Қара, түсті, бағалы металдар балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары


Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі



бет3/12
Дата12.06.2016
өлшемі1.25 Mb.
#130646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

5. Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
214. Қышқыл мен негіздерге арналған құбыржолдарға, басқа агрессивті заттарға, бу құбырларының жұмыс алаңдарына, өткелдеріне және жұмыс орындарына аралық қабат төсеуге жол берілмейді.

215. Әкімшілік-шаруашылық және тұрмыстық бөлмелер, электрқұрылғылар, бақылау-өлшеу құралдары мен автоматикалар (бұдан әрі –БӨҚменА), желдеткіш камералар мен жылыту пунктері арқылы технологиялық құбыржолдарға аралық қабат төсеуге жол берілмейді.

216. Кез келген құбыржолдарды түтінді құбырлар, пештің көмейі және басқа ұқсас құрылғылар арқылы төсеуге болмайды.

217. Адамдар мен көлік (жолдар, өткелдер, өтпелер) жүретін орындарда, технологиялық құбыржолдардың қаптамалары мен науашалары агрессивті сұйықтықтарды қауіпсіз орынға бұрумен орындалады.

218. Құбыржолдарды ғимаратқа енгізуде бекітілетін реттеу арматура орнатылады.

219. Құбыржолды арматуралар пайдалану үшін қолайлы және қауіпсіз орындарда орналастырылады. Қашықтықтан басқарылатын арматураны қолдану технологиялық үдерістерменн және қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарымен анықталады.

220. Технологиялық құбыржолдардың бекіту құрылғылары нөмірленген және «Ашық»-«Жабық» шеткі көрсеткіштермен белгіленген. Бекіту құрылғылары мен басқа белгілерде көрсетілген нөмірлер коммуникацияның технологиялық сызбасындағы нөмірлер мен белгілеріне сәйкес болады.

221. Жарылысөртқауіпті және қауіпті заттарды тасымалдайтын технологиялық құбыржолдар үшін құбыржол штуцерінің бастапқы және соңғы нүктелерінде арматура және сумен, сұйықтықтармен шаюға, инертті газдар немесе су буымен үрлеуге арналған тығындар қарастырылады. Үрлегіш білтелер үрлеудің тиімділігін бақылау үшін үлгілерді сұрыптау арматурасы бар құрылғыларымен жабдықталады.

222. Құбыржолдарға инертті газдарды, буды, су мен сұйықтықтарды жеткізу (бұру) құбыр жолдардың алмалы-салмалы учаскелері немесе иілгіш шлангілердің көмегімен жүргізіледі. Үрлеу (шаю) аяқталғаннан кейін алмалы-салмалы учаскелер немесе шлангілер алынады, бекіту арматурасына қақпақшалар орнатылады.

223. Қысымда тұрған құбыржолдарда, ыдырауға дайын жарылғыш өртке қауіпті немесе қауіпті заттарды тасымалдайтын құбыр жолдарда кез келген жұмыс түрлерін жүргізуге жол берілмейді.

224. Тасымалданатын заттардың құрамында оттегі 19 % төмен емес ауамен толығымен ығысқаннан кейін жөндеу жұмыстарын бастауға рұқсат беріледі.

225. Газды (қысылған ауаны) немесе сұйықтықты беруге арналған түтік құбырларды (шлангілерді) қол құралдарына немесе техникалық құрылғылардың құбыр жолдарына жалғау және оларды ажырату, осы заттарды беруді тоқтатып және қысымды түсіруден кейін жүргізіледі.

226. Штуцерлерге (ниппельдерге) түтік құбырларының бекітілуі түтіктердін үзілуіне жол бермейтін арнайы қысқыштармен жүргізіледі. Сымдар мен қолдан жасалған қысқыштарды қолдануға болмайды.

227. Құбыржолдарда жарылысөртқауіпті заттарды технологиялық аппараттан шығаруда өрт бөгеттері орнатылады.

228. Жарылысқауіпті, өртке қауіпті және зиянды заттарды, сонымен қатар қызу температурасына тәуелсіз сұйытылған газды тасымалдауға арналған құбыржолдарға бекіту арматурасы тасымалдау ортасының жұмыс параметрлеріне сәйкес материалдан жасалады.

229. Технологиялық аппараттарды апатты ыдыстармен байланыстыратын құбыр жолдар ең төменгі әкету бұрылыстарымен және осы ыдыс жағына қарай еңкеюмен жүзеге асырылады. Апатты құбыр жолдар барлық ұзынын бойлай аппаратты сөндіретін тиекті ыдыстармен жарақтандырылады.

230. Барлық құбыржолдардың, тасымалдану және қоршаған орта параметрлеріне қарамастан, температуралық деформациядан толығымен өз қалпына келуін есепке алу қажет.

231. Қауіпті және жарылысөртқауіпті заттар (жанармай мен сұйытылған газдар, тез жанатын және жанармай сұйықтары), 10 мегапаскальдан (бұдан әрі - МПа) артық қысымдағы басқа заттар тасымалданатын құбыр жолдарға тығыздамалық өтемдеуішті орнатуға жол берілмейді.

232. Құбыржолдарда сөндірілетін (бітеу) арматураны орнату және оның орналасуы жобалау кезінде анықталады, және әрбір аппараттың өшу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.


6. Қоймалар, эстакадалар, бункерлер және қоректендіргіштерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
233. Тозаңды, ұнтақ материалдарды сүрлемдерге, бункерлерге тиеу және түсіру герметикалық көліктік құрылғылармен жүргізіледі.

234. Тозаңды материалдарды грейферлік кранмен тиеу (түсіру) жүргізілетін бөлме жалпыалмастырғыш желдеткішпен жабдықталады.

235. Ашық қоймалардағы қатарларда сақталатын сусымалы материалдардың еңістері табиғи еңіс бұрышына сәйкес болады.

236. Қызмет көрсететін қызметкерлер құрамына сүрлемдерден сусымалы материалдарды қазып алуға, сонымен қатар еңісте тұруға жол берілмейді.

237. Материалдарды ашық сақтаған кезде сүрлем габариттері мен олардың арасындағы өткелдердің ені технологиялық регламентпен қарастырылады.

238. Қауіпті және жарылғыш қауіпті заттардың бос ыдыстары тығындалады және жеке алаңдарда сақталады.

239. Ыдыстардан ұшқыш зиянды сұйық заттарды құю кезінде қысылған ауа одан әрі тазартылу немесе осы заттардың буларын жою үшін жабық жүйеге жіберіледі.

240. Зиянды сұйық заттарды қабылдауға арналған ыдыстар автоматты жабылатын қақпақшалармен жабдықталады.

241. Өндірістен шығатын әр түрлі заттарды сақтау, тасымалдау, зиянсыздандыру және көму технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

242. Қышкылдар, негіздер және басқа зиянды сұйықтықтар қоймаға ыдыстармен жіберіледі. Зиянды заттарды тасымалдау, қабылдау және түсіру технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

243. Қақпағы ашық тұрған кезінде (люктарда) орындалатын қышқылы, негізі және басқа зиянды заттары бар ыдыстарда жүргізілетін барлық жұмыстар технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

244. Бункерлік эстакаданың қызмет көрсететін алаңдары осьтен қауіпсіз ара қашықтыққа қойылады. Алаңдардың орналасуы вагондардың люктарынан түсірілетін оларға шихта материалдарының түсіп кету мүмкіндігіне жол бермейді, люктардың қолайлы ашылуы мен жабылуын қамтамасыз етеді.

245. Эстакада астындағы өту жолдары тасымалданатын материалдардың түсіп кетуіне жол бермеу үшін жабындылармен қорғалады.

246. Эстакадалар мен бункерлерде құрамдарды немесе жеке вагондарды жеткізу және оңтайландыру жұмыстарын орындау, бөгде адамдарды шығарған соң ғана жүргізіледі. Жабық қоймаға берілетін шихта материалдары құрамының ұзындығы қақпалардың жабылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

247. Ғимараттың ішінде орналасқан эстакадалар құрамның жақындағаны туралы хабарлау үшін автоматты түрде әрекет ететін жарықты және дыбыстық белгімен жабдықталады.

248. Бункерлердегі материалдың деңгейі бақыланады. Бункерлерді рұқсат етілетін шекке дейін толтыруға қажетті сигналды құрылғылармен жарақтандыру жобалық құжаттамамен анықталады.

249. Бункер қақпақшасының құрылғылары жабық тұрған жағдайда материалдардың түсіп кету қаупіне жол бермейді. Қақпақшаларда «Ашық»-«Жабық» орналасқан көрсеткіштері болады.

250. Тозаңдайтын материалдарға арналған бункерлердің қабылдау алаңдары шаңды басатын құралдармен жарақтандырылады. Тозаңдайтын материалдарды тиеу кезінде егер технологиялық процесте рұқсат берілсе ылғалдандыру мүмкіндігі болады.

251. Бункерде материалдардың кептеліп қалуын қалпына келтіру үшін құралдар (электрдірілдер, пневматикалық құралдар) немесе қысылған ауа пайдаланылады.

252. Бункерлерде кептеліп қалған материалдарды қолмен көсеу люктар немесе торлар арқылы жүзеге асырылады.

253. Толық тексеру және жөндеу алдында қабылдау құрылғылары және бункерлер материалдардан тазартылады және желдетіледі.

254. Бункердің түбін жөндеу және футеровкасын (қаптамасын) ауыстыру үшін, түбіндегі еңіс қабырғаларында жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдар қолданылады.

255. Бункер түбіндегі шығару саңылаулары мен түсіру жарықтары жөндеу жұмыстары және футеровкасын ауыстыру кезінде жабылады.

256. Шығару саңылаулары барлық жағдайларда қоректендіргіштермен жабдықталса, соңғы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде бункерді іске қосуға болмайды.

257. Бункерлердегі теміржолдарды тазалау кезінде жұмыс өндірісі орындарында тоқтату белгілері және тежегішті қосарланған тіректер орнатылады.

258. Вагонаударғыш және грейферлік жүккөтергіш механизм операторларының кабинасы жылыту және желдеткіш жүйелерімен жабдықталады.

259. Қоректендіргіш және мөлшерлеуіш құрылғылары жеткізілетін материалдардың ағып кетуіне жол бермейді.

260. Қоймалар мен шұңқырлар барлық жағынан қоршалады. Шихта материалдарын жеткізу үшін думпкарларды қолдану кезінде және қоймалар мен шұңқырлардың қоршаулары болмаған жағдайда, теміржол жағынан жұмысшылардың құлап кетуіне жол бермейтін шаралар қарастырылады.

261. Бункер үстіндегі теміржолдар төсемелермен жабдықталады.

262. Ауысым сайын мыналар тексеруге жатады:

1) бункерлі эстакададағы жұмыс орындарының жағдайы;

2) бункерлердің жұмысқа жарамдылығы және онда бөгде заттардың болмауы;

3) теміржол жолдарының жұмысқа жарамдылығы және тазалығы.

7. Технологиялық көлікті пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
263. Конвейерлердің жұмысы кезінде және қозғалмалы бөліктердің қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізуге, конвейердің лентасын тартуға және тегістеуге және кандай да бір бөлігін колмен тазарту бойынша жұмыстарды орындауға жол берілмейді.

264. Ұнтақ тәрізді тозаңдайтын материалдарды, бу және газ шығаратын материалдарды, немесе жоғары температурадағы материалдарды тасымалдайтын конвейерлер материалдың және конвейер құрылымының физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты тозаңбасқыш, желдеткіш немесе аспирациялау және жылулық сақтау жүйелерімен жабдықталады. Ылғалды заттарды тасымалдайтын конвейерлер олардың шашырауы мүмкін орындарда қаптамалармен (қақпалармен) жабылады.

265. Адамдардың үнемі өтетін және көлік құралдары жүретін орындарда тасжол астынан конвейерден түсетін материалдар мен бұйымдарды ұстап қалатын тұтас қорғаныс қоршаулары орнатылады.

266. Иілім бұрышы 6ºС және одан артық болғанда иілмелі галереяда орналасқан конвейердің жұмыс тарауы өткел жағынан қоршаулармен жабдықталады.

267. Конвейерлердің барлық айналмалы бөліктеріне қоршаулар орнатылады.

268. Керілмелі құрылғылардың жүгі қоршалады. Конвейердің жұмысы кезінде қоршалған аймаққа кіруге болмайды.

269. Керілмелі құрылғылардың барабанын және жетек механимздерін қоршау үшін қоршауларды түсірген кезде конвейердің іске қосылуына жол бермейтін бұғаулау қарастырылады.

270. Иілім бұрышы 6ºС және одан артық болатын лентаның кері жүрісін алдын алу үшін конвейер лентасының жетегі автоматты тежегіш құрылғылармен жарақтандырылады.

271. Конвейер иілімінің бұрышы 10оС артық болған жағдайда ленталы конвейерлер үзілуі кезінде лентаны ұстап калатын лентаның жүк тарауының құрылғыларымен (ұстағыштарымен) жабдықталады.

272. Таспалы конвейерлер қауіпсіздік құралдарымен жарақтандырылады:

1) атанақтар мен роликті тіректердің шетінен лентаның шығып кетуін алдын алатын орталықтандырылған құрылғылармен;

2) таспаның үзіліп немесе оның тұрып қалуы кезінде конвейердің жетегін өшіретін құрылғылармен;

3) өткел жағынан оның ұзынын бойлай апатты жағдайларда кез келген жерден конвейерді тоқтатуға мүмкіндік беретін құрылғылармен, одан басқа конвейердің басқы және соңғы бөліктеріндегі апатты (кнопкамен) түймемен;

4) басқару органдарының орналасуымен, қауіпсіз орында ленталар мен барабандарды жабысқақ материалдардан механикалық тазалайтын құрылғылармен; конвейер жұмыс істеп тұрған кезінде жетекті, қайтару және керілмелі атанақтарды жинауға жол берілмейді;

5) иілу бұрышы 6 ºС және одан артық болатын конвейер лентасының кері жүрісін алдын алу үшін автоматты тежегіш құрылғылармен.

Жетекті және керілмелі құрылғыларды қоршау қажет.

273. Бірнеше конвейерлердің бір уақытта жұмыс істеуі кезінде ретімен тасымалданатын материал басқа техникалық құрылғылармен бірге бір технологиялық желілерден тұрады, олардың электржетектеріне бұғау салынған.

Онда:


1) техникалық құрылғылардың іске қосылуы және тоқтатылуы технологиялық регламентте белгіленген тәртіпте жүргізіледі;

2) технологиялық желі бойынша келетін қандай да бір техникалық құрылғыны кенеттен тоқтатқан жағдайда, басқа құрылғылар автоматты түрде өшіріледі, келесі конвейерлер тасымалданатын материалдар толығымен түсірілгенше жұмысты жалғастырады;

3) конвейердің дистанционды іске қосылуын алдын алатын немесе басқару пультінен техникалық құрылғыға жергілікті бұғаулау салынады;

4) магнитті ұстағыштармен жабдықталған конвейерлер металұстағыштар өшіп тұрған кезінде конвейердің іске қосылуына жол бермейтін бұғаулаумен жабдықталады.

274. Конвейер астынан материалдарды жинау конвейер тоқтатылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Конвейердің іске қосқыш аппаратурасы оның жинау, тексеру және басқа жұмыстары кезінде қосуға жол бермейтін құрылғылармен жарақтандырылады.

275. Конвейер таспасының тұрып қалуы барабандар мен ленталарды тазартқаннан кейін лентаны керілмелі құрылғылармен керу арқылы жойылады. Таспаның тұрып қалуын болдырмау мақсатында канифоль және басқа материалдарды себуге жол берілмейді.

276. Таспаның тұтануын алдын алу үшін өртжарылысқауіпті материалдарды тасымалдайтын магистральды конвейердің жетекті станциялары жетекпен бұғауланған жылу датчиктерімен жабдықталады.

277. Конвейердің қозғалмалы (реверсивті) әрекет ету аймағы барлық ұзындығы мен енін бойлай кауіпсіз биіктікте қоршалады. Егер қоршауларда адамдар өтетін есіктер болса, олар конвейер жетегімен бұғауланады.

278. Қозғалмалы конвейерлер екі жағынан ең жоғары жүрісті соңғы өшіргіштермен және тіреулермен жарақтандырылады.

279. Қозғалмалы тиеу және түсіру құрылғылары (арбашалары) бар конвейер трассаларында тиеу-түсіру құрылғаларының жүрісін шектейтін соңғы сөндіргіштер мен тіреулер орнатылады.

280. Конвейердің қозғалмалы жетегіне немесе конвейердің арбашасына тежегіш құрылғыларды орнатуға жол беріледі.

281. Түсіру арбашалары олардың өздігінен қозғалуына жол бермейтін құрылғылармен жабдықталады.

282. Рельсті жолдардың құрылғылары мен жағдайы және түсіру арбашаларының жүретін дөңгелектері, қозғалмалы конвейерлер және қоректендіргіштер олардың рельстен шығу мүмкіндігіне жол бермейді.

283. Арбашалардың өздігінен түсірілетін дөңгелектері, қозғалмалы конвейерлер және қоректендіргіштер қоршалады. Қоршаулар мен рельстердің арасындағы саңылау дайындаушы зауыттардың берілген мәнінен артпайды.

284. Иілмелі пластинка тәрізді конвейерлердің жетектері тізбектің үзіліп кетуі кезінде механизмнің кері жүрісіне жол бермейтін автоматты тежегіш құрылғылармен жабдықталады.

285. Тізбекті конвейерлердің еңіс учаскелері ол үзіліп кеткен жағдайда тізбекті ұстап қалуға арналған ұстағыштармен жабдықталады.

286. Шнекті конвейерлердің науашалары (науалары) тез шешіліп және қайта орнына қоюға қолайлы болу үшін, тоғандары бар (ілгіштері, сапты) алмалы-салмалы металл қақпақтармен жабылады. Тесіктерді жабатын сұқпажапқыштар қызмет көрсету үшін қауіпсіз және ыңғайлы жерлерде орналасады.

287. Конвейердің жұмысы кезінде науаның қақпағын алуға, үстіне тұруға, қоректендіргіш және түсіру тесіктерін тазалау жұмысын жүргізуге жол берілмейді.

288. Шнекті қаптама қақпақтары (бақылау терезелері мен люктардан басқа) жұмыс істеу кезінде шнектердің айналмалы бөліктеріне қол жеткізбейтін бұғау салумен жабдықталады.

289. Шнек жұмыс істеп тұрғанда тасымалданатын материалдың үлгісін сұрыптау үшін автоматты үлгісұрыптағыштар қарастырылады. Үлгіні қолмен сұрыптауды конвейерді тоқтатқаннан кейін ғана жүргізуге болады.

290. Құрғақ тозаңдайтын өнімдерді тасымалдайтын элеваторлар барлық ұзынын бойлай тығыз қаптамамен жабылады. Тиеу және түсіру орындарын берік жабындылармен жабдықтау қажет.

291. Элеватор қаптамасындағы механизмдердің жұмыс органдарын бақылау үшін тығыз жабылатын қақпақтары бар байқау терезелері (люктар) қарастырылады.

292. Биіктігі бойынша элеватор қаптамалары тербелістің алдын алу үшін жабындылармен бекітіледі.

293. Элеватор тірегінің айналасында керілмелі құрылғымен қызмет көрсету үшін жұмыс алаңдары қарастырылады. Элеватор тірегінің еден деңгейінен төмен жертөленің қабырғасынан элеватордың қаптамасына дейін ара қашықтық үш жағынан жертөледе қауіпсіз іске қосылу және жұмыс істеуі үшін орналасуы кезінде жеткілікті орындалады. Жертөлеге түсу үшін баспалдақтар қарастырылады. Жертөле тұтас люкті жабындылармен немесе қалқандармен қоршалады.

294. Элеватор тізбегінің (лентасы) керілуін реттеуге арналған механизм ыңғайлы биіктікте орналасады.

295. Элеваторлар ожау тәрізді тізбектің кері жүрісіне жол бермейтін тежегіш құрылғылармен, үзілу туралы хабарлайтын сигналды құрылғылармен жабдықталады.

296. Элеваторлар аз дегенде элеватордың басқы және соңғы бөліктерінде апатты сөндіргіштермен жарақтандырылады. Элеваторды қосу бір орыннан жүргізіледі.

297. Шөмішті элеватордың жетегін тоқтату, тиеу құрылғыларын сөндіру мен апатты жағдайларды қоспағанда барлық шөміштерді түсіруден кейін ғана жүргізіледі.

298. Элеватордың жұмыс істеуі кезінде:

1) салмақ түсетін тізбектің (лентаны) керілуін реттеуге;

2) элеваторда қандай да бір жөндеу жұмысын жүргізуге немесе шөмішті жабысқақ материалдан тазалауға болмайды.

299. Еден деңгейінен 2 метр биіктіктен кем емес деңгейде орналасқан тізбекті аспалы конвейердің жетектік және бұрылыс блоктары, блоктарға тізбектің жан жағынан қозғалмай бекітілген қоршаулармен жабдықталады.

300. Тізбекті аспалы конвейердің тіркеу құрылғылары тасымалдау кезінде жеткізілетін жүктің түсу мүмкіндігіне жол бермейді.

301. Монорельсті конвейер тізбегінің үзілуі кезінде электрқозғалтқышты өшіретін бұғаумен және тізбекті ұстап калатын құрылғымен жабдықталады. Монорельстер жүрістің автоматты шектеулерімен жабдықталады.

302. Тозаңдайтын материалдарды тасымалдаудың барлық коммуникация жүйесі герметикадан қарастырылады.

303. Жарылысөртқауіпті заттар мен материалдарды тасымалдау кезінде өндірістік бөлмелерде жарылғыш өртке қарсы орта қалыптаспайды.

304. Пневмокөлік жүйесін пайдалануды енгізу алдында жұмыс қысымының тығыздылығына тексеру жүргізіледі.

305. Ұйымның қарамағындағы имараттарды, теміржол жолдарды, қозғалыс құрамын, байланыс құралдарын және бұғау салуды орнату және пайдалану, сонымен қатар қозғалысты ұйымдастыру және тиеу-түсіру жұмыстары теміржол көлігі саласындағы уәкілетті органмен бекітілген теміржол көлігі саласындағы талаптарға сәйкес орындалады.

306. Барлық типті машина операторларының жұмыс орны арқалықтары бар орындықтармен жабдықталады және жұмыс барысының көрінісін қамтамасыз етеді.

307. Ұйым аумағының құю жолдарында, өткелдерде, өтпелерде, жолға бұру тетіктерінде және оңтайландыру орындарында теміржол көлігі қозғалыс құрамының қозғалу жылдамдығы технологиялық регламентпен белгіленеді.

308. Сұйық қож және металы бар тостаған мен шөміштерді тасымалдау үшін локомотивтер автотізбекпен жабдықталады. Қожды немесе металды құю алдында локомотивтер ағытылады және 15 метрден кем емес ара қашықтықтағы қауіпсіз жерге апарылады.

309. Локомотивтен ажыратылуынсыз қожды қожтасушы құрамнан құйып алу, локомотив пен қожтасушы арасында теміржолды платформа-жабыны бар болғанда жүзеге асырылады.

310. Қожтасушылар электржетегі бар және дистанционды басқарылатын тостағандарды көмкеру (бұру) механизмдерімен жабдықталады. Тостағанның көмкеру механизмі тостағанның өздігінен бұрылуына жол бермейді.

311. Қожтасушы арбашалардың жақтауы, қожды құйып алу алдында қожды арбашаларды рельстерге бекітетін ұстағыштармен жабдықталады.

Автотізбек болған жағдайда ұстағыштар жобалау құжаттамасымен анықталады.

312. Қожды үйінділер мен түйіршікті құрылыстар қожды тостағандардың қыртысын тесу үшін механизмделген құралдармен жарақтандырылады. Осы механизмделген құралдарды басқару пультінен дистанционды түрде жүзеге асырылады.

313. Қожды үйіндінің диспетчерлік қызметімен байланысу үшін телефонды және радиобайланыспен жабдықталады.

314. Қожды құйып алу орнына жақын орналасқан қожды үйінділерде кез келген жүмыстарды жүргізуге жол берілмейді. Қызмет көрсететін қызметкерлер құрамы, қожды тостағаннан құйып алу кезінде технологиялық регламентпен анықталатын қауіпсіз ара қашықтықта тұрады.

Қожды үйіндінің темір жолдарына өртке төзімді шпалдар қолданылады.

Сұйық металды, қожды, колошникті тозаңды, агломератты балқымаларды және басқа материалдарды тасымалдау технологиялық регламенттерге сәйкес белгіленген бағыттар бойынша жүргізіледі.

315. Тозаңқондырғыш құрылғылармен тозаңды тасымалдау осы мақсатта арналған ыдыстармен немесе пневмогидратты көліктерді пайдаланумен жүргізіледі. Шаң-тозаңның шығу және таралу мүмкіндігін болдырмайтын тозаңқондырғыш құрылғылардан шаң-тозаңды шығару тәсілі қарастырылады.

316. Цехтарда тар табанды вагонеткаларды тасымалдау механизмделген.

317. Дистанционды басқарылатын жеткізу арбашалары, арбаша жүрген кезінде іске қосылатын дыбыстық белгілермен, тежегіш құрылғылармен, соңғы сөндірулермен, платформаға көтеруге арналған баспалдақтармен жабдықталады. Металлургиялық нысандар (цех, учаскелер) бойынша сұйық және қатты материалдарды тасымалдайтын арбашалардың дөңгелектері рельстің басына түсетін кедергілерден дөңгелектерді қорғау үшін құралдармен жарақтандырылады.

318. Шалқаятын шанағы бар вагонеткалар, тасымалдау кезінде шанақты бекітетін және бір жағына қарай, қарама қарсы жағына еңкеюде аунап кетуін алдын алатын құралдармен жарақтандырылады.

319. Автомобиль көлігін пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген жол қозғалысы ережелерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

320. Механизмделген арбашалармен тасымалданатын жүктер технологиялық регламентке сәйкес жүк платформасына бекітіледі. Элекрокар немесе электртиегіш платформасында адамдарды тасымалдауға болмайды.

321. Аккумуляторларды қуаттандыру электр энергетикасы саласындағы талаптарға сай келетін үй-жайларда жүргізіледі.

322. Жарылысөртқауіпті бөлмелерінде жарылысөртқауіпті емес болып орындалға мехнизмделген арбашаларды қолдануға болмайды.

323. Ағынды-тартқыш желдеткішпен жабдықталмаған бөлмелерде, ішкі тұтану қозғалтқыштары бар көліктік құралдарды, бейтараптағыштармен жабдықталмаған пайдаланым газдарды қолдануға жол берілмейді.

324. Газдалған немесе тозаңданған жағдайларда жұмыс істеп тұрған жүккөтергіш механизмдердің кабиналары герметикаланады және таза ауамен қамтамасыз етіледі.

Ашық алаңдарда сыртқы ауаның кері температурасында жұмыс істеп тұрған жүккөтергіш механизмдердің кабинасы дайындаушы зауыттың жылыту құрылғыларымен жабдықталады.

Ыстық атмосферада жүккөтергіш механизмдер кабинасы желдеткіштермен жабдықталады.

325. Технологиялық ыдыстарды, жалпы мақсатта қолданылатын көліктік конвейерлерді пайдалану технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Технологиялық ыдыстарды әкті сүтпен немесе басқа материалдармен бүрку механикаландырылған немесе қолмен жүргізіледі.

Ыдыстарды материалдармен толтыру алдында тексеру қажет.

326. Барлық өлшемдерінде бастапқы мөлшері 10 % артпайтын тозған шөміштердің шетмойындарын пайдалануға жол берілмейді. Шөміш шетмойындары жылына бір реттен кем емес бақылау әдісімен тексеріледі. Тексеру нәтижесі актімен ресімделеді.

327. Контейнерлерде материалдарды еріту технологиялық регламентке сәйкес камераларда немесе құрылғыларда жүргізіледі.

328. Кранды типті үйгіш машинаның арбашасы екі соңғы сөндіргіштермен жарақтандырылады немесе жүккөтергіш механизмдер үйгіш машинаның колонналар ғимаратына 0,5 метрден артық жақындау мүмкіндігін болдырмайтын басқа құрылғылармен жабдықталады.

329. Үйгіш машинаның кабинасы жылумен оқшауланған, металл мен және қождың шашылу мүмкіндігінен операторды қорғайды.

330. Еденүсті типті үйгіш машинаның электрқозғалтқышын қоректендіруге арналған троллейлер машинаның ішкі жақтауында қол жетпейтін жерде орналасады; машина жақтауының қол жетімді жерінде орналасқан жағдайда, троллейлер машинаның ішкі жағынан тормен қоршалады.


331. Троллейлерде жөндеу жұмыстарының өндірісі кезінде немесе олардан қауіпті жақындықта тұрғанда, троллейлердегі кернеу, сөндіру құрылғылары алынады және «Қосуға болмайды-адамдар жұмыс істеп жатыр» ескерту сөздері ілінеді.

332. Еденүстілік үйгіш машиналардың токқабылдағыштарын жөндеуде жұмыс учаскесінің үстіндегі жүккөтергіш механизмдерді қозғалтуға жол берілмейді.

Жүріс алаңдарында ұстап тұратын тіректер болмаған жағдайда, жөндеу жұмыстары қанаттармен қоршалған орманда немесе аспалы алаңдарда жүргізіледі.

333. Сұйық шойыны бар шөмішті жеткізу үшін, шихта материалдарын жеткізуге арналған теміржолдарының қиылысу орны автоматты немесе жартылай автоматты жарықты белгімен жабдықталады.

334. Жұмыс алаңының астындағы қожы бар шөміштерді жинау механизмделген. Құрылғы блоктарының көтергіштерін осы мақсатта қолданған жағдайда, олардың арқанды жолдан секіру мүмкіндігі болмайды.

Көтергішті басқару пульті шөміштері бар арбашалар қозғалысының көрінісін қамтамасыз ететін қауіпсіз орында орналасады.

Арқанды жолдар мен роликтердің тартқыш құрылғыларын жөндеу кезінде көтергіштің іске қосу құрылғысы токтан ажыратылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет