Таралу масштабы және зардап шегу көлемі бойынша: Объектілі, апатқа ұшыраған аймақ тек өнеркәсіптік және әлеуметтік объект шекарасынан шықпаса. Осындай жағдайда келесі шығын көрсеткіші болады: - • өлім саны 5 пен 10 аралығында;
- • 50 мен 100 адамға дейін өмір сүру сапасына зақым келеді;
- • материалдық шығын саны 5мың мен 15 мың айлық төлемақы көлемінде.
Жергілікті деп, егер апат салдары өнеркәсіптік және әлеуметтік объект шекарасынан асып, бірақ екі ауданнан аспаса: - • өлім саны 10 мен 50 аралығында;
- • 100 500 адамның өмір сүру сапасы зардап шексе;
- • материалдық шығын саны 15 100 мың айлық төлемақы көлемінде.
Региональды, егер ТЖ ауқымы үш облыстық аудан мен екі республикалық аудан көлемін алып жатса, сонымен қатар шығын саны төмендегідей: - • өлім саны 50 мен 200 адам аралығында;
- • 500 1500адамның өмір сүру сапасы зардап шексе;
- • материалдық шығын саны размер 100 200мың айлық төлемақы көлемінде.
Глобальды, егер ТЖ ауқымы үштен көп республикалық аудан көлемінен көп болса : - • өлім саны 200жоғары;
- • 1500 адамның өмір сүру сапасы зардап шексе;
- • материалдық шығын саны 200 мың айлық төлемақы көлемінен асып кетеді.
ҚР апат медицинасы қызметінің күштері. - Оларға жатады: құрылымдар, мекемелер, басқару орындары және басшылық.
- АМҚ-ның құрылымдары – бұл төтенше жағдайда болатын және онда штаттық міндеттерді шешетін медициналық бөлім.
- АМҚ-ның мекемелері – бұл үнемі дислокация орындарында өзінің штаттық міндетін орындайтын медициналық мекеме.
- Құрылымдар мен мекемелер табельдік жабдықтармен, медициналық барлауға арналған аспаптармен, көлікпен, байланыс құралдарымен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
ҚР апат медицинасы қызметінің құрылымдары. - 1. Жедел медициналық көмек бригадалары (ЖМКБ) (линиялық және арнайыландырылған) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жедел және шұғыл медициналық көмек қызметінің құрамында қызмет етеді және апат ауданында госпиталға дейін кезеңде шұғыл медициналық көмекті көрсетуге арналған.
- Жедел медициналық көмек бригадалары:
- - дәрігерлік (линиялық)
- - фельшерлік (линиялық)
- Жедел медициналық көмектің арнайыландырылған бригадалары:
- - интенсивті терапия
- - токсико-терапиялық
- - психиатрлық
- - педиатрлық
- 2. Шұғыл медициналық көмек бригадалары: (дәрігерлік-медбикелік және дәрігерге дейінгі) емдеу-профилактикалық мекемелерінің базасында құрылады және госпиталға дейінгі кезек мен апат ауданында жедел және шұғыл медициналық көмектің қызметін күшейтуге арналған.
- 3. Медициналық отрядтар. Шұғыл медициналық бригадалардан тұратын 5-10 бригада. Қалалық-орталық аудандық және аудандық ауруханалардың базасында құрылады, қажет жағдайында екі немесе одан да көп емдеу мекемелерінің базасында құрылады. Бұл отрядтар госпиталға дейінгі кезеңде алғашқы дәрігерлік көмекті көрсетуге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |