Апат медицинасы пәні бойынша дәрістік жинақ Мамандығы: 0301000-



бет2/3
Дата09.06.2016
өлшемі301 Kb.
#124403
түріСабақ
1   2   3

7.1.Төтенше жағдайды топтау


Төтенше жағдай, пайда болу әсерінің таралуы немесе ауқымы, өркендеу жылдамдығы және төтенше жағдайды жою мүмкіншілігі жағынан топталады. Төтенше жағдай пайда болу жағынан –табиғи, техногенді, экологиялық, биологиялық, антропогендік, әлеуметтік және біріккен немесе қосылған болып бөлінеді. Техногендік төтенше жағдайға - техникалық обьектілерден туындайтын төтенше жағдайлар жатады. Мысалы, өрттер, жарылыс, химиялық қауіпті обьектілердегі апаттар, радиоактивті және химиялық заттардың тасталуы, ғимараттың қирауы және адам тіршілігіне қажетті жүйелердің апаттары.

Табиғи төтенше жағдайға жер сілкісі, су алу, вулкан атқылауы, опырмалар, сел, дауыл, табиғи өрт және т.б. жатады.

Экологиялық төтенше жағдайға атмосфераның ластануы, азот қабатының бұзылуы, жердің шөлге айналуы, жердің тұздануы, қышқылдың жаңбырлар және т.б. жатады.

Биологиялық төтенше жағдайға эпидемия, эпизоотия және эпифитотия жатады.

Әлеуметтік төтенше жағдайға - қоғамда болып жатқан оқиғалар: ұлтаралық конфликттер,терроризм,геноцид,соғыс және басқалар кіреді.

Антропогендік төтенше жағдайлар адамның қате іс-әрекетінен туындайды.

Жергілікті, бір жердің шеңберінен шықпайтын төтенше жағдайлар - бұл өндіріс орынының бір ғана жүйесінде,технологиялық тізбегінде,қондырғысында орын алған оқиға. Мұндай төтенше жағдайды жоюға сол мекеменің өз күштері жеткілікті.

Төтенше жағдай обьектілері дегеніміз төтенше жағдайдың зардабы белгілі бір зауыттың, мекеменің, оқу орнының аумағынан асып кетпейтін кездегі жағдайды айтады. Бұл жағдайда да жергілікті төтенше жағдай секілді зардабын жоюға мекеменің өз күші жеткілікті. Жергілікті төтенше жағдай - бұл поселке, қала, аудан, облыс масштабындағы төтенше жағдай. Бұл төтенше жағдайдың зардабын жою үшін жоғарыда аталған әкімшілік –орталықтарының аумағындағы құзіретті органдар мен мекемелердің күштері мен құрамын жұмылдырады. Ұлттық төтенше жағдай - бұл үлкен региодағы және бірнеше облыстарды қамтыған төтенше жағдай. Ұлттық төтенше жағдайдың зардабын жою үшін регионалдағы масштабтағы құзіретті органдар мен өкіметтің арнайы құрған топтары айналысады. Сонымен қатар, құтқару жұмыстарына әскери орындардан да адамдар жұмылдыру ықтимал.

Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайды 5 топқа бөлуге болады:


  • қоршаған ортаға зиянды заттарды тастауға алып келіп соғатын;

  • жарылыс,өртке алып келіп соғатын;

  • көлік комуникациясындағы орын алатын қатынас жолы;

  • әскери саясаттық сипатта болатын;

  • стихияға (бедетвия) әкеліп соғатын.

Төтенше жағдай кезінде қоршаған ортаға зиянды заттарды тастауға алып келіп соғатын жағдайларға:

  • атом электрстанцияларындағы апаттар;

  • атомдық кемедегі апаттар;

  • ғылыми-зерттеу орталықтарындағы ядролық қондырғыларындағы апаттар;

  • зиянды химиялық және биологиялық обьектлердегі апаттар.

Жарылыс,өртке алып келіп соғатын төтенше жағдайларға жататындар:

  • елді мекемелердегі өрттер;

  • көлік қатынастары мен обьектілердегі жарылыстар;

  • тұрғын үйлердегі жарылыстар.

Көлік жол қатынастарында орын алатын төтенше жағдайларға төмендегілер жатады:

  • авиациялық катастрофа;

  • темір жол көліктерінің соқтығысуы мен жолдан шығып кетулері;

  • су жол қатынастарындағы апаттар. Оған су жүйесінің мұнай өнімдері мен улы зиянды заттармен ластануы жатады;

  • құбырлардағы апаттың әсерінен тасымалданушы заттың ауаға тасталуының арқасындағы қорған ортаның зиянға ұшырауы.

Бейбіт уақыттағы әскери саясаттың сипаттағы болатын төтенше жағдайларға жататандар:

  • ядролық қаруды тасмалдаушының апатқа ұшырауы;

  • әскери қоймаларға, байланыс торабына, басқару пунктеріне жасалынатын әскери шабуылдар;

  • қоғамға қарсы және ұлтшыл топтардың әрекетімен болған халықтың арасындағы қозғалыстар.

Стихиялық апатқа әкеліп соқтыратын төтенше жағдайлары төмендегідей:

  • геологиялық сипаттағы стихиялық апат;

  • метеоралогиялық сипаттағы стихиялық апат (боран, бұрқисын т.б.);

  • гидрогеологиялық сипаттағы стихиялық апат (тасқын, цунами т.б.);

  • табиғи өрт.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап шығару,өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады.

Қоршаған ортаға зиянды заттар тастамайтын төтенше жағдайларға жарылыс, өрт, ғимараттардың құлауы және т.б. апаттар жатады.

Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады. Бірақ ондағы технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі, сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді. Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде.

11. Жаңа тақырыпты бекіту 20 минут

1. Медициналық сұрыптау деген не?



2. ТЖ- ошағындағы дәрігерлік көмек

12. Сабақты қорытындылау 15 минут

  • Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

  • Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.


13. Үйге тапсырма беру 10 минут

  1. Негізгі және қосымша әдебиеттерден алу

4 дәріс

  1. Дәрістің тақырыбы: Жер сілкінуінің пайда болуында және қауіпті жағдайда халықты қорғау. ТЖ ошағында алғашқы дәрігерлік көмекті ұйымдастыру.

  2. Сағат саны: 2 сағат (120 минут)

  3. Сабақ түрі: дәрістік

  4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: жер сілкінісі туралы мағлұматтар

  • тәрбиелік: жер сілкінісі жағдайында өзін-өзі қорғау.

  • дамыту: жер сілкінісін ерте болжайтын гидрометеоорталықтарды арттыру. радиация ошақтарын болдырмаудың жолдарын.

  1. Оқыту әдісі: Оқушылардан сабақ сұрау.

  2. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

б) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, тест тапсырмалары.

в) оқыту орны: кафедра бөлмесі.

7. Әдебиеттер:

Негізгі :

  1. Левчук И.П., Третьяков Н.В. Медицина катастроф. Курс лекций.-М.,2010-248 с.

  2. Сергеев В.С «Защита населения и территории в чрезвычайных ситуациях».-М., «Академ проект», 2010

  3. Хван Т.А., Хван П.А. Основы безопасности жизнедеятельности. Учебник.-«Феникс» Ростов на-Дону. «Феникс»-2010.

  4. Кошелев А.А. «Медицина катастроф».-Санкт-Петербург. «Паритет»-2003

5. ҚР Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру және жүргізу жөнінде нұсқаулық. Алматы. 2002.

6.Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы. Алматы. 2002.

7. Рябочкин В.М., Назаренко Г.И. Медицина катастроф. Москва. 1996.
Қосымша әдебиеттер:

1. Әбдірахманов Е. Хирургия. Алматы. «Жетіжарғы». 1997.

2. Гордиенко Е.А., Крылов А.А. Руководство по интенсивной терапии. Ленинград. Медицина. 1986.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС ГО.

4. Принципы организации, структура, управление и обеспечение экстренной службы в ЧС от 21 ноября 2001 г. Казахский фармацевтический вестник.

5. Приказ «О мерах по совершенствованию скорой и неотложной медицинской помощи населению РК». Астана. 2001.

6. Постановление кабинета министров РК от 27 сентября 1994 г. №1068 «О создании службы экстренной медицинской помощи РК и в ЧС».

  1. Информационно-методический сборник материалов по Чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне. Ежеквартальное специализированное издание Агентства РК по чрезвычайным ситуациям.

  2. Сборник материалов для подготовки руководящего состава по вопросам Чрезвычайных ситуаций и Гражданской обороне. Агентство РК по чрезвычайным ситуациям.

  3. «Медицина катастроф», А.А.Кошелев, Санкт-Петербург, «Паритет», 2000г.

  4. «Медицина катастроф», Учебное пособие под редакцией проф. В.М.Рябочкина и Г.И.Назаренко, Москва, «ИНИ Лтд», 1996г.

  5. «Основы безопасности жизнедеятельности», под редакцией В.А.Алексеенко и И.Ю.Матасовой, Ростов-на-Дону, «Феникс», 2001г.


8. Ұйымдастыру кезеңі: 15 минут

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 30 минут

  • ауызша сұрақ – жауап арқылы білімін тексеру


10. Жаңа сабақты түсіндіру 30 минут

Жер сілкінісінің кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100-ден аса үлкен жер сілкіністері болып тұрады. Жер сілкінісінің уақытын болжау қиын. Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарға үрей болады. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңіздің гравитациялық толқындарынан цунами пайда болып, құрылыста үлкен бүлінушілік жасайды. Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттары көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қауіпі бар. Бұл аймақта 6 миллионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 пайызға жуық өндірістік әлеуеті осы аймақта шоғырланған. Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30%-ы шоғырланып, тұрғын үй қорының 35%-на жуығы орналасқан, Республика халқының 40%-ы тұрады.

Жер сілкінісінің қауіпті бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғаш және улы материалдар қоймалары орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген объектілерді кейбіреулерінің бұзылуы, оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін. Инженерлік желілер мен коммуникациялардың жер сілкінудің салдарынан бұзылуы аса қауіпті.

1-сурет


Жер сілкінісінің ошағының схемасы

Жер сілкінісі кезіндегі қондырғы мен ғимаратты зақымдалуынан шегілген залал ғимараттың өзінің зақымдалуынан шеккен шығыннан біршама есе асып түседі.

Жер сілкінісінің бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның экологиясы бұзылады, қопарылма, сырғыма, сел тасқыны және т.б. шаруашылыққа қосымша залал әкеледі.

Жер сілкінісінің жанама шығыны да орасан зор: өндірістік циклдің уақытша тоқтауы, еңбек ресурстарының зардапты жоюға тартылуы және тағы басқалар. Сонымен қатар көлік жолдарының зақымдануына, тұрғын үй тұрмыстық жағдайдың нашарлануына, халықтың апат аймағынан кетуіне, жерасты дүмпуінің қайталануын күтуінің нәтижесінде адамдардың ұнжырғысының түсуіне әкеліп соғады.Жер сілкінісі салдарының аса ауыр түрлері ғимараттар мен үйлерді сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар жер сілкінісі қауіпті ескерусіз жүргізілетін құрылыс пен ғимараттарда пайда болады. Бұған мысал ретінде соңғы жылдары Қазақстанда болған жер сілкіністері салдарын келтіруге болады (Құлан ауданы Жамбыл облысы).

Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерінің ықтимал жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды: сейсмологиялық бақылау мен жер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту; сейсмикалық аудандастыру сапасын жақсарту; сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу; халықтың сейсмикалық білімін жақсарту; басқару; хабарлау мен байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру; дамыту және қолдау; жер сілкінісі кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.

Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының және өзге де шараларға жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.

Жер сілкінісінің зардаптарын жою кезіндегі құтқару жұмыстары.

Жер сілкінісінің зардаптарын жою кезінде:

Үйінділердің астында қалғандарды шығару және жартылай қираған және жанып жатқан үйлердегі адамдарды құтқару;

Адамдарға қауіп төнген, үйлер мен ғимараттардағы өртті жайылдырмау және сөндіру;

Жер сілкінісі кезінде қабырғалар, үй қабаттарының арасындағы тіркулер, үйлер мен ғимаратардың тіреуіш колонналары жарылуы, қабар арасындағы тіреулері қисаюы мүмкін. Мұндай конструкциялар халық және құтқару жұмыстарын істеп жатқан құраманың жеке құрамы үшін қауіп туғызады. Сондықтан үйлер мен ғимараттардың конструкциясы құлауы немесе бекілілуі тиіс. Егер қабырға құламаса, онда ол бекітіледі. Ол үшін бір немесе екі жақты тіреу қойылады.

Зардап шеккендерге жинау пунктін және медициналық пункттерді жабдықтау үшін бұл мақсаттарға бұзылмай аман қалған үйлер немесе подвалдарды алу қажет, аз уақыт ішінде оларға баратын қысқа жол мен қауіпсіз кіретін жолдар жабдықталады, қажет болған жағдайда осы үйлерді сумен, газбен және электр энершиясымен жабдықтау үшін коммуналды-энергетикалық жүйелерді кақытша қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Есте ұстау керек, зардап шекендерді жинау және медицина пункттерін орналастыруға арналған үйлерде құрылыс жұмыстарын жүргізу қажет болады: бүлінген конструкцияларды күшейту, қабырғаның жарылған жерлерін цементпен бітеу керек; қабат аралығындағы тіреулерге қосымша тіреу қою қажет; бүлінген тас басқыштарды бекіту немесе оларды ағаш басқыштармен ауыстыру, терезені шынылау, есік қою керек. Кейбір жағдайларда ғимаратты жөндеу қажет болады: тұрғын үйлерді, ас үйді және ваннаны, сондай-ақ ғимаратты медициналық кабинет, азық-түлік қоймасын жасау үшін сылау немесе сырлау қажет.

Зардап шеккендерге жиналу пунктін және медициналық пункт жасау үшін үй жарамаса, онда шатырлар құрылады немесе уақытша жабулар жасалынады: жер үйлер, қалқалар.

Жер сілкінісінің аймағындағы халықты және жұмыс істеп жатқан құрамаларды сумен қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтау пункттері: сақталып қалған су көздерінің: артезиян құдықтарының, шахта құдықтарының, таза су құятын ыдыстардың, ашық суаттардың базасында құрылады. Ең алдымен олар құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыс жүріп жатқан учаскелерде, сондай-ақ жиналу пункттері мен медициналық пункттерге жақын жерлерде жабдықталады.

Коменданттық қызмет жер сілкінісі аймағындағы қалған халық арасында тәртіп пен ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады. Негізгі жетекшісі қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің жеке құрамы болып табылады.

11. Жаңа тақырыпты бекіту 20 минут

1. Жер сілкінісі туралы сипаттама.

2. Зардап шеккендерге медициналық көмектің түрлері.

12. Сабақты қорытындылау 15 минут


  • Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

  • Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.


14. Үйге тапсырма беру 10 минут

  1. Негізгі және қосымша әдебиеттерден алу

5 дәріс



  1. Дәрістің тақырыбы: Ұзақ уақыт жаншылу синдромы. Зақымданушыға көмек көрсетудің дәрігерлік әдісі.

  2. Сағат саны: 2 сағат (120 минут)

  3. Сабақ түрі: дәрістік

  4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: ұзақ уақыт жаншылу синдромын туралы білімді

  • тәрбиелік: организмге келер қауіп қатердің алдын алу

  • дамыту: алғашқы дәрігерлік көмекті және реанимациялық шараларды тез арада ұйымдастыра білу

  1. Оқыту әдісі: Оқушылардан сабақ сұрау.

  2. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

б) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, тест тапсырмалары.

в) оқыту орны: кафедра бөлмесі.

7. Әдебиеттер:

Негізгі :

  1. Левчук И.П., Третьяков Н.В. Медицина катастроф. Курс лекций.-М.,2010-248 с.

  2. Сергеев В.С «Защита населения и территории в чрезвычайных ситуациях».-М., «Академ проект», 2010

  3. Хван Т.А., Хван П.А. Основы безопасности жизнедеятельности. Учебник.-«Феникс» Ростов на-Дону. «Феникс»-2010.

  4. Кошелев А.А. «Медицина катастроф».-Санкт-Петербург. «Паритет»-2003

5. ҚР Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру және жүргізу жөнінде нұсқаулық. Алматы. 2002.

6.Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы. Алматы. 2002.

7. Рябочкин В.М., Назаренко Г.И. Медицина катастроф. Москва. 1996.
Қосымша әдебиеттер:

1. Әбдірахманов Е. Хирургия. Алматы. «Жетіжарғы». 1997.

2. Гордиенко Е.А., Крылов А.А. Руководство по интенсивной терапии. Ленинград. Медицина. 1986.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС ГО.

4. Принципы организации, структура, управление и обеспечение экстренной службы в ЧС от 21 ноября 2001 г. Казахский фармацевтический вестник.

5. Приказ «О мерах по совершенствованию скорой и неотложной медицинской помощи населению РК». Астана. 2001.

6. Постановление кабинета министров РК от 27 сентября 1994 г. №1068 «О создании службы экстренной медицинской помощи РК и в ЧС».

  1. Информационно-методический сборник материалов по Чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне. Ежеквартальное специализированное издание Агентства РК по чрезвычайным ситуациям.

  2. Сборник материалов для подготовки руководящего состава по вопросам Чрезвычайных ситуаций и Гражданской обороне. Агентство РК по чрезвычайным ситуациям.

  3. «Медицина катастроф», А.А.Кошелев, Санкт-Петербург, «Паритет», 2000г.

  4. «Медицина катастроф», Учебное пособие под редакцией проф. В.М.Рябочкина и Г.И.Назаренко, Москва, «ИНИ Лтд», 1996г.

  5. «Основы безопасности жизнедеятельности», под редакцией В.А.Алексеенко и И.Ю.Матасовой, Ростов-на-Дону, «Феникс», 2001г.


8. Ұйымдастыру кезеңі: 15 минут

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 30 минут

  • Тест сұрақтары және ауызша сұрақ – жауап арқылы білімін тексеру



10. Жаңа сабақты түсіндіру 30 минут

Ұлпалардың ұзақ жаншылу синдромы

Ұлпалардың және бұлшық еттің ұзақ қысылуы зілзала апаттардың, жер сілкіну, үй мен нысандардың қирауы нәтижесінде болады. Аяқ қолдың бұлшық еттері ауыр бетон плитаның астында қалғанда, тамырлар қысылған кезде, ұлпалар алмасуының ыдырауының және бұзылуының жете тотықтанбаған өнімдерінің токсиндердің көп мөлшерде ағзада жиналады, зардап шегушінің жағдайы нашарлайды және бүкіл ағзалардың қызметі күрт бұзылады.

Аурудың белгілері: ес-түссіз, тамыр соғуы өте нашар, күре тамыр қысымы айтарлықтай төмендейді. Аяқ-қолды босатқан кезде 2-3 литр дейінгі плазма мұнда ұмтылады, соның салдарынан зақымданған аяқ-қолдың көлемі күрт үлкейеді. Бұлшық еттің кескіні жоғалады, домбығудың тығыздығы ағаштай тығыз.

Улы ыдырау өнімдері мен миоглобин зақымдану аймағынан тамырға түседі де бүкіл ағзаға тарайды, бұның салдарынан басқа мүшелердің қызметі бұзылады, жүрек соғуы нашарлайды, миоглобиннің үлкен молекулалары міндетті түрде бүйрек қақпақшыларын зақымдайды. Бүйректің жұмысы нашарлайды, несептің түрі қызғылт (гематурия), оның бөлінуі азаяды немесе толығымен тоқталады (анурия). Осы асқынулар зардап шегушінің мерт болуына әкеп соқтырады.

Алғашқы медициналық көмек. Зардап шеккен адамды құтқару ретінде қысылып, көміліп қалған жерден шығарып алу. Алдымен жаншылған аяқ-қолды төменнен жоғары жаққа дейін кешіктірмей залалсыздандырылған танғышпен қатты таңып тастау қажет. Егер аяқ-қол көп уақыт жаншылып қалса, онда ширатпа қойылады. Аурғаның басатын дәрі-дәрмектер беріледі. Аяқ-қолдың жан жағына таяныш (көлік шиналар) қойылады. Зардап шеккен жерге мұз басып көп сусын беріледі. Тез арада емханаға жеткізіп, ертеден «жасанды бүйрек» аппаратын қолдану істің сәтті аяқталыуна үміттендіреді. Сонғы жылдары ұзақ жаншылу салдары кезіндегі тірі қалу айтарлықтай артты. Медициналық апат қызметтері құтқарудың жаңа әдістерін меңгерді. Сөйтіп, кедергіні бірден жоюдың қажеттігі жоқ болып шықты, бірден плазмаларды айырбастайтын ерітіндерді тамырдың ішіне еңгізіледі, егер ол жоқ болса 1,5-2 литр сұйықты тамшылай жібереді және сусынды көп ішкен жөн.Көбіне зақымдар организм жасушаларына механикалық күштің әсер етуінен болады (соғылу, жаншылу, созылу).Механикалық зақымдар жабық немесе ашық түрлі болады. Оларға жұмсақ жасушалар мен ағзалардың тері асты соғылуы мен созылуы жатады. Жабық зақымдардан тері мен шырыш қабыршақтарының тұтастығы бүліне қоймайды. Ашық зақымдарда жасушалар мен ағзалар кең көлемде зақым алады(жара, сүйек сынуы).



Соғылу, жаншылу. Алғашқы дәрігерлік көмек.

Соғылу.

Дененің құлап немесе белгілі бір заттан зақым алуынан жасушалар мен ағзалардың біртұтастығының бұзылуын соғылу дейді. Соғылудың негізгі белгісі- қан және лимфа талшықтарының қанталап көгеріп, ісіп кетуі. Тері асты талшықтардың жарылуынан қан ұйиды. Соғылу нәтижесінде жұмсақ жасушалардың ауыруы, аяқ-қолдың қозғалтпауы, сонымен қоса ішкі сарайдың зақымдалуы (ми, бауыр, өкпе, бүйрек) жалпы организмінің нашарлауына, тіпті өлімге әкелуі де мүмкін. Алғашқы көмек. Зақым алғаннан кейін зардап шегушіні тыныштандырып, жасушаларға қан құйылуы тоқтатады. Соғылған жерге су, қар, мұз басып, қатты танғыш салады. Адам зақым алып келіп астына түссе, вагон арасына қысылып немесе жоғарыдан құласа ішкі ағзалардың жыртылуы мүмкін (бүйрек, талақ, бауыр, ас қазан, ішектер). Осыны көмек көрсетуші білгені дұрыс. Науқас адам бозарып, тамыр соғуы, жиілеп, ішінің бұлшық еттері қатайып кетеді. Бұл жағдайда оны тыныштандырып, ішіне салқын компресс қойып, тез арада жақын емханаға жеткізу керек. Себебі өміріне қауіп төнген болса, кейбір жағдайда жедел операция жасауға тура келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет