аптаның срсп қТӘ – 203 абдырахманова қалия есім сөз таптары: Зат есім. Сын есім Сан есім


Сөздердің тіркесуі: қоңыр ала, бидай өңді, торы төбел, тым ұзақ, қою қалың қара, ақ шулан, ақ шабдар, т.б



бет3/6
Дата02.04.2023
өлшемі29.45 Kb.
#471605
түріДерексіз
1   2   3   4   5   6
Морф

Сөздердің тіркесуі: қоңыр ала, бидай өңді, торы төбел, тым ұзақ, қою қалың қара, ақ шулан, ақ шабдар, т.б.

Сын есім жасалуына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі сын есім; 2) туынды сын есім
Негізгі сын есім ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде болады. Мысалы, көк, сыпайы, кермек, жабайы, таза, шабан, асау, жеңіл, т.б.
Туынды сын есім екі түрлі жолмен жасалады: 1) есім сөздерге жұрнақ жалғану арқылы; 2) етістікке жұрнақ жалғану арқылы.
Туынды сын есімнің жасалуы
Есім сөзден сын есім жасайтын жұрнақтар
-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті -сыз, -сіз -ғы, -гі, -қы, -кі -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік -шыл, -шіл т.б Мысалы : Таулы, өнерлі, орманды, көрікті. Ормансыз, еңбексіз, ағашсыз. Қысқы, төменгі, ішкі, жазғы.
Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар
-ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек-ық, -ік, -қ, -к-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш-ғыр, -гір, -қыр, -кір-шақ, -шек -ыңқы, -іңкі, МЫСАЛЫ : Жабысқақ, тайғақ, бөлек,Тұнық, бітік, сирек, ақсақ.Жүзгіш, айтқыш, жазғышАлғыр, білгір, өткір, тапқыр.
Сын есім мағынасына қарай екіге бөлінеді: 1) сапалық сын есім; 2) қатыстық сын есім.
– Сапалық сын есім сын есімнің тікелей өзі, яғни заттың түр-түсін, сын-сапасын анықтайды. Мысалы, жасыл (алқап), сарғыш (гүл), тәп-тәтті (алма), жаман (әдет), жақсы (қасиет), ұзын (көше), биік (тау), терең (өзен), жуас (жылқы), асау (тай), т.б.
– Қатыстық сын есім заттың сын-сипатын басқа сөз табының қатысы арқылы білдіреді. Мысалы, орманды алқап, гүлді өңір, алмалы бақ, әдепті қыз, қасиетті адам, құдіретті сөз, ақылды бала, дәмді тағам, өнерлі оқушы, салмақты мінез, шөлейт дала, шексіз аспан, т.б
Сын есімнің түрленуі – оның шырай формасына енуі.
Шырай – тек сын есімге тән форма. Бір тектес заттардың сапалық белгісінің не артық, не кемдігін, сапа белгісінің әртүрлі дәрежеде болу қасиетін білдіреді.
Сын есімнің екі түрлі шырайы бар:

  1. Салыстырмалы шырай біркелкі сындық белгінің бірінен екіншісінің артық немесе кемдігін салыстыру арқылы көрсетеді. Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақ түрлері: - рақ , - рек , - ырақ , - ірек т.б . Мысалы : көкірек , қызылрақ.

  2. Күшейтпелі шырай біркелкі сындық белгінің бір-бірінен не өте артық, не өте кем екенін көрсетеді.

Күшейтпелі шырайдың жасалуы:
1) Сапалық сын есімнің алдына күшейтпелі буындардың үстелуінен жасалады: әп-әдемі, жып-жылы, сеп-семіз, тап-таза, үп-үлкен, көкпеңбек, аппақ, т.б. Күшейтпелі шырай жасаушы буындар дефис (-) арқылы жазылады, тек аппақ, көкпеңбек сөздері бірге жазылады.
2) Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, орасан, өңшең, кіл, кілең күшейткіш үстеулерінің тіркесуі арқылы жасалады. Бұл күшейткіш үстеулер сапалық сын есімнің алдынан бөлек жазылады. Өте әдемі, тым биік, аса терең, ең мықты, тіпті ұзақ, нағыз шешен, орасан шыдамды, өңшең жүйрік, кілең күшті
Шырай жасауға негіз болатын – сапалық сын есімдер.

  1. Қосарлану, қайталану негізінде жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады: жақсылы-жаманды, биік-биік, үлкен-кіші.

  2. Күшейткіш буын арқылы жасалған күрделі сын есімдер де дефиспен (-) жазылады: жап-жақын, үп-үлкен, сұп-суық. Тек ақ, көк сөздерінен жасалған күрделі сын есімдер бірге жазылады: аппақ, көкпеңбек.

  3. Тіркесу арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлек жазылады: қара көк, сары ала, қызыл шырайлы, ат жақты, қою қара сақалды, ұзын бойлы, т.б.

  4. Күшейткіш үстеу арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлек жазылады: ең әдемі, шымқай қара, тым аласа, кілең жүйрік, орасан зор, өте ақылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет