Аппликация



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата26.01.2024
өлшемі401.17 Kb.
#489938
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
3 АППЛИКАЦИЯ

 
Сергіту сәті: 
Алладиннің алашасы қолымда, 
Жерге жайып жібердім мен тұрдым да. 
Томпаңдадым, топылдадым үстінде, 
Бұл менің өңім бе, әлде, түсім бе? 
Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог жұмыс барысында қиналған балалармен 
жеке жұмыс жүргізеді. 
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Алашаның түсі қандай? 
– Алаша қандай пішінге ұқсайды? 
– Сендерге жасаған алашаларың ұнай ма? 
– Жарайсыңдар, балалар, бүгін өте әдемі алаша жасадыңдар. Сиқыршы 
ағаймен және марғаумен қоштасайық.
 
№2 ұйымдастырылған оқу қызметі 
Білім беру саласы:шығармашылық.
Бөлімі:аппликация. 
Тақырыбы:Тәрелкедегі қияр мен қызанақ. 
Мақсаты:дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету. 
Білімділік міндеті: көгөністер туралы жалпы білім беру; бейнеленген 
заттарға сәйкес түстерді таңдауға үйрету. 
Дамытушылық міндеті: аппликация дағдыларын қалыптастыру. 
Тәрбиелік міндеті:кеңістікті бағдарлай білуге тәрбиелеу. 
Күтілетін нәтижелер: 
жасайды: кеңістікті бағдарлай отырып, көгөністерді орналастырады;


11 
түсінеді: көгөністердің қай уақытта пісетінін, қияр мен қызанақтың 
ерекшеліктерін; 
қолданады: желімдеудің техникасын. 
Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, 
сүрткіш, желім жаққыш. 
Сөздік жұмыс: қияр, қызанақ. 
Билингвальді компонент: қияр – огурец, қызанақ – помидор. 
ҰОҚ-нің барысы 
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
Балалар шаттық шеңберін құрып тұрады. 
Жарқырап күн де шықты, 
Айналаға нұр шашылды. 
Қайырлы күн! 
Біз көңілді баламыз! 
Қайырлы күн! 
Біз сүйкімді баламыз! 
Педагог балаларды әңгімеге тартады. 
–Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі? Қандай белгілеріне қарап күз 
екенін білеміз? Көгөністер қай уақытта піседі? Қандай көгөністерді 
білесіңдер? Қиярдың түсі мен пішіні қандай? Қызанақ неге ұқсайды? Түсі 
қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет