Апта Дәріс тақырыптары Балл



бет23/32
Дата12.02.2024
өлшемі109.09 Kb.
#491634
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Дәрістер тезистері

1

10

Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық-саяси қозғалыстар
Жоспары:
1. Саяси партиялар: түсінігі, мәні, белгілері және функциялары.
2. Саяси партиялардың типологиясы. Билік қатынастары жүйесіндегі саяси партиялар
3. Партиялық жүйесінің қазақстандық моделі.
Лекция. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар

1. Саяси партия ұғымы.


2. Саяси партиялардың функциялары мен жіктелуі.


3. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар


1.Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. "Партия" деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады. Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің кернекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезендерді атап керсетті: 1) аристократиялық үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар.


2.Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Бодиардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:


а) қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу;


ә) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;


б) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;


в) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементгерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т. б.;


г) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау;


д) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;


е) қоғамдық пікірді қалыптастыру;


ж) жалпы қоғамды, оның белгілі бір бөлігін саяси тәрбиелеу;


и)мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну және т. т.,


Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.


Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті — азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байла­нысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді.


Партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға неме­се билік жургізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір иде­ология негізінде құралган адамдардың ерікті одағын айтады. Пар­тиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік ма­ңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене қатынасады.Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Мысалы, институциондық тәсіл партиялар­ды топтастырғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксистер болса таптық белгілеріне айрықша мән береді. Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бірі фран­цуз ғалымы М. Дюверже XX ғасырдың 50 жылдарында сайлау­шылар мен белсенділер санына байланысты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөледі.60 жылдардың Ла Паломбараның көрсеткен екі партиясынан басқа әмбебап партиялар деген үшінші түрін бөліп шығарды. Олардың ерекшелігі — партияның мүше санын емес, сайлаушылар санын кебейтуге тырысуда. Онда әлеуметтіқ, этникалық, діни және т. б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды төрт түрге топтастырады: 1.Авангардтық партиялар. 2.Сайлаушылар партиясы. 3.Парламенттік партия. 4.Қауымдастық партиясы.


Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеп жүр. Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар. Олар К. Маркстің ілімін басшылыққа алады. Социал-демократиялық партиялар. Буржуазиялық-демократиялық партиялар. Консервативтік партиялар. Фашистік партиялар. Партияларды басты идеологиялық бағытына қарай революциялық, реформистік, консервативтік, реакциялық деп те бөліп жүр. Қандай саяси тәртіпті қолдауына байланысты партиялар демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық болып жіктеледі. Саяси өмірдегі алатын орны, билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси партиялар билеуші және оппозициялық болып бөлінеді. Жұмыс істеу жағдайына, заңның рұқсат етуіне байланысты партияларды ресми, жартылай ресми, құпия деп жіктейді. Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрады. Сондықтан оларды жіктеудің де мәні зор. Партияльіқ жүйелер деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтғын айтады. Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық, екіпартиялық және бірпартиялық болып топтастырылады.


3.Саяси қозғалысдеп үкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады. Қоғамдық ұйымдарга халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады. Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдар­дың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қазіргі заманда ондай ұйымдар мен қозғалыстар өте көп. Ол қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандығын білдіреді. Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халық­аралық, жалпы мемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін. Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған: партиялар, кәсіп-одақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчестволық) одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, спорттық, қорғаныс және т.б.) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді. Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:


1. Қоғамдық-саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.


2. Экономикалық мүддесіне карай құрылған ұйымдар.


3. Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).


4. Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денеаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық,қорғаныс, діни, т.б.).








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет