Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


Византияда медицинаның дамуы (395-1453 ж.ж.)



Pdf көрінісі
бет16/45
Дата02.01.2022
өлшемі1.88 Mb.
#454097
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Фармация тарихы

Византияда медицинаның дамуы (395-1453 ж.ж.) 
Х  ғасыр  бойы  Византия  өркениеті  өзгеше  және  тамаша  мәдениетімен 
танымал  болды.  Ұлы  Рим  Империясының  императоры  Константин  (306-337)  
астананы  Римнен  кішкене  Византия  қаласына  ауыстырды.  330  жылы  жаңа 
астананы  Констанстинополь  деп  атады  (қазіргі  Стамбул).  Елді  Константин 
бақарған кезде астанада 30 сарай мен шіркеулер, ақсүйектерге 4 мыңнан астам 
үйлер,  екі  театр,  цирк,  ипподром,  150  астам  мойша,  8  акведук  (су  құбырлары) 
салынды. 
ІV ғ. аяғында дағдарысқа байланысты Рим империясының Шығыс елдері 
(Грекия,  Балкан,  Сирия,  Кіші  Азия,  Палестина,  Египет)  әлсіреді,  Диоклетиан 
әміршілігінде  (284-305)  Шығыс  елдері  өз  алдына  басқарылды.    Сосын  395 
жылы  Римнен  алаңсыз  бөлінгесін,  Шығыс  Римдік  (Византия)  империясы 
құрылды.   
Римнің  Батыс  елдері  үнемі  соғыстың  салдарынан  және  құлдардың 
тәуелсіздік  алу  қозғалысынан  құлдырады:  476  жылы  соңғы  Ромул  Августул 
патшалығы құлаған соң, мүлдем жойылды. 
Шығыс  Рим  империясы  (астанасы  Константинополь)    экономикалық 
беріктілігі  арқылы  әрі  қарай  дамыды.  Экономикалық  беріктілігінің  көздері: 
провинциялардағы  жоғары  дамыған  қолөнер  өндірісі,  егін  шаруашылығы, 
сыртқы сауда –  Аравия, Қытай, Үндістан, Қара теңіз  жағалауы мен Орта  Азия 
елдерімен  жүргізілді.  Юстиниан  І  (527-565)  патшалығында  Византия 
империясы  өзінің  ең  биік  құдіреттілігіне  жетті.  Византия  империясы  көп 
жылдар  бойы  римдік  дәстүрін  сақтады:  қала  салушылықты  жалғастыру, 
термаларды  салу,  үлкен  баубақшаларды  күту  және  цирк,  театр,  әдебиеттің 
дамуы.  Х  ғасыр  бойы  Византия  мәдениеті  өркендеді.  145  жылы 
Константинополь  қаласын  түріктер  басып  алды,  оны  Осман  империясының 
құрамына қосты. 
Византия  империясында  көптеген  монастырлық  емханалар  болған. 
Алғашқы  шіркеулік  емхана  Василий  Валентин  басшылығымен  Кесария 


 
37 
қаласында  370  жылы  салынды.  Бұл  емхана  кешенінде  әрбір  ауруға  арнайы 
ғимараттар  соғылды,  бөлек  лепрозорийлер    салынды.  Шіркеулік  емханада 
монахтар  оқыды,  олар  кітаптарды  қайта  көшірді,  өздері  де  кітап  жазды. 
Шіркеулерде  эпидемиялар  кезінде  кедей  аурулар,  жолаушылар  емделді,  әл  – 
қуатын  жақсартты.  Византияның  барлық  қалаларында  емханалар  болды, 
олардың жанында дәрігерлік іске оқыту мектептері жұмыс жасаған. 
Александрияның медициналық мектебінен Орибасий, Аэций, Павел және 
т.б.  атақты  дәрігерлер  шықты.  Медициналық мектепте  математика,  геометрия, 
әуен,  астрономиядан  сабақ  берілген,  қосымша  грамматика,  диалектика, 
риторика  пәндері  оқылған.  Мектептерде  «Гиппократ  жинағы»,    Гален 
шығармалары,  «ботаника  атасы»  Феофраст  мен  Диоскоридтің  ботаникадан 
өсімдік  туралы  еңбектері  оқытуға  қолданды.  Медицина  дамуына  үлес  қосқан 
Пергамадан  атақты  дәрігер  Орибасий,  ата  тегі  грек  (325-403  жж.).  Император 
Юлиан  патшалығында  Орибасий  дәрігер  қызметін  атқарды.  Ол  72  томдық 
энциклопедиялық  шығармасын  «Collecta  medicinalia»  («Дәрігерлік  жинағы») 
жазды. Ол шығармасында Гиппократ, Гален, Геродот, Диоскорид, Диокл және 
т.б. атақты тұлғалардың еңбектерін жинақтап мен жүйеге келтірді.  
Әйгілі  дәрігерлердің  бірі  Амидағы  Аэций  (502-572).  Александрияда  оқу 
бітірген,  Юстиниан  сарайында  дәрігер  қызметін  атқарды.  Медициналық 
нұсқаулары 16 кітаптан тұратын «Tetrabiblon» шығармасын жазған.  
Әйгілі замандас Тралл дәрігері Александр (525-605), әкесі дәрігер болған. 
Оның  «Ішкі  аурулар  және  оларды  емдеу  туралы»  12  томдық  еңбегі  орта 
ғасырда  кеңінен  таралды.  Бұл  шығарма  латын,  сирия,  араб,  еврей  тілдеріне 
аударылды.  Бұл  шығармада  өз  тәжірибесінде  қолданған  емдеу  тәсілдерін 
сипаттады.  Көптеген  елдерді  аралады,  Греция,  Италия,  Галия,  Африка 
елдерінде  болған.  Рим  қаласында  архиатр  қызметін  атқарып  жүргенде  қайтыс 
болды.  Римге  оны  папа  Ұлы  Григорий  (590-604)  оба  эпидемиясы  кезінде 
шақырған болатын.  
Эгина  аралында  ұлы  дәрігер  Павел  (625-690)  жұмыс  жасады.  Оның 
қолынан  екі  үлкен  шығарма  шықты.  Оның  кітаптарының  әлемдік  медицинада 
құндылығы  жоғары.  Олардың  ішінде  6  кітап  (кіші  хирургия,  сынық  ілімі, 
буынның  шығуы  және  ампутация  туралы  ілім,  қуыс  хирургиясы,    соғыс  және 
пластикалық  хирургия).  Жаңа  өркендеу  дәуірінде  осы  шығармалар  бойынша 
көптеген  университеттерінде  сабақ  жүргізілді.  Өз  заманында  Павел  қайсар 
хирург атағына ие болған.  
Византиялық дәрігерлер араб, грек, римдік медицинасының жетістіктерін 
әлемге  жеткізді.  Николай  Мирепс  (ХІІІ  ғ.)  жазған  «Opus  medicamentorum» 
дәрітанудан еңбекті Еуропалық медициналық университеттерінде ХVII ғасырға 
дейін оқытуға қолданған. 


 
38 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет