10-апта. 19-семинар. 1 сағат. 5 б.
19-семинар сабағының тақырыбы: Қазақстан мәдениеті (ХVІІІ–ХХ ғ. басы).
Семинар сабағының жоспары:
1. Еуропа және орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуі. Қазақстанда жүргізілген экспедициялар.
2. Қазақтың аса көрнекті ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин және А.Құнанбаевтың шығармашылық мұралары.
3. Қазақ әдебиеті. Қ.Сағырбайұлы, Д. Шығайұлы және т.б. музыкалық шығармашылығы.
4. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар: «Қазақ», «Вақыт», «Шуро», «Ақмулла», «Айқап».
Сабақтың мақсаты: ХVІІІ-ХХ ғасырдың басындағы қазақ мәдениетіндегі халық ақындарының шығармашылығы, музыка өнерінің даму ерекшеліктері және ағартушы ғалымдар еңбектері мен мерзімді басылымдар туралы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар: ХVІІІ-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениетіндегі ағартушылық және реформаторлық бағыт. Қазақстанның зияткерлік-рухани элитасының мұрасы. Мәшһүр Жүсіп Көпеев және оның қазақ фольклоры мен шежіресін жинақтаудағы еңбектерінің тарихи маңызына назар аудара отырып, жаңа көзқарастар тұрғысынан талдау жасау. ХVІІІ-ХХ ғасырдың басындағы қазақ мәдениетіндегі халық ақындарының шығармашылығы бойынша кесте дайындалуы қажет. Студенттер семинар тақырыбы бойынша презентация дайындау үшін бірнеше топқа бөлінуі мүмкін.
10-апта. 20-семинар. 1 сағат. 5 б.
20-семинар сабағының тақырыбы: Қазақтың зиялы-рухани элитасының мұралары.
Семинар сабағының жоспары:
1. ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының қалыптасуы.
2. Қазақтың зиялы-рухани элитасының қызметіне салыстырмалы талдау жасау.
3. Қазақ халқының рухани жаңғыруындағы қазақ зиялыларының сан алуан мұрасының рөлі.
4. ЮНЕСКО аясында Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын тойлау.
Сабақтың мақсаты: Қазақстанда интеллектуалды-рухани элитаның қалыптасуы мен олардың ХХ ғасырдың басындағы қызметін көрсету, қазақ халқының мәдени дамуындағы қазақ зиялыларының рухани мұрасының тарихи маңызын ашу.
Достарыңызбен бөлісу: |