыға допты оның жүгірісіне сәйкестендіріп соғады.

  5.Жаттығушы допты қолмен лақтырады.

  6.Ойыншылар допты пассивті, артынан активті түрде соға бастайды.

  Қақпашының ойын тәсілдерін қалыптастыру үшін жасалатын жаттығулар:

  1.Қақпашы бір қолына доп ұстап, бір қолымен айналмалы қозғалыс жасайды, қолды алмастырады.

  2.қолын екі жаққа созып, допты алма кезек алмастырады.

  3.Қақпашы допты қолына ұстап тұрады. Еңкиіп допты аяқ астынан өткізіп, тез тұрып алдынан тосып алады.

  4.Қақпашы алға еңкейіп доптыаяқтан немесе денеден айналдырақозғалыс жасайды. Дәл осылай «сегіз саны» тәрізді қозғалыспен де жасайды.

  5.Қақпашы отырып бір аяғын түзу ұстап, допты осы аяқ арқылы қолдан қолға алмастырады.

  6.Қақпашы түзу қолға доп ұстап, алға созып түзу тұрады. Алға еңкейіп, допты жоғары арқадан асыра лақтырады. Тез түзуленіп, допты қағып алады.

  7.Аяқ арасымен допты жерге соғып, бұрыш жасай артқа тез бұрылып, допты қағып алады.

  8.Қақпашы допты оң қолына ұстап тұрады. Допты аяқ арасымен жерге ұрып, жерден серпілген допты қағып алады.

  9.Дәл осылай, сол қол арқылы.

  10.Қақпашы допты екі қолымен жоғары лақтырып, оны секіріп ұстап алады да, тез 360°-қа бұрылып кеудесіне қысады.

  11.Түрлі жағдайларда тұрып (арқамен жатып, ішпен, жанымен жатып) қолда доп-тез тұрып, допты кеудеге қысу.

  12.Бастапқы жағдайда жатып, қақпашы допты қағып алып, кеудеге қысады.

  13.Бастапқы жағдайдан тізерлеп тұрып, допты кеудеге қысып, жан-жақты құлап тез тұру.

  14.Бастапқы жағдайдан аяқты бүгіп, допты екі қолмен ұстап, екі аяқ арасына қойып алға лақтыру. Қайта тосып алып, кеудеге қысып, алға арнау және артқа арнау.

  15.Бастапқы жағдайда отырып, допты жерге ұрып, тез тұрып, серпілген допты ұстап, кеудеге қысу.

  16.Жеңіл жүгіріс кезінде допты бір қолмен лақтыру. Секіріп тосып алып, кеудеге қысу.

  17.қақпашы допты өзінен1-1,5 м қашықтыққа тастап, ұмтылыс жасап тосып алады.

  18.Қақпашы қолынан допты басынан асыра ұстап жерге ұрып, аунап түсіп, допты тосып алып кеудеге қысады.

  19.Қақпашы әріптесіне қарсы бағытта тұрып 8м қашықтықта допты қақпашыға лақтырып, дауыстайды. Ол тез бұрылып, допты қағып алады.

  20.Қақпашы қабырғаға 1,5м қашықтықта тұрады. Әріптесі артынан 5м қашықтықтан допты қабырғаға лақтырады. Қақпашы допты қағып алады.

  21.Екі қақпашы. Бір-бірінен 3-5 м қашықтықта тұрады. Біріншісі допты лақтырады, екіншісі екі жұдырықпен кері қайтарады.

  22.Бастапқы қалыптан допты екі қолдап ұстап лақтырады, тұрып, отырып, жерге түсірмей қағып алу.

  23.Ішпен жатып допты лақтыру, тез тұрып допты тосып үлгеру.

  24.Екі қақпашы допты бір-біріне 10 м қашықтықта тұрады. Бір-біріне допты серпілтіп жібереді, қайталау.

  25. .Екі қақпашы допты бір-біріне 10-12м қашықтықта тұрады. Бірі допты екі қолдап жерге лақтырады. Екіншісі допты секіріп тосып алады.

  26.Дәл осылай, орын алмасады.

  27.Дәл осылай, бірі теріс қарап тұрады. Ол допты артқа яқ арасымен лақтырады, әріптесі домалап барып допты ұстайды.

  28.Екі қақпашы  бір-біріне 10-12м қашықтықта тұрады. Бірі доппен аунап түсіп, допты әріптесіне бағыттайды.  Ол тосып алып кеудесіне қысады.

  29. .Екі қақпашы доп ұстап бір-біріне 6-8 м қашықтықта тұрады. Допты бір-біріне бірдей лақтырып тосады.

  30.Қақпашылар бір-біріне 7-8м қашықтықта доппен тұрады. Допты бір-біріне жоғарымен лақтырады.

  31.Екі қақпашы бір-бірінен 7-8м қашықтықта тұрады. Артына қарап тұрған қақпашының басынан асыра лақтырады. Ол секіріп допты қағып алады.

  32.Екі ойыншы және қақпашы жаттығады. Қашықтығы 12м . біреуінде доп. Екіншісі аунап түсіп өзіне лақтырылған допты қақпаға бағыттайды. Қақпашы допты қағып алады.

  33.Дәл жоғарыдағыдай орналасады. Әрқайсысында доп. Олар қақпашыға допты кезекпен соққылайды. Қақпашы тосып алып, алаңға қайта лақтырады. 10-15 соққы беріледі.

  34.Қақпашы қақпаға орналасады. Допты соғушыларға кезекпен төтеп береді.

  35. Қақпашы қабырғадан 6м қашықтықта орналасады. Қатты серпілердей етіп, допты лақтырады да, тосып алып кеудеге қысады.

  36.Қақпашы қабырғаға арқамен тұрады. Допты аяқпен қатты соғады. 180°-қа бұрылып серпіліп, кеудесіне қысады.

  37.Қақпашы қабырғадан 10-12м қашықтықта тұрып допты аяқ өрінің ішкі немесе сыртқы жағымен соққы беріп, ұшқан допты екі қолмен тосыпалып, кеудеге қысады.

  38.Дәл осылай, тек 3-4 қақпашы болады.

  39. Қақпашы қабырғадан 6м қашықтықта кері қайтқан допты тосып алып, кеудеге қысады.

  40.Екі қақпашы бір-бірінен 12м қашықтықта орналасады. Біреуі допты домалатып немесе ауалатып лақтырады. Екіншісі допты қағып алып кері қайтарады.

  41.Екі  қақпашы бір-бірінен 15м қашықтықта орналасып, допты кезекпен домалатып жібереді. Кері қайтарып отырады.

  42. Екі қақпашы бір-бірінен 15-20м қашықтықта орналасып, бір-біріне допты лақтырады.

  43.Айып алаңынан екі бұрышына екі қақпашы орналасып, бір-біріне аяқ соққысымен допты бағыттайды.

  44.Қақпа алдына 12м ойыншы доп ұстап тұрады. Оның артына допсыз ойыншы орналасады. Допты қақпаға соғады. Екіншісі ұмтылыс жасап кері қайтарады.

  45.Екі ойыншы қақпаның оң және сол жағына орналасып, кезекпен қақпаға ендіреді.

  46.Ойыншы қақпа сызығынан допты айып алаңына бағыттайды. Қақпашы допты жүгіріп жұдырықпен қайтарады.

  47.Бірнеше ойыншы айып алаңынан қақпаға соққы береді. Қақпашы допты қағып, жүгірген ойыншыға береді.

  48.Ойыншылар шеңбер бойымен орналасып, бір-біріне доп бере бастайды. Қақпашы шеңбер ортасына орналасып, допты тосуы керек немесе аяғымен тоқтату керек. Варианттары: қақпашы допты тез жерге түскенде немесе лақтыру кезінде ала алады.

  49.Қақпашы ойыншыға артқа қарап тұрады. Ойыншы допты лақтырады. Қақпашы тез бұрылып, допты қағып кері қайтарады.

  50.Екі қақпашы бір-бірінен 2м-де тізелеп тұрады. Әрқайсысында доп. Екеуі де бір-біріне тез темпте допты лақтырады.

  51. Екі қақпашы бір-біріне қарсы 3м қашықтықта тізерлеп тұрады. Бір допты оң жағыме, бірі сол жағымен бағыттайды.



  52.Дәл осылай, тек мәріптесі қақпашы алдында 10-11м қашықтықта аяқ арқылы соққы береді.

  53.Қақпашы допты жоғары лақтырып, артынан екінші допты лақтырады. Секіру арқылы түсіп келе жатқан допты жерге түсірмей тосып алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет