Апат медицинасы пәні бойынша дәрістік жинақ Мамандығы: 0301000-«Емдеу ісі»


Бактериологиялық зақымдану ошағында жүргізілетін шаралар



бет30/31
Дата06.03.2023
өлшемі278.5 Kb.
#470457
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
метод-апат-лек-мд-23курс-каз

Бактериологиялық зақымдану ошағында жүргізілетін шаралар
Бактериологиялық қару қолданған жағдайда індетке қарсы жүргізілетін шаралар өте қиын жағдайда, әрі ауыр өтеді. Бактериологиялық зақымдану ошағын залалсыздандыру, оны жою үлкен күшті қажет етеді. Мұндай жағдайда бүкіл қала, ауыл медицина қызметкерлерін жұмылдыруды қажет етеді. Бірінші кезекте жергілікті АҚ-тың күштері жұмылдырады, жетпеген жағдайда сырттан басқада күштерді таратады. АҚ-тың қызметтері мен штабтарының жұмысы жалпы жүргізілген барлау жұмыстарының мәліметтеріне сүйенеді. Барлау жұмысын бақылау посттары, барлау отрядтары, мекемелер, лабораториялық бақылаулар жүргізеді. Атап айтқанда, радиациялық, химиялық барлау приборлары арқылы улы заттардың, радиациялық заттардың қолданған, қолданбағанын анықтап алады. Сондай-ақ басқа да белгілердің бар жоғын анықтайды, мысалы, кенеттен шыбын-шіркейдің, құрт-құмырсқаның, яғни жәндіктердің көбейіп кетуін анықтайды. Күндіз, ыстық күндері жапырақтарда шықтың пайда болуы, тышқандардың өлекселелері жиі қолданғаны жөнінде мәлімет береді.
Барлау жасағы зерттеу нәтижесін дереу АҚ-тың штабына жеткізеді. Бұл мәселелер АҚМҚ-ның қызметкерлері талқылап, шешім шығарады да, АҚ-тың бастығына індетке қарсы шараларды жүргізудің жоспарын ұсынады. АҚ бастығы шешім шығарғаннан кейін бактериологиялық зақымдану ошағын залалсыздандыру шаралары кешенді түрде жүргізіледі.
Тұрғындарды хабарландыру
Бактериологиялық қару қолданғаны жөнінде барлау жасағы анықтағаннан кейін тұрғындарға «Химиялық қауіп» деген сигнал жібереді. Сигналды естігеннен кейін тұрғындар жедел жеке және ұжымжық қорғану құралдарын, баспаналарды қолдану керек. Яғни жқұпалы ауруды жұқтырып алмау үшін барлық мүмкіндікті қолдану керек.

  1. Бактериологиялық барлау жұмысын жүргізу

Бактериологиялық қаруды қолданғаны жөнінде жалпы барлау жасағаннан кейін, арнайы бактериологиялық барлау жұмысы жүргізіледі. Бактериологиялық барлау жасағанда мына міндеттерді орындайды: эпидемиологиялық тексеру жұмысы; ауа, су, топырақ, азық-түлік, кеміргіштер, жәндіктер басқа да заттардан сынамалар алып лабораторияда зерттеу. Зерттеу жұмысы бактериологиялық зертханларда жүргізіледі. Зерттеу жұмысы жылдам және классикалық 2 жолмен жүргізіледі. Зерттеу арқылы жұқпалы аурулардың қоздырғыштары қолданылады, қай жерде қолданылды, оның шекарасы анықтайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет