Ұйымдастыру кезеңі: 15 минут
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 30 минут
Жаңа сабақты түсіндіру 30 минут
«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні - студенттердіадамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық обьектілерінін тұракты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарын ажырата білудің аса қажеттігін көрсетеді.
Оқыту мақсаты: Болашақ мамандарды теориялык білім және тәжірибелік дағдыға үйрете отырып, өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын жасауды, экологиялық қауіпсіздік бойынша қазіргі заманғы талаптарға сай жаңа техника және технологиялық процестерді жобалауды, табиғи апаттардың, зілзалалардың мүмкін болатын апат салдарынан халықты және шаруашылық нысандарының өндіріс қызметшілерін, ал сондай-ақ олардың салдарын жою барысындағы қорғаныс бойынша төтенше жағдайларды болжау және сауатты шешімдер қабылдауды, еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасауды, адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеудің жолдарын үйретуді мақсат етеді.
Оқыту міндеттері:
бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістерін және зардабын жою мен құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негізін үйрету;
өмір сүру ортасындағы адам қауіпсіздігінің теориялық негіздері білімдерін қалыптастыру;
тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және нормативтік техникалық негіздерін үйрету;
студенттерді жарақат алу, зақымдану, қатты ауру, өте қауіпті жұқпалы аурулар олардың айыру белгілері мен медициналық көмек көрсете білуге оқыту;
зақымдану ошақтарын сипаттауды үйрету;
қазіргі зақымдағыш құралдар мен төтенше жағдайлардың
зардабын халықты қорғайтын әдістеріне сипаттама беру.
Достарыңызбен бөлісу: |