Апат медицинасы пәні бойынша дәрістік жинақ Мамандығы: 0301000-«Емдеу ісі»



бет20/31
Дата06.03.2023
өлшемі278.5 Kb.
#470457
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
метод-апат-лек-мд-23курс-каз

10. Жаңа сабақты түсіндіру 30 минут
Ұлпалардың ұзақ жаншылу синдромы
Ұлпалардың және бұлшық еттің ұзақ қысылуы зілзала апаттардың, жер сілкіну, үй мен нысандардың қирауы нәтижесінде болады. Аяқ қолдың бұлшық еттері ауыр бетон плитаның астында қалғанда, тамырлар қысылған кезде, ұлпалар алмасуының ыдырауының және бұзылуының жете тотықтанбаған өнімдерінің токсиндердің көп мөлшерде ағзада жиналады, зардап шегушінің жағдайы нашарлайды және бүкіл ағзалардың қызметі күрт бұзылады.
Аурудың белгілері: ес-түссіз, тамыр соғуы өте нашар, күре тамыр қысымы айтарлықтай төмендейді. Аяқ-қолды босатқан кезде 2-3 литр дейінгі плазма мұнда ұмтылады, соның салдарынан зақымданған аяқ-қолдың көлемі күрт үлкейеді. Бұлшық еттің кескіні жоғалады, домбығудың тығыздығы ағаштай тығыз.
Улы ыдырау өнімдері мен миоглобин зақымдану аймағынан тамырға түседі де бүкіл ағзаға тарайды, бұның салдарынан басқа мүшелердің қызметі бұзылады, жүрек соғуы нашарлайды, миоглобиннің үлкен молекулалары міндетті түрде бүйрек қақпақшыларын зақымдайды. Бүйректің жұмысы нашарлайды, несептің түрі қызғылт (гематурия), оның бөлінуі азаяды немесе толығымен тоқталады (анурия). Осы асқынулар зардап шегушінің мерт болуына әкеп соқтырады.
Алғашқы медициналық көмек. Зардап шеккен адамды құтқару ретінде қысылып, көміліп қалған жерден шығарып алу. Алдымен жаншылған аяқ-қолды төменнен жоғары жаққа дейін кешіктірмей залалсыздандырылған танғышпен қатты таңып тастау қажет. Егер аяқ-қол көп уақыт жаншылып қалса, онда ширатпа қойылады. Аурғаның басатын дәрі-дәрмектер беріледі. Аяқ-қолдың жан жағына таяныш (көлік шиналар) қойылады. Зардап шеккен жерге мұз басып көп сусын беріледі. Тез арада емханаға жеткізіп, ертеден «жасанды бүйрек» аппаратын қолдану істің сәтті аяқталыуна үміттендіреді. Сонғы жылдары ұзақ жаншылу салдары кезіндегі тірі қалу айтарлықтай артты. Медициналық апат қызметтері құтқарудың жаңа әдістерін меңгерді. Сөйтіп, кедергіні бірден жоюдың қажеттігі жоқ болып шықты, бірден плазмаларды айырбастайтын ерітіндерді тамырдың ішіне еңгізіледі, егер ол жоқ болса 1,5-2 литр сұйықты тамшылай жібереді және сусынды көп ішкен жөн.Көбіне зақымдар организм жасушаларына механикалық күштің әсер етуінен болады (соғылу, жаншылу, созылу).Механикалық зақымдар жабық немесе ашық түрлі болады. Оларға жұмсақ жасушалар мен ағзалардың тері асты соғылуы мен созылуы жатады. Жабық зақымдардан тері мен шырыш қабыршақтарының тұтастығы бүліне қоймайды. Ашық зақымдарда жасушалар мен ағзалар кең көлемде зақым алады(жара, сүйек сынуы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет